Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет15/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

№ 1-кесте
сөйлем жүйесі 
сөз жүйесі 
буын жүйесі 
дыбыс жүйесі 
үндестік жүйесі
жуан жіңішке 
езулік еріндік
А. Байтұрсынұлы пайдаланған
бірегей терминдер
№ 2-кесте
Дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі. Бастауыш 
мектепте балаларға тіл таныту үш тарау болып бөлінеді: 
1) дыбыс жүйесі мен түрлері. 2) сөз жүйесі мен түрлері; 
3) сөйлем жүйесі мен түрлері.
Түбіршік тіл, жалғамалы тіл, қопармалы тіл. …Дүние-
дегі жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршік тіл; 
2) жалғамалы тіл. 3) қопармалы тіл.
Сөйлем. Жоғарыдағы жазылған екі сөйлеуден көрінеді – 
бір сөйлеудің ішінде бірнеше сөйлем болатындығы.
Буын. Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады.


43
Жарты дауысты дыбыс. Дағдыландыру: төмендегі сөз-
дердің ішіндегі жарты дауысты дыбыстардың таңбаларын 
айыру.
Сөйлеу. Дағдыландыру: төменде жазылған сөйлеулердің 
əрқайсының ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, бала-
ларды дағдыландыру.
Ымыралы дыбыс. Дағдыландыру: төмендегі сөздердің 
ішіндегі ымыралы дыбыстардың таңбаларын айыру.
Косалқы сөз. Қосалқы сөз дегеніміз – өз алдына мағы-
насы кем, басқа сөздің маңайында тұрғанда ғана мағына 
шығатын сөз.
Демеу. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы 
сөзден сызықшасыз бөлек жазылады. 
Түбіршік тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей 
жұмсалады, мəселен: қытай, жапон тілдері.
Жалғамалы тіл. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау 
қосылып өзгерілетін тіл, түрік-финн (пиын) тілдері.
Қопармалы тіл. Қопармалы тіл сөз түбірімен қопары-
лып, өзгерілетін тіл, мəселен: орыс тілі, араб тілі.
Сызықша.Төмендегі сөздерді буынға бөліңдер, буындар 
арасына сызықша қойыңдар.
Қарып. Төмендегі сөздердің буындарында неше қарыптан 
бар екенін айыру.
Дауысты. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі 
дауысты таңбалардың астын сызып көрсетіңдер.
Дауыссыз. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі 
дауыссыз таңбалардың астын сызып көрсетіңдер.
Жарты дауысты дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі 
жарты дауысты дыбыстардың таңбаларын айырту.
Қатаң дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң 
дыбыстардың таңбаларын айырту. 
Ұяң. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң дыбыстардың таң-
баларының астын сызып көрсетіңдер.


44
Ымыралы дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі ымыралы 
дыбыстардың таңбаларын айырту. 
Ымырасыз дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі ымыра-
сыз дыбыстардың таңбаларын айырту.
Қосымша. Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жал-
ғанатын буындар.
Демеу. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы 
сөзден сызықшасыз бөлек жазылады, ондай демеулер түбір 
сөз бен жалғаудың арасында айтылатын болғанда, түбір 
сөзге сызықшамен жалғанып, жалғаумен бірге жазылады.
Үндестік заңы. Үндестік заңына келмейтін «гер», «дікі», 
«паз» сықылды жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады.
Түбір сөз. Төмендегі түбір сөздерге «м» жұрнағын 
жалғатып, туынды сөз еткізу.
Туынды сөз. Төмендегі сөздерге «ынды» жұрнағын жал-
ғатып, туынды сөз істету.
Зат есім. Осындай нəрсенің өзін атайтын сөздерді зат 
есім дейміз.
Сын есім. Осындай нəрселердің сынын көрсететін сөздер 
сын есім деп аталады.
Сан есім. Міне, осы сияқты неше? қанша? деген сұрауға 
жауап болатын жəне нəрсенің санын көрсететін сөздерді 
сан есім дейміз.
Есімдік. Төмендегі сөздердің ішіндегі есімдік сөздерді 
ажырату.
Етістік. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің 
астын сызып көрсетіңдер.
Үстеу. Осындай сөз үстіне қосылып, сөздің мағынасын 
толықтыратын сөздерді үстеу дейміз.
Демеу сөз. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі де-
меу сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Біз бұл жерде ұлы ұстаздың термин жасам тəжірибесін 
анықтай түсетін кейбір өзіндік үлгілерін ғана көрсеттік. 


45
Осының өзінен-ақ тіл табиғатын терең түсініп, оны қажетіне 
қарап саралап қолдана білетін жанның шеберлігін тануға 
болады.
Əсіресе, байырғы сөздеріміздің бойындағы терминде-
нуге бейім қасиеттерін дəл танып, сарамандықпен жұмсай 
білуде, теңдесі жоқ өнеге жасайды. Көп жылдар бойы таса-
да қалып, тұмшаланып келген бұл үлгіні енді терминжасам 
принципінде еркін қолдануға болады. Қазіргі қазақ тілінің 
терминдену, əдебилену сапасын қалыптастыруда бұл – тап-
тырмайтын үлгі деп білеміз.
Сонымен, біз бұл тарауда термин мəселесінің жалпы 
тіл білімі мен түркология əлеміндегі зерттелу жайын бар-
лай отырып, термин сөздердің не екені, бұл жөнінде Еуро-
па тіл білімпаздары мен түркологтар едəуір еңбек еткені, 
оған қойылар шарттар туралы сөз қозғадық. Ол – қоғам да-
муына орай жасалып, қалыптасатын жəне əдеби тіліміздің 
күретамыры – ғылым тілінің дамуына септік жасайтын ар-
найы лексика. Атап айтсақ, термин баспасөздің, білімнің, 
ғылымның, яғни жазудың пайда болуына байланысты 
қанаттанады екен. Алайда ол өз-өзінен келіп сол баспасөздің, 
ғылымның, білімнің құралына айнала қоймайды. Оның осы 
салаларда еркін өмір сүруі үшін белгілі дəрежеде жасалу, 
қалыптасу, даму сатыларынан өтуі керек.
Осы ретте қазақ тіл білімінің тарихында теңдесі жоқ үлгі 
қалдырған ғажап лингвист, тамаша ақын, көсемсөздің көр-
некті өкілі, керемет мысалшы Ахмет Байтұрсынұлының 
есімін ерекше ілтифатпен атаймыз. Қазақ сөзінің ғылыми 
мəністік қауқарының күшеюі, байырғы лексикамыздың тер-
миндік сипатының кеңеюі алдымен А. Байтұрсынұлының 
қызметіне байланысты. Ол жасаған тіл білімі терминоло-
гиялық лексикасымен əдебиеттану ғылымының терминдері 
күні бүгінге дейін рухани мұқтаждығымызды өтеп отыр. 
Бүгінгі үздіксіз өрістеп отырған терминологиялық процес-


те бұл əлі күнге теңдесі жоқ үлгі болып есептеледі. Əңгіме 
осы үрдістің əлі жеткілікті дəрежеде тұтынылмай отыруын-
да. Бұдан былайғы жердегі мақсат осы А. Байтұрсынұлы-
ның үлгісін жаңа заман талабын ескере отырып, саналы 
түрде тиімді пайдалану болса керек.
Сонда термин дегеніміз – ғылым мен техниканың сан са-
ласында пайда болып, қолданылатын арнайы лексика. Оған 
қойылатын басты талап: дəлдік, қысқалық, жүйелілік, бір 
мағыналылық. Олар құрылымы жағынан, негізінен, тілдік 
жəне тілдік емес болып екіге бөлінеді. Тілдік терминдерге 
түбір, туынды түбір, күрделі, қысқарған тіркесті терминдер 
жатады. Ал тілдік емес деп отырғанымыз – неше алуан таңба, 
белгі, графикалық символдар, математикалық, физикалық, 
химиялық формулалар жəне цифрлар.


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет