Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет35/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

-хана тұлғаларының сөз тудырғыштық қызметі біршама кең 
болғандығын байқаймыз. Əнпаз, жағымпаз сөздері қазіргі 
əнші, ақын, жазушы, көркемсөз шебері дегендердің орны-
на қолданылған. Əрине, кейінгі жылдары бұл сөздер осы 
мағынасында жазба əдеби тілде қалыптасып, тұрақты орын 
ала алмады. Жазымпаз деген сөз қазіргі жазба тілде жазу-
шы емес, көп жазушы, жылдам деген ұғымды білдіреді. 
Бірақ -паз қосымшасы қазіргі баспасөз тілінде жаңа сөз 
жасауға мүлдем қатыспайды деуге болмайды. Газет-
журнал беттерінде осы арқылы туған жаңа терминдерде 
қолданылып отырады. Футболдан «А» класының екінші 
тобындағы жеңімпаздардың ақтық ойындары əр тур сайын 
шиеленісе түсуде (СҚ. 1967, 29 қазан). Бұл жерде жеңімпаз 


105
сөзі тек победитель мағынасында емес, сонымен бірге 
оның терминдік мəнін де сақтап тұр. Қарарнəме, өсиет-
нəме, ғұмырнəме сөздеріндегі -нəме тұлғасы түп төркінін-
дегідей жазылған, жазба түрдегі деген мағынаны «Айқап» 
тіліндегі қолданыстада сақтап тұр. Яғни бұл сөздер жазыл-
ған қарар, жазылған өсиет, жазылған заңдар (уложение), 
жазылған өмірбаян деген мағынада қолданылған. Осы 
мəнде бұл қосымшаларды қолдану тəжірибесі қазақтың 
алғашқы мерзімді баспасөз тілінде де болған. Жетісу 
облысының почта бастығы мəлім қылады. Мəлімнəме (ТУГ. 
1876, 27 наурыз). Жария бұйрықнəме, яғни циркуляр дала 
уəлаятын билеп тұрушы (ТУГ. 1888, 1 қаңтар). Түркістан 
генерал-губернаторының бұйрықнəмесі (ТУГ. 1870, 30 қара-
ша). Бірақ бұлай қолдану əрқашан жүйелі түрде сақтала 
бермейді. Циркуляр, яғни жария бұйрыққа (ТУГ. 1888, 19 
ақпан).
«Айқап» тіліндегі – ханə арқылы сөз тудыру процесі 
одан əріректегі жазба тілде, баспасөз беттерінде кездесіп 
отырады. Мысалы, «Дала уəлаятының газетінде» баспаха-
на деген сөз редакция мағынасында қолданылған. Баспа-
ханадағы хат («Дала уəлаятының газеті», 1889, 21 шілде), 
Ақмола облысы газетінің баспаханасына (Сонда. 1890, 5 
қаңтар). «Дала уəлаятының газетінде» кейде редакция сөзіде 
кездеседі. Құрметлу «Дала уəлаятының редакция газетінің» 
мекемесіне мағлұм етіб, көп пайдасына жазамын (Сонда. 
1900, 20 ақпан).
«Айқапта» қолданылған қираатхана – оқу үйі, оқу залы 
мағынасын білдіреді. Өйткені қираат – араб тілінде оқу, 
XX ғасырдың бас кезіңдегі жазба əдебиеттер тілінде бұл 
сөз осы мағынасында қолданылады: мектептерге арналған 
оқу кітаптары мен хрестоматиялар қираат кітабы деп атал-
ды. Ол оқухане, «Айқаптың» өзі түсіндіруі бойынша түркі 
əдебиеттерін оқудың үйірмесі (кружок по изучению тюрк-
ско-татарской литературы). Жазба əдеби тілге «Айқап» қол-
данған науқасхана (больница) енбей, осы үлгімен жасалған 
аурухана сөзі қалыптасты.


106
«Айқап» тілінде жаңа сөз жасаудың басқа түрлерін де 
байқай аламыз. Ол сөзді қосарлап, біріктіріп қолдану не-
месе бір мағынаны білдіру үшін атаулық тіркестер құрау. 
Қай миллəтді қарасақ даһəр біріске ынтымақ қылуб газет-
журналларын көбдігін көреміз («Айқап», 1913, №6, 127-б.). 
Енді бұрынғы замандағы һəм осы күнгі ақылды, ойлы кісілер 
дүния жайынан өздері сынау-тəжірибе етуменен табқан 
халыкға файдалы болиан ойларын, фікірлерін һəм кім білб 
файдалансун күнелту жолын түзесін деб кітаб жазуб май-
данға шығарған (Сонда. 1913, №8,171-б.). Үшінші тілегім 
журналға қоя туруб, русша білімі бар жігіттеріміз хүкімет-
дің жер алу, мектеб, медресе, оқу, оқыту секілді уағайры 
тіршілігімізге керег дінизам-бұйрықдарын қазақша аударыб, 
«Айқапқа» жазуб тұрсалар екен («Айқап», 1913, №6, 125-б.). 
Заң – закон күннен-күнге жанарыб басқаланыб барады (Сон-
да. 1913, №10, 225-б.). Болмаса тағы қандай жол-жоспар 
бар, тасламай ортаға салу керек (Сонда. 1911, №7, 5-б.). 
Дүнияда тұруға бірінші тірек болған промышленность 
қысқасы қай жұртдың баспасөзі болса да, оның шығару-
шысы сол жұртдың ортасында бірдей барлығында бір 
көзменен қараб, жақсылықты бəріне бірдей іздемекші 
һəрелдің заң шаруасына қарай (Сонда. 1914, №1, 8-б.). 
Мал өсіретін адамдарды қызықтыру үшін жер министірі ол 
жерлерді арендаға бергенди тұрақға салмай береді, əрине, 
байлар кедейлерге қарағанда алдарақ жүрсе керек (Сон-
да. 1913, №4, 73-74-бб.). Бұл неше түрлі от кеме, от арба 
жақсыдан іздегеннен табылған (Сонда. 1912, №11, 254-б.). 
Европаның зор қалаларының көшелерінде осы электрик ар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет