Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет77/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

лауазымды адам, «өзіндік қажеттілік», жұмысшы табы
күн тəртібі, еңбек тəртібі, өкілетті өкіл, заттық ақиқат, 
үздіктілік пен үздіксіздік, дамушы елдер, еркіндік жəне 
қажеттілік, үстеме жұмыс, сұраным жəне ұсыным, 
ұлтаралық қатынас, қоғами адамгершілік, өтпелі дəуір, 
сананың соңғылығы, алғышарт сияқты ұлттық тіліміздің 
өз сөз материалынан жəне соның сөзжасам құралдарының 
қатысуы арқылы жасалатын терминдер, екіншіден, қазақ 
жəне кірме сөздер тіркесімі арқылы жасалатын Совет 
Одағы, социалистік жарыс, коммунистік еңбек, пар-
тия мектебі, орталық комитет, əскери коммунизм, 
сенім грамоталары, құрмет грамотасы, басқару аппара-
ты, мемлекеттік герб, мемелекеттік гимн, объективті 
ақиқат, материяның алғашқылығы, перспективалық жо-
спар, қолданбалы психология, сөйлеу интонациясы, атом 
держава, үлгі норма, интернационалдық тəрбие тəрізді 
тіркесім терминдер, үшіншіден, орыс тілі арқылы келген 
интернационалдық сөздер мен советизмдер тіркесімінен 
тұратын мына тектес кірме терминдерде тіліміздің даму 
көзімен қоғамдық беделін күшейте түскен лексикалық 
байлығымызға жатады: коммунистік партия, абсолюттік 
монархия, Министрлер кабинеті, мемлекеттік социа-
лизм, дипломатиялық курьер, дубляж фильм, материалдық 
субстанция, объективтік идеализм, абстракция прин-
ципі, субъективтік интуиция, эмпириокритицизмдік фи-
лософия т.б.


230
Таза қазақ тілінің немесе таза орыс жəне сол арқылы 
шетел тілдерінің элементтері тіркестірілсін, болмаса таза 
кірме сөздерден құралсын, терминжасамның бұл құры-
лымдық модельдерінде сөзжасам құралдары еркін пайдала-
нылатыны байқалады. Мұнда, əсіресе, грамматикалық амал-
дар молынан кірістіріледі.
Аббревиация немесе қысқарту (сөз, буын не əріп қыс-
қарту) амалдары да терминжасам дағдымызда кеңінен 
қолданылады. Бұл қазақ тілінде ғана емес, өзге туыс тілде-
рінде де тіл дамуының негізінде орыс тілі арқылы пай-
да болған терминжасамдағы жаңалықтың бірінен санала-
ды. Əсіресе, ғылыми-техникалық ұғымдарды таңбалауға, 
білдіруге келгенде мұның мүмкіншілігі шексіз деген 
кейбір пікірлерге
99
қосылуға əбден болады. Мұның бұлай 
болатын себебі, белгілі бір нəрсе туралы ұғымды барын-
ша қысқа əрі үнемді білдіруге бейім тұратындығынан. 
Қазіргі орыстың ғылыми əдебиетін қарап отырсаңыз, сөзді 
үнемдеп пайдаланудың осы тектес əр алуан тəсілдеріне 
орынды əуестікті байқаймыз. Қазақ тілінің терминжасам 
амалдарының қатарына қосылуына себеп болғанда мұның 
осындай сөз үнемдеуші қасиеті деп білеміз. Бұлардың да 
əртүрлі модельдері бар.
1. Толық мағыналы екі не үш сөздің басқы буындарын 
қысқарта біріктіру арқылы жасалған, сондай-ақ бірінші 
компоненттерінің бірінші буыны мен соңғы компоненттің 
толық түрінен құралған терминдер: колхоз, совхоз т.б. Қыс-
қартудың бұл тəсілі онша өнімді сапаға көше алған жоқ.
2. Бірінші сөздің алғашқы буыны мен келесі сөздердің 
басқы əріптерінен қысқарған терминдер: ҚазТАГ, ҚазПИ, 
ҚазМУ т.б.
3. Əр алуан техника атаулары фото-, теле-, радиоаспап-
тары, медицина жəне басқа ғылым салаларында қолда-
99
Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания. 
М.,1977. С.128-131.


231
нылатын құрал-саймандар маркалары мен модельдері: 
АН-24, ГАЗ-24, А-АТ,ТУ-104,ИЛ-62 т.б.
Қазақ тілі лексикасының құрамындағы сөздердің тиісті 
буындары мен қайсыбір компоненттерінің басқы əріптерін 
қысқарту арқылы терминжасау тəсілі ғылым мен техника-
ның өрлеу заманында, əсіресе, активтене түсіп, термин-
жасамның негізгі көзінің біріне айналып барады. Алайда 
бұл арқылы жасалған термин сөздердің бəрі бірдей қазақ 
тілінің нормасына лайықты туып, қолданысқа бірден сіңіп 
кетті десек шындыққа жанаспас еді. 
Өйткені қазақ тілінің нормалану процесінде өзінің заң-
ды орнын таппай, ала-құла жазылып, түрлі нұсқалары 
қосарлана жүрген сөздер əлі көп. Міне, осыларды тіл 
заңдылығы тұрғысынан бір жүйеге келтіріп реттеп, нор-
малы қалыпқа түсіріп отыру терминологтардың міндетіне 
жатады.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамын сүзіп шыққанда 
көзіміз жеткен тағы бір ақиқат – қазақ тілінің бүгінгі бол-
мысына зер салсақ, əдеби тілімізді байытып, сөздік құрамға 
қосылған саяси-əлеуметтік өмірге қатысты қаншама тер-
миндерді сарапқа салуға болады екен. Сонау 30-жылдар-
дан бері қарай жасалып, баспа жүзін көріп келе жатқан 
орысша-қазақша терминологиялық сөздіктердің жалпы саны 
бүгінгі таңда 100-ге тарта болып отырса (əрине, бұлардың 
бəрі бірдей қоғамдық терминдер сөздігі емес екені түсінікті 
болар), соның ішінде, мыңдаған қоғамдық-саяси термин-
дерді мысалға алуға болады. Оның бəрі дерлік соңғы 
70 жыл шамасында пайда болған, тіліміздің даму заң-
дылығына сəйкес жасалған қазынамыз. Бұл терминдердің 
көбі əдеби тіл қауызына өзінің халықаралық нұсқасын 
сақтап кірсе, кейбіреулері қазақ тіліне əртүрлі жолдар-
мен аударылып еніп барып қалыптасты. Мысалы, өзінің 
бастапқы қалпы сақталып, сол күйінде қабылданған мына 
төмендегідей терминдер, қазір қазақтың төл сөзіндей етіп 
сіңдіруге тырысқан кірмелер: коммунизм, социализм, рево-


232


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет