130
əріптер
46
тағы бар. Мұрыннан айтылатын
ң дыбысының
таңбасы ретінде
н мен
к дыбыстарының қосындысы алынған.
Алайда бұл алфавит қазақ
тіліне қанша икемделгенмен,
кемшіліктен арыла алмады. Ана тіліміздегі дауысты дыбыс-
ты таңбалауда араб алфавитінің олақтығынан қазақ тілінің
дыбыстық жүйесін толық беру мүмкін емес еді. Дауысты
дыбыстардың сөз мағынасын құбылтуда маңызы айрықша
екенін айтпаса да болар. Ал енді араб əліппесіндегі небары
үш-ақ дауысты дыбыс қазақ
тілінің дауыстылары беретін
мағынаны толық бере алмай, көптеген қиыншылықтар
туғызды. Араб жазуы бойынша бір ғана ﻝﻭ деген сөзді
«ұл» деп те, «ол» деп те, «ел» деп те оқуға болады. Оны
үнемі
контекске қарап, бақылап, байқап отырмасаң
жаңылысуың ғажап емес.
Осындай кемшіліктер сол тұстағы газет беттерінде де
сөз болған. Мəселен, «Дала уəлаяты газетінің» бетінде араб
əліппесінен басқа бір алфавит ойлап табу мəселесін көтер-
ген мақалалар кездеседі
47
.
Араб əліппесін бір ғана қазақ елі емес, бүкіл түркі ха-
лықтары пайдаланды. Сондықтан
бұл кемшіліктер осы
халықтардың көбіне ортақ болды. Өйткені бұл жазу бір
ғана орфографиялық заңдылыққа негізделді де, тілдердің
ешқайсысының фонетикалық ерекшеліктері ескерілмеді.
Мұнда олардың сүйенген басты принципі – морфологиялық
принцип еді. Яғни ешқандай қосымшаның түрленуіне қа-
рамай, біркелкі жазып, əр ұлт өкілдері өзінше оқу принципін
үлгі еткен болатын. Мысалы,
кітап-лар, сіз-лер, қыз-лар,
жігіт-лер т.б. сөздердің жазылуына зер салыңыз.
Мұнда
осы сөздерге жалғануға лайықты фонетикалық вариант-
тар
-дар, -дер, -тар, -тер т.б. бола тұра, бəрін бірдей
-лар,
-лер қосымшасымен жазып отыр. Бұдан байқайтынымыз,
46
Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971. 43-б.
47
Достарыңызбен бөлісу: