Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет34/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

шығаратындардан дегенмен бірге газетшілерден соң қол-
данылып отырады. «Айқап» журналында бұл мағына 
басқармадан деген сөзімен беріледі.
«Айқап» бетінде -шы, -ші жұрнағынан басқа да қосым-
шалардың жаңа сөз жасауда жиі пайдаланылып отырғанын 
көреміз. Олар, негізінен мыналар: -шы (ше), бірнеше мы-
салды келтірсек те жеткілікті. Жер жанарту үшун жазылған 


103
кітабу ағайрионға жақын өкей диқаншылық хақында шыға-
рылған майда-майда кітабшаларды барлығын біріктіріп, 
үлкен һəм тəртібді қылыб жазыб, кем жерлер болса, басқа 
жақдан толықтыруб басылса, қазақ үшун көб қолай болар 
еді («Айқап», 1912, №10, 236-б.). Сол сияқты еркіншілік, 
көшпелілік, мəденилік, бəдуилік, солдатлық, мұғалімдік де-
гендерде анық көрінетіндей, бұл қосымшалар алуан түрлі 
мағыналық реңкте жұмсалған. -Ша жұрнағы кішірейткіш 
мағына беріп тұр, оны аңғарта түсу мақсатымен «Айқап» 
ол жұрнақ жалғанған сөздің алдына майда-майда деген 
анықтауышты қолданған. -Шылық, -шілік қосымшасы əдет-
тегі кəсіпті мамандықты білдірумен қатар (диқаншылық, 
көпшілік) дерексіз абстракті, жинақтық ұғымды да көрсе-
туге бейім дегені байқалады. Сол сияқты -лық, -лік қосым-
шасы қатыстық мағынамен қатар жинақтық, дерексіз ұғым-
ды қоса көрсетуге бейімделген.
«Айқап» тілінде кездесетін өнімді жұрнақтардың бірі – 
есім сөздерден етістік тудыратын -ла, -ле, -да, -де, -та, 
-те қосымшасы. Ол жұрт оқиды, өнерленеді, тірі болады 
(«Айқап», 1912, 113-б.). Бұл сауалға кесуб болады (Сонда. 
1911, №10, 7-б.). Сатуға жұмсарлық жерлер Торғай, Ақмола 
облусларында һəм Тобыл губернасында бес жүз мың де-
сетинелеб есебтеледі (Сонда. 1913, №4-5, 73-б.). Жалпы, 
осы жұрнақтар арқылы жаңа сөз жасау процесі – өте көне 
құбылыс. Көне жазба мұраларымызда қазіргі əдеби тілде 
қолданылмайтын туынды сөздер көптеп ұшырасады: атлат – 
атқа отырғыз (Тоньюкук), елге – (елде) – ел құру, одақ 
құру (Күлтегін), сүле – əскермен жорыққа аттанып соғысу, 
қаганла – хан болу (Күлтегін, Тоньюкук) т.б.
Өнер сөзінен туған етістік кейінгі кездегі баспасөз тіліне 
қабылданбай қалды. Сол тəрізді десятина сөзінің тілге 
енбей қалуымен байланысты десятинелеп етістігі де тұ-
рақты орын ала алмады. Жоспарлап етістігі «Айқап» тілінде 
болжау, топшылау мағынасында қолданылса, кейінгі кез-


104
де ол сөз істелетін істі алдын ала жүйелі түрде жобалау 
мағынасында қалыптасты.
«Айқап» тілінде сөз жасау процесіңде осындай байырғы 
қосымшалармен бірге араб, иран тілдерінен ауысқан фор-
маларды қолдануда жиі кездесіп отырады. Мысалы, Өлең 
айтушы əнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деб көрсетпей, 
есті деб қадірлі етуб көрсетуге тырысыңдар («Айқап», №13, 
294-б.). Қуанушы едік: бізден де Писарев, Белинский, До-
бролюбовтар шығуб, жолдан тайған жазымпаздардың қа-
ламын түзеб тұрады ғой деб (Сонда. 1914, №2, 24-б.). Осы 
аталған бес түрлі кеңес хақында жазылған қарарнаме уезд-
ный начальникнің қолына табсырылды (Сонда. 1912, №2, 
41-б.). Жақын жерде натариус тұрса, оған баруб наториаль-
ный өсиетнама жаздырған артық (Сонда. 1913, №6, 212-б.). 
Осы күнге сахара низам – нəмесі өзгерілуге лайық ба? 
(Сонда. 1913, №10, 222-223-бб.). Қазақ мектеблерінде 
шəкірт балаларға марқұмның ғұмыр нəмəсі оқылыб, халыққа 
қадірі қымбаты қандай екендігі түсіндірілді (Сонда. 1915, 
№2, 17-б.). Кираатхананың жоқдығын жазыбды (Сонда. 
1914, №24, 140-б.).
Осы мысалдардың өзінен-ақ «Айқап» тілінде -паз, -нəме, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет