309
Міне, осының салдарынан өзге түгілі, оқымыстыларымыз-
дың өзі зерттеу жұмыстарын қазақша жүргізуді қиынсы-
натын «дəрежеге» жетті. Осыдан келеді де қазақта ғылым
тілі бар ма, жоқ па деген мəселе туындайды.
Баз біреулердің тілге деген «патриоттық сезімі» ерекше
ойнап «бұл қалай, қазақ жазуын сонау Орхон-Енисейден
бастауға талаптанып жүргенде ғылым тілі неге жоқ болсын
бізде» деп өрепкиді, екіншілер, «бұл жерде түсінісіп алатын
жайлар əлі көп» деп дəлел ұсынғысы келеді. Біз осының се-
беп-салдарынан ғылыми түрде дəлелдеп шығу жағындамыз.
Шынында, ғылым тілінің қазіргі жағдайы қалай осы?
Жəне мұны дамытатын, қалыптастыратын не? Міне, осы
сауалдардың жауабын іздеу арқылы біз біраз мəселенің ба-
сын ашуға мүмкіндік алсақ керек.
Сонымен, қазақ тілі ғылым тіліне айналды деп
тұжырымдау үшін, біз ғылым мен білімнің барлық саласы
бойынша талапқа сай қанағаттанарлық жауап табуымыз ке-
рек. Дағды бойынша қоғамтану, жаратылыстану, техниката-
ну деп санамалап қарап, үйірлеп топтап, саралайтын болсақ,
осылардың ортасынан ойып алып қоғамтану саласы бойын-
ша ғана ғылым тілі нышанын əңгіме ете алатын жағдайда
екенбіз. Оның өзінде де ауыз толтырып айтарлықтай мы-
салды тек тіл мен əдебиет саласынан ғана таба аласыз. Ал
заңтану, пəлсапа, педагогика, психология, театр, кинотану,
өнертану, бейнетану т.т., тіпті тарих, этнография, археоло-
гия салаларының өзінде зерттеулеріміз толық қазақ тілінде
жүргізіліп жатыр, ғылым тілінің нышанын білдіретін мы-
надай еңбектер мол деп ауыз толтырып айта қою əзірге
қиын. Тұнып тұрған тундра. Рас, ондаған терминологиялық
сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары бұл жөнінде əрекетсіз
емес екенімізді танытады.
Алайда бұл ғылым тілін қалыптастырды дейтіндей пікір
жүгін көтере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: