293
бардым. Ал бұл шынында, көптеген ой-пікірдің саралануын
тілейтін өте өзекті проблеманың бірі.
Осыдан көп ұзамай-ақ Алматы санаторийіне келіп
жайғастық. Мұнда бұрынғысы, қазіргісі бар қазақтың бір де-
ген көзі ашық, көңілі сара жайсаңдары жиналатын əдеті, сон-
дай бір сыйлы азамат ағамызбен шүйіркелесіп, аман-есендік
сұрасып, жаңалық атаулының біразын жібергенбіз. Бір
мезет, əлгі кісі «осы сендердің «Ана тілдерің» (газетті айтып
тұр) ылғи бір жаңа атауларды беріп, елдің басын қатырып
барады. Онысы несі, дұрыс емес қой. Тоқтатпайсыңдар
ма? Мұндай əрекеттеріңмен жұртты тілден безіндіресіңдер
ғой, əсіресе əлгі 40% деп жүрген өз қандастарымызды.
Əбден етене боп сіңісіп өзіміздікі боп кеткен сөздерді сол
күйінде қалдырған жөн…» т.б. ойларын топ адамның ішінде,
дəрігерге кезекте тұрғанда бастырмалатып жібергені. Өзі
сыйлас, жасы үлкен аға ойындағысын айтты да тастады.
Жөпелдемде, ат жалы, атан қомында ем-дом кезінде тұрғанда
не айтып үлгересің.
Ал жалпы айтып тұрғаны елдің бəрін алаңдатып отырған
өте күрделі мəселе.
Мұндай пікірдегі адамдар қатары баршылық. Бұларды
түсінуге əбден болады. Тілге, елге, жерге жаны ауырып,
солардың жағдайы қайтсе жақсарар деп жүрген жандар
бұлар. Əйтсе де, бала күнімізде қариялардан естіген «оқу
өтіп кеткен» дейтін сөз осындайда еріксіз ойға оралады.
Неге десеңіз, əлгі ел қадірлейтін ағалардың өмір бойғы алған
тағылым-тəрбиесі, өмірлік тəрбиесі қазақ тілінің əлемдегі
ұлы тілдер қатарын толықтыратын орасан зор байлығы, жа-
ратылмай жатқан ішкі қуаты бөлек тіл екеніне бейіл қойып
қарауға мұршасы болмаған. Міне, сол дерт сүтпен бірге
сүйекке де сіңе жаздаған кеңестік ілім түсінігі əлі күнге өз
тіліне перзенттік сүйіспенділікпен үңілуге жібермей тұр.
Тəрбиенің өтіп кеткендігі соншама, орайы, жөні, қисыны
дөп келіп тұрған қазақы баламалардың (
құжат, жарғы,
Достарыңызбен бөлісу: