340
бинштейин, Сиворцов, Смирновтардың педагогика туралы
еңбектері). Бізде бұрын жасалған пəн тілі болмағандықтан,
түрлі терминдерге тап басқандай қазақша сөз табу көп күшке
тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жəрдемімен
таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан
тілі болып кеткен шет сөздерді қазақшаға аударам деп азап-
тануды тиімді деп таппадым». М.
Жұмабаев еңбегінде
педагогикаға жəрдемші сөздер екіге бөліп қарастырылған.
Бірінші, дене туралы пəндерге анатомия, физиология, ги-
гиена пəндерін жатқызып, атау сөздерін (терминдерін) сол
күйінше аудармай алған да, анықтамасын дəл берген.
Анатомия. Адам құрылысын баяндайды (денеде қандай
мүшелер бар, жаратылысы қандай).
Физиология. Адам денесінде
болатын көріністерді баян-
дайды (қан жүру, демалу сықылды).
Гигиена. Саулықты сақтау пəні.
Гимнастика. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы
туралы пəн.
Екінші, жан туралы пəндерге психология, логика мен эти-
каны жатқызған.
Психология. Адам жанын, жан тұрмысын,
жан көрініс-
терін, жан күштерін, ақыл, қайратын, көңілдің жанын баян-
дайтын пəн.
Логика. Дұрыс ойлау жолдарын көрсететін пəн.
Этика. Құлық туралы пəн деп анықтамасы нақты да
дəлелді берілген. Негізгі еңбек он бес бөлімнен тұрады:
Сөз алды
1. Жинағы.
2. Жетекші сөз.
3. Жалпы педагогика.
4. Дене тəрбиесі.
5. Əсерленуді бөлу.
6. Абай.
7. Суреттеу.
8. Ес.
341
9. Қиял.
10. Ойлау.
11. Тіл.
12. Қайрат.
13. Баланың жалпы жаратылысы.
Ғалым белгілі бір ғылыми ұғымдардың қазақша балама-
сын алғанда оның сол ұғымды дəл беруін, сондай-ақ келе-
шекте сол терминдердің қазақ тілінде алатын тұрақты орны
қандай болмақ деген сияқты мəселелерге көңіл аударғанын
көреміз.
Құлықтылық – нравственность,
сұлулық – прекрас-
ное,
жылулық – температура,
елес – иллюзия т.б.
Достарыңызбен бөлісу: