Терминологиясы


ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет23/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

ІІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ 
НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ
а) Араб-парсыдан енген терминдік атаулар.
ə) Орыс жəне орыс тілі арқылы енген интернацио-
налдық терминдер. 
б) Алғашқы газет, журналдардағы термин сөздер.
в) Термин қызметіндегі кірме сөздер.
Қазақ тілінің негізгі лексикалық қорын өзге түркі тіл-
дерімен салыстыра қарағанда (солай ету керек те) түбір 
ортақтығы байқалады. Мұндай ортақтық тіпті алтай тіл-
дерімен салыстырып қарағанда да көрінеді. Кейінгі кезде 
көптеген түркологтар осындай пікір өрбіте бастады. Бұл 
жайында белгілі түрколог Ə.Т. Қайдаровтың еңбегінен 
(«Структура односложных корней и основ в казахском языке», 
1986) толық мағлұмат алуға болады. Осы еңбек мазмұнымен 
жəне басқа да зерттеушілердің еңбектерін қарастыра келе, 
түркі тілдерінің негізі бір екеніне, оны дəлелдейтін фактілер 
қай тілде де жетерлік екеніне көзіңіз жетеді. Сөйтіп, түркі 
тілдерінің бəрінің түбірі ортақ тіл
27
, дегенге құлақ асуға 
əбден болады. Айырмасы дыбысталуы жағында, яғни олар 
əрбір тіл ерекшелігіне байланысты фонетикалық пішінге ие 
болған. Бұл ортақ сөздер (түбірлер) кейін терминологиялық 
лексиканың дамуына да негіз болды деп айта аламыз. Мұндай 
қорытындыға қазірдің өзінде ортақ түбір негізінде жасалған 
термин сөздер итермелеп отыр.
Осындай түбір ортақтығы болмаса, бірегей термино-
логиялық лексика жөнінде əңгіме қозғамас та едік. Осының 
негізінде түбі терминологиялық ортақ қор жөнінде мəсе-
ле көтеруге болатын сияқты. Ал қайсыбір сөздер бұл 
тілдерде сол ортақ қалпында терминдік қызмет атқарып 
27
Языки народов СССР. Т. 2; Тюркские языки. М.: Наука, 1966. С.34.


82
келеді. Мысалы: қада (qada) – вбивать, моңғолша осы-
лай (хаdа); аң (ən) – зверь; бұқа (buqa), моңғ. виха – 
бык; жүрек (jіrеk, zиrеk) тəрізді сөздер түркі-моңғол 
тілдерінің көбіне ортақ. Түркі тілдерінің кез келгенін осы-
лайша салғастырып қарар болсақ, ортақ түбірлерді мо-
лынан кездестіреміз. Ендеше, мұндай ортақ түбірлер 
ортақ терминологиялық қор жасауға итермелейтінін көре-
міз. Көптеген тілдердің терминологиялық лексикасын 
қарастырғанда, осындай мүмкіндіктің бар екенін жəне 
олардың күнделікті өмірде осылайша пайдаланылып келе 
жатқанын да байқауға болады.
Түркі тілдерінің сөздік құрамында көне дəуірде енген 
кірме сөздер бар екенін ғалымдар (Н. Баскаков) əңгімелеп 
келеді. Мұны қазақ тілінің фактілері де растайды (Н. Сау-
ранбаев, С. Аманжолов). Санскрит, көне иран жəне қытай 
тілдерінің байырғы замандарда тілімізге еніп, сіңіп кеткен 
сөздерін қазір айырып алу, əрине, оңай емес. Өйткені олар 
барлық жағынан өзгеріп, өзгеше өріс тапқан сөздер. Əсіресе 
санскрит элементтерін қазақ тілінен табу өте қиын. Бұлар 
түркі тілдеріне, негізінен, көне ұйғыр тілі арқылы ерте за-
манда енген тəрізді. Тек сегі – сеru, sеrі (воин, войско) тəрізді 
сөздерді ғана атауға болады. 
Ал көне иран кірме сөздерінің қатарына арна (аrnа) – 
жер суландыру үшін жасалған үлкен канал, кент (kent) – 
қала, бөз (bos) – мақтадан жасалған материал тəрізді т.б. 
бірнеше сөз жатқызылып жүр.
Сондай-ақ, қазіргі қазақ тілінің құрамындағы заң, шай, 
шанақ сөздерінің бір кезде қытай тілінен ауысқанын бұл 
күнде ескере де бермейміз. Бұлар, яғни санскрит, ескі иран 
жəне қытай тілінің элементтері, өте көне дəуірлер жемісі 
болып есептеледі, бір сөзбен айтқанда, бұлар – көне дəуірде 
пайда болған кірме сөздер.
Сөз алмасу процесі мұнымен шектелмеген. XІ–XV ға-
сырлар арасында түркі тілдері төртінші бір арна – араб, 
парсы сөздері ислам дінінің таралуымен бірге алдымен 


83
өзбек, татар тілдеріне тарайды да, содан кейін сол тілдер 
арқылы сатылап қазақ тіліне жетеді.Олардың басым көп-
шілігі діни, ғылыми, қоғамдық-саяси жəне түрлі шаруа-
шылыққа, ұсақ өндіріске, қолөнеріне қатысты термин сөздер 
болып келеді. Сонымен қатар дерексіз ұғымдарды білдіре-
тін сөздер де баршылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет