164
Қазан төңкерісінен бергі жердегі қазақ əдеби тілінің
даму жолын сүзіп өткенде осындай бір тілдік өсу, өрлеудің
өзгеше сапасын байқаймыз. Жалпы, тіл, тілдің қай-
қайсысында да мүлде жаңадан жасалған сөздер көп бола
бермейді. Жаңа сөз дегенде əдетте белгілі бір сөздердің
белгілі бір мағынасының актуалдығы күшеюін неме-
се қайсыбір мағынасының жаңаруын, сөйтіп қолданыста
арнайы жаңа қызметке көшуін түсініп жүрміз. Осыған
қарағанда, жаңа сөз деген түсінікті абайлап қолдану керек
сияқты. Жаңа сөз дегеннен гөрі, сөздердің қызмет аясының
кеңеюі, мағына жылжымалылығы, жаңаша мəн жүктелуі
деу дұрысырақ па деп ойлаймыз. Міне, осы мағыналық
өзгеріс, жаңа қолданыс дегеніміздің бəрі де өздігінен
болып жататын құбылыс емес.
Бұл тəсілдің өзінің əр алуан атауы, неше қилы түрі бар.
Мəселен, оны халықтық лексиканы терминдендіру деп те,
лексика-семантикалық тəсіл деп те, жалпыға ортақ сөздер-
дің терминдік мəнге көшуі деп те, ұлттық тілдің сөздерін
жаңа сапада қолдану деп те, сөз мағынасын өзгерту деп те
атауға болады. Мəністік тəсіл шеңберіне кіретін ерекшелік,
əрине, бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Оның бұдан
да басқа зерттеушілер байқай алмай жүрген тағы басқа
түрлерінің болуына шəк-күмəн келтірмейміз. Біз айтып
отырған бұл түрлері қазақ тілі фактілері бойынша ғана
анықталғандары.
Қазақ тілінің сөздік құрамында
қоғам, Отан, ошақ, орта,
Достарыңызбен бөлісу: