Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет89/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   124
вертолет (тікұшақ), церемония (рəсім), атмосфера (ахуал), 
договоренность (уағдаластық), оптимальный (оңтайлы) т.т. 
қазақша баламасын ойластыру түгілі «пəледен машайық 
қашыпты» деген сақтық жетегінде жүрдік емес пе?
Бұл мəселе ұзақ жылдар бойы көптің көңілін күпті етіп 
келді де, тəуелсіздік таңы атысымен өзінің бар аумағымен 
күн тəртібіне қайта көтерілді. Терминология мəселесі 
тұңғыш рет докторлық диссертация тақырыбына айна-
лып, оның көптеген көмескі мəселелері ғылыми сарапқа 
түсті. Содан бері қазір бұл сала 4-5 докторлық диссертация 
ауқымында қаралды. Ондаған кандидаттық жұмыстар тер-
минологияның сан-салалы зерттеу объектісіне айналдыру-
да. Сөйтіп, ғылымның қазақ терминологиясы дейтін жаңа 
саласы қалыптаса бастады. Қазақ терминологиясының жаңа 
үрдісі өмірге жолдама алды.
Тілші ғалымдардың жоба есебі бойынша (Ə. Қайдар) қазақ 
тілінде 70 мыңнан аса терминологиялық единица бар. Соның 
70-80 пайызы əлі күнге терминдік сұрыпталудан өткен емес. 
Яғни бұлардың бəрі терминделу процесін бастан кешіруі 
тиіс. Ол мемлекеттік тіл мəртебесі үшін, əсіресе, оның негізгі 
тармақтарының бірі – ғылым тілінің қанат жаюы үшін аса 
қажет шара. Бұл көл-көсір жұмыс. Қазіргі қарастырылып 
жүрген терминдер теңіз астында жатқан алып мұздың аздаған 
үстіңгі жағы ғана. Оның өзі де көңілден шығып жатқан жоқ. 
Бұлай болуының себебі неде? Не істеу керек сонда? Мұның 
бірінші себебі мен мұндалап тұр. Біріншіден, терминоло-
гия мəселесіне мемлекеттік көзқарастың орнықпауынан, 
қажетті қамқорлықтың жоқтығынан. Екіншіден, əлгіндей 
немқұрайлылық салдарынан арнайы дайындықтан өткен 
мамандардың жоқтығы. Үшіншіден, əлі күнге қажетті ма-
мандарды дайындамай отыруымыз.
Егер бұдан ары да маман даярлау ісі дəл осылай созбұйдаға 
салына беретін болса, қазақ тілінің терминологиясын жуық 
арада жөнге саламыз деу асылық. Өзін ел етіп ұстап отырған 


278
мемлекеттің қай-қайсысында да осы іспен шұғылданатын 
арнайы мемлекеттік мекемелері бар. Мəселен, Ресейде 
ғылыми-техникалық терминология комитетінің жұмыс істеп 
келе жатқанына жарты ғасырдан асты. Мына тұрған іргелес 
көршілер Қытай, Моңғолия, Украина, Балтық бойындағы 
тəуелсіз мемлекеттер т.т. бұл шаруаны үнемі назарында 
ұстайды.
Əрине, тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару кез 
келгеннің қолынан келе бермесі мəлім. Ол үшін термино-
логиялық лексика мен ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін 
дөп басып тани білетін кабілетті маман керек, бар маманға 
жағдай керек. Осыдан барып мынадай проблема туындайды
Соның бірі осы күнге дейін халықаралық терминдер жүйесін 
түркі тілдеріне аударудың принциптерінің, ережесінің жа-
салмай келуі, оларды жазу, қабылдау тəртібінің белгіленбеуі. 
Кері кесірін тигізіп жүрген мəселе осы. Сонымен бірге 
термин шаруашылығын ғылыми тұрғыда жүйелеп, оның 
мəселелерін түбегейлі қарастыру қажет екенін мақұлдайтын 
болсақ, бұл жұмысты бір Орталыққа шоғырландыру қажет. 
Жəне бұған мемлекеттік тұрғыдан қамқорлық жасалып 
отырмаса болмайды. Бұл шаруа тек науқандық шараға ғана 
айналып кетсе, ең қиыны сол. Қазақша сөздіктер шығып, 
олар жұртшылық қолына тиіп жатыр. Ал оларды ғылым 
сарабынан өткізіп, қазақтың ғылым тілін қалыптастыруға 
септігі қай дəрежеде дегенді анықтайтын, саралайтын кім? 
Əлгі біз ұсынып отырған Орталық осындай шаруамен ай-
налысуы тиіс. Бірақ мұндай жұмыс ешбір көмек, қолдаусыз 
жүріп кете қоймайды. Тағы да қайталап айтамыз, оған маман 
керек, маманға жұмыс істеткізу үшін жағдайын жасау қажет.
Əрбір бас қосудың нəтижесі болып жатқаны қандай 
жақсы. Мына бүгінгі жиынның да нəтижесі болғай деп тілей 
отырып, жоғарыдағы айтылған ойларымды ұсынысқа ұлас-
тырмақпын.
Қазақ тілінің ғылымдағы орны, ғылым тілін қалыптас-
тырудың кезек күттірмейтін мəселелері туралы ой қозғап 


279
жүргенімізге бірнеше жыл болды. Мұның бəрі мемлекеттік 
тіліміздің мəртебесін орнықтыру амалдары ғой. Осы игі 
мақсатымызға жақында жеткендей болдық. Ұлттық Ғылым 
академиясы мен Ғылыми жəне жоғары білім министрлігі 
дейтін мекеме бар екенін білесіздер. Ғылым тілі осында 
қанат жаймағанда, қайда барып баян таппақ. Мемлекеттік 
тілдің де өріс алар жерінің бірде болса бірегейі осы. Атал-
мыш министрліктің басшысы В.С. Школьник біздің көтерген 
мəселеміздің қаншалықты маңызы барлығын түсініп, қолдау 
көрсетті. Соның нəтижесінде кеше ғана А. Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институтының жанынан бұрынғы бөлім 
негізінде Ғылыми терминологиялық Орталық құрылды. Əу 
баста біз дəріптейтіндей болмағанмен, жылдар бойы қатып, 
қалыңдаған тоңның қабаты жібігендей болып отыр.
Ендігі əңгіме осы орталықтың жұмысын жолға қою 
жөнінде. Ол əлденеше мəселеге тəуелді. Ең алдымен ай-
тарым: негізгі міндет, лажы болса қазақ терминологиясы-
ның дамуы мен қалыптасуға септігі тиер жұмыстарды 
ғылыми тұрғыда зерделеп, оның əрі теориялық, əрі прак-
тикалық мəселелерін қалыптастыру; бұрынғы жəне қазір 
жасалған терминдерді реттеп, жүйеге түсіріп, қалыптанды-
ру; барлық ғылым салалары бойынша ертелі-кеш жарық 
көрген терминологиялық сөздіктерді қамти, саралай оты-
рып, ғылыми жұртшылықтың сұранысына жарарлық тер-
минологиялық сөздік серияларын баспаға дайындау; Қазақ-
стан Республикасындағы терминологиялық жұмыстарды 
үйлестіріп отыру жəне аспирантура, кандидаттық ізденістер 
шеңберін ұлғайту арқылы ұлттық терминология мəселесімен 
шұғылдана алатын сауатты мамандар əзірлеу.
Бұл тіпті де оңай шаруа емес. Ол үшін аталмыш Орта-
лықтың барлық мұқтаждығы қамтамасыз етілуі керек. Ең 
алдымен қаржы жайы алаңдата береді. Біздің министрлік 
қал-қадарынша жəрдем қолын сұраумен, мəселеге түбегейлі 
қамқорлық жасар халде емес.


280
Термин мəселесін қажетсінбейтін мекеме жоқ. Бүгінгі 
мəслихатты өткізуге мұрындық болып отырған ҚР Мəде-
ниет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің де бұл 
мəселеге тікелей қатысы бар. Егер өзара үйлестіре жұмыс 
істейтін болсақ, екі министрліктің де терминологияға байла-
нысты мұқтаждығы өтеліп қана коймай, ғылым тілін өрістете 
түсуге мүмкіндік ашылар еді. Осындай мақсатпен біз 
Тілдерді дамыту департаментіне өтініш қағаз түсіргенімізге 
біраз болды. Департамент бастығы – Ербол Шəймерденов 
ініміз мұқтаждарымызды түсініп, елгезектік танытқанмен, 
нəтиже болмай отыр. Күдер үздірмей отырған уəдесі бар.
Біз, қазір жоғарыда еске салғанымыздай, бірнеше сөздік 
дайындаудамыз. Бітуге таяуы, жалғасып жатқаны бар. Тіпті, 
егер Тіл департаментімен осындай жұмыстар жөнінде шарт-
қа тұруға да бармыз. Ал тапсырыс беретіндей жағдай болса 
оған да барғалы отырмыз.
Əйтеуір, ортақ істі оңашаға тарта бермей, осылайша 
қауымдасып, қолға алатын жерде нəтиже басқаша болары 
даусыз.
Биыл – халық бірлігі мен ұрпақ сабақтастығы жылы. 
Біз елі үшін еселеп еңбек еткен кешегі зиялыларымыз – 
А. Байтұрсынұлы, X. Досмұхамедов, Қ. Жұбановтардың 
ғылымдағы жолын жалғастырушыларымыз. Ұрпақ сабақ-
тастығының бір түрі осы болса керек. Сонау бодандылық 
кездің өзінде ана тілін аялай тұтынып, атамекенін асқақтата 
білген ұстаздардың бүгінгі ұрпақтары тəуелсіздігіміздің бір 
тірегі – мемлекеттік тіліміздің мəртебесін биіктете түспесе, 
төмендетпес деген сеніммен сөзімді түйіндемекпін!


281


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет