Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет116/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ, 
ҒЫЛЫМДАҒЫ КҮЙІҢ ҚАЛАЙ?
Мемлекеттік тіліміздің өрісін танытатын бір сала сөз 
жоқ – ғылым тіліне барып тіреледі. Ал ғылым тілінің да-
муы мен қалыптасуын терминдік жүйесіз сөз ету мүмкін 
емес. Қазіргі кезеңдегі ғылым тілінің сан түрлі саласы 
ізденістерге сұранып тұр. Өйткені бұлардың сараланбаған, 
қарастырылмаған мəселелері жетерлік.
Бұл жерде назар аударғымыз келіп отырғаны – мемлекет-
тік тіліміз толық мəнінде ғылым тіліне айнала алды ма? 
Немесе қазақ ғылымы қазақ тілін қажет етіп отыр ма? 
Басқаша айтсақ, мемлекеттік тіл ғылымның барлық сала-
сына бірдей қызмет ете алып отыр ма деген мəселелер күн 
тəртібінен түспей келеді. Міне, сондықтан қолына қалам 
ұстаған кез келген адам кейінгі кезде терминді əңгіме етеді. 
Мұны бір жағынан дұрыс десек те, кəсіптік мамандығы 
қанағаттандырғанмен, лингвистикалық түйсігі жетіспей 
жататындықтан өрбітілетін пікірлердің қисынды бола бер-
мейтіні рас.
Бұл мəселе турасында талас пікірлердің əлі біразға 
созылуы мүмкін. Өйткені мемлекеттік тілдің ғылыми 
ізденістердегі рөлін тереңірек зерделейтін тұста Ұлттық 
Ғылым академиясының өзінің тағдыры қандай күйге түскені 
жұртшылыққа мəлім.
Бірді айтып екіншіге кеткендей болсақ та, мұны аттап 
өте алмаймыз. Ғылымға деген ықыласты солғындатқан 
бұл соққыдан соң, əсіресе жастарымыздың ғылымға зауқы 
болыңқырамай қалғанын несін жасырамыз. Көбі күнкөріс 
қамын жасап, базар аралап саудаға кетті. Қалғандары өздері 
қалаған өмірлік кəсібін қиналса да қия алмай, ерлікке саяр 
тірлікпен күн кешуде. Əрбір сала бойынша ғылым кадрлары 
жүйелі түрде тəрбиелене бастаған кешегі кез келмеске кетіп 
барады.


381
Мүйіз сұрап жүріп, құлағынан айрыла жаздаған тоқал 
ешкінің күйін кешкен мемлекеттік тілдің қазіргі сиқы 
сын көтере бермейді. Неге десеңіз мұнымен түбегейлі 
шұғылданып отырған жан шамалы. Үкімет тарапынан мем-
лекеттік тілдің мүддесін ойлап, оның қазақ ғылымындағы 
өрісін кеңейтерлік күш берер жоспар-жоба түзілмей отыр.
Міне, осындай жағдайда ғылым тілі, мемлекеттік тіл атты 
салалардың қазіргі жағдайы туралы пəлендей бір салиқалы 
пікір айта қою қиын. Дегенмен, біздің А. Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институты мемлекеттік тілдің өрісін 
ғылыми тұрғыда негіздеп, байыпты зерттеулер жасап отыр-
ған бірден-бір ғылым ордасы екенін ашық айту керек. Жыл-
дар бойғы ізденістер жайын барлай қарасақ, қазақ тілінің 
ғылым тіліне айналуына жолбасшылық жасап отырған, 
тіліміздің мемлекеттік мəртебесін толық сезіндіретін де 
осы ғылым ордасы. Мемлекеттік тіліміз ғылым тіліне айна-
луы дегенді қысылмай айтатын жеріміз сосын М.О. Əуезов 
атындағы Əдебиет пен өнер институты.
Ал басқа ғылым салаларындағы мемлекеттік тілдің жағ-
дайы күннен-күнге күрделеніп барады. Білім ордаларын-
дағы жағдай бұдан да бетер. Жаппай ағылшын тілі насихат-
тала бастаған тұста мемлекеттік тіліміздің алдағы уақытта 
нендей күй кешерін бір Құдайдан басқаға əзір беймілім.
Мемлекеттік тіл мен ғылым тілінің қалыптаса түсуіне 
тікелей қатысты қазақ терминологиясының мына бір тұс-
тарын қозғай кеткенді мақұл көріп отырмын.
Бұл өзі ғылымның сан саласымен өзектесіп, байланысып 
жататын өте күрделі тарау. Терминге мұқтаж емес бірде-
бірі жоқ. Бəлкім осыдан да болар, кез келген зерттеушінің 
термин туралы пікір қозғап, таласа кететіні. Мұнысы бір 
есептен дұрыс та. Өйткені термин табиғатын, олардың 
мəн-мағынасы мен жасалу жолдарын мамандардан артық 
ешкім біле бермейді. Сондықтан көбінесе олардың пікірімен 
санасып отыруға тура келеді. Дегенмен терминжасам 
мəселесіне келгенде өзімдікі дұрыс деп омырау жетегіне 


еріп кете беретіндер жоқ емес. Жылдар бойғы тəжірибеде 
қалыптасқан тəсілдерді шығармашылық ыңғайда қолдана 
алмайтын мұндай көзқарастардың өмірі ұзаққа бармайты-
ны анық. Яғни бұл тұста термин жасаудың жолдары мен 
принциптері ескеріле бермейтіндіктен көптеген қисынсыз 
сөздер зорлықпен терминдендіріліп жатады.
Ескермеуге болмайтын екінші бір жағдайға да назар 
аударған жөн деп білемін.
Ол – терминолог мамандар мен тілші терминологтар 
арасында өзара байланыстың аздығы. Мұндай байланыс 
əлі күнге өріс ала алмай келеді. Қазақ тілінде барлық сала 
бойынша жасалып жатқан терминдерді жүйелеп, тіліміздің 
заңдылығына орай қалыптастырамыз десек, тіл маманы 
мен басқа ғылым мамандарының арасындағы байланыс-
ты күшейту керек. Көптеген кемшілік осындай тығыз 
творчестволық байланыстың жоқтығынан. Əрбір ғылым 
саласы бойынша жасалған термин сөздер тіліміздің табиғи 
заңдылығына сай келмесе сəтті бола бермейді.
Ендеше əрбір термин тілші мамандар сарабынан өтіп 
отыруы керек.
Осыған орай тағы бір мəселе туындайды. Термин қа-
лыптастыруда Мемлекеттік терминология комитетінің рөлі 
айрықша екені мəлім. Осы жұмыстың құрылымдық жүйе-
сіне аздап өзгерістер енгізу қажет-ау деймін. Қазіргі кезде 
ғылым салалары салаланып, тарам-тарауларға ұласып, кең 
қанат жайып барады. Олардың терминологиялық жүйесін 
жинастырып, реттеп отыру мүлде қиынға соға бастады.
Мұның үстіне Астанаға қоныс аударған Мемтерминком 
бұл салаға септігі тиер тиісті мамандарды қамти алмай отыр. 
Олардың көбі, яғни ғылыми мекемелер мен мамандардың 
70-80 пайызы Алматыда. Ендеше Алматы қаласында Мем-
терминкомның заңдастырылған бөлімін (филиалын) ашқан 
дұрыс бола ма деймін. Ол ғылым салаларындағы қажетті 
мамандарды секция-секцияға бөліп, онда терминдер мен 
терминологиялық сөздіктерді талқылап, саралап, сұрып-


тап барып Мемтеринкомға ұсынып отырса, белгілі бір 
жүйе қалыптасқан болар еді.
Бұрын мұндай тəжірибе болған. Əрине, бұл оңай жұмыс 
емес, уақыт көп кетеді.
Егер қаржыландыру жағы қарастырылар болса, жұмыс-
тың жүретіні даусыз.
Ұйымдастыру жағын А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл 
білімі институты Ғылыми терминологиялық орталық өз 
міндетіне алар еді.
Ғылым тілі мен мемлекеттік тіліміздің еркін тыныстап, 
қалыптаса қанаттана түсуі үшін бұл мəселенің септігі тиер 
деген ойдамыз. Өйткені бұлардың тіні – терминология 
мəселесіне барып тіреледі.


384


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет