150
жайында аздаған мəлімет беретінін бұдан бұрын айтқан
болатынбыз.
Ал Қазан төңкерісінен бергі жердегі ұлттық тіліміздің
терминологиялық жүйесінің жасалуы мен қалыптасуында
мəн бермеуге болмайтын кезеңдік белгілер бар. Мəселен,
конфискелеу, колхоздастыру, индустрияландыру, механи-
каландыру, интенсивтендіру, ғарышқа қанат қағу, тың
игеру, қайта құру, жеделдету т.б. қоғамдық іс-əрекет
кезеңдерін еске түсіріп көрелікші. Бұлардың əрқайсысының
тұсында терминологиялық лексикамыз өзгеше екпінмен да-
мып, терминдік жүйе қатары мейлінше толығып отырған.
Яғни əрбір кезең өзіне тəн терминдік жүйе арқылы тілде өз
мөрін қалдырып отырған. Пуризм деп айдар тағылған ағым
тұсындағы ортақшыл, қара айғыр, отарба, шайтан арба,
бей бауырмалдық сияқты
аудармалар, сондай-ақ
-лы мен
-лық қосымшасына ретсіз, жүйесіз құмарлық (50-жылдар),
араб, парсы сөздеріне емексу (20 не 60-70-жылдар) т.т. осы
ойымызға дəлел. Мұның əр алуан мысалы алдыңғы тарау-
ларда əңгіме болды. Біздің ендігі сөз етпегіміз, қазақ тілі
терминологиясының құрылымдық сипаты мен олардың жа-
салу жолдары, амалдары жайлы болмақ.
Қазақ тілінде термин жасау күрделі де қызық проб-
леманың қатарына жатады. Ол
негізінен тіліміздегі сөз-
жасам процесінің аумағына енетін мəселе. Осы сөзжасам
процесінде, оның ішінде терминжасам ісінде мамандардың
тірек ететін негізгі материалы, ең алдымен, ана тілдің өз сөз
байлығы, оның негізгі сөздік құрамы дедік. Қазақ тілінің
сөздік құрамы термин жасауға көптеген дайын материал
беріп келеді. Бұл – сарқылмайтын байлық көзі. Оның тер-
мин жасау мүмкіншілігін біз əлі түгел пайдаланып біте
алғанымыз жоқ. Ол мүмкін де бола бермейді. Термин сөзге
деген сұраныс молайған сайын, жаңа қолданыстар легі пайда
болады. Бұл үздіксіз жүріп жататын құбылыс. Қазақ тілінің
осындай өз ішкі мүмкіндігі терминжасам процесіне пайда-
сы
тиер бір арнаның көзін ашып, көмектесер болса, кірме
151
сөздерді игеру мен қабылдауда назар аудармауға болмай-
тын біраз қиындықтар кезігеді. Ол қиындықтар, əсіресе,
кірме сөздерді термин есебінде қабылдау кезеңінде, олардың
мағыналық өрісін ашу барысында жиірек байқалады. Баз
біреулер терминжасамды бір тілдің термин сөздерін екінші
тілге аудару немесе тілдегі кез келген сөзді пайдалану деп,
оп-оңай түсіндіргісі келуі де мүмкін. Бұл – жаңсақ пікір.
Шындығында, бұл шығармашылық ізденісті талап ететін
мейлінше күрделі мəселе. Терминжасам сəтінде түпнұсқа
терминдердің мағыналық мазмұнын терең түсініп, оған
қазақ тілінен əр алуан балама нұсқалар іздеп,
соның ең
дөп түсетін терминдік өзегін аршып танып, таңдап, талғап
пайдалануға тура келеді. Жаңа ұғым, жаңа түсінік арқа-
лаған терминнің дəлдік, нақтылық, біртектілік, қысқалық
сипатын түгелдеп беру, соны
басқа сөзбен ауыстыруға
келмейтіндей күйде қолданысқа ендіру – нағыз маман
ретіндегі біліктілікті қажет ететін қасиет.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында терминдік мəнге
көшкен байырғы сөздердің алуан-алуан түрі молынан
кездеседі. Мысалы,
тап, күрес, еңбек, жарыс, жалау, боп-
Достарыңызбен бөлісу: