282
меген Мұхтар Əуезовті немесе əрбір сөзді маржандай тізіп,
жауһардай қырлаған Ғабит Мүсіреповтің өзін де қазақ сөзінің
құнарынан қанып ішті деп айту қиын. Дегенмен, құдайға
шүкір ізденіс, ұмтылыс еш тоқтаған емес. Ізденген сайын
əрбір қаламгердің қалам табының ерекшелігі байқалып оты-
рады. Тіл мұхитының түпсіздігі, шалқарлығы ізденген сайын
түрлене түседі.
Бүгінгі əңгіме тіліміздің өзгеріс, өріс тізгінін білгірлікпен
ұстап, ұрпағына өлшеусіз зор мұра қалдырған тұлғалар ту-
ралы. Бүгін солардың арасынан тіл ұстарту жағынан бір-
біріне қатты ұқсайтын екі зергерді
ерекше атау қажеттігі
туындап отыр. Олар А. Байтұрсынұлы мен І. Жарылғапов.
Бір қарағанда бұл екеуін қатар əңгімелеудің қисыны жоқтау
сияқты. Алайда қазақ мəдениетіне қосқан үлесін саралай кел-
генде бұлардың рухани үндестігі мен тілғұмырлық бірегей
қасиетіне таңданбай тұра алмайсыз. Бірі он тоғызыншы
ғасырдың аяғында дүниеге келіп, жиырмасыншы ғасырдың
алғашқы жартысында дүниеден өткен, ал екіншісі сол жи-
ырмасыншы ғасырдың түлегі. Соған қарап екеуін де бір
ғасырдың өрені деуге болар. Əйтсе де,
екеуі екі ғасырдың
жүгін арқалағандай іс тындырған.
Салыстыруға келе қоймайтын бұл екі тұлғаны бұлайша
теңдестіріп отыруда мынадай сыр бар еді. Бірі ертелеу, бірі
кейіндеу қазақ тілінің тұнығынан қанып ішіп, ана тілімізге
қалтқысыз қызмет етудің асқан үлгісін көрсеткен ерен
тілғұмырлар, бұлар. Қараңыз, Ахаң көсіліп жатқан кең
дүниеде малша тірлік етіп, жайбарақат
өмір кешіп жатқан
қазағының көзін ашып, көңілін ояту үшін оның өмірдегі
басты құралы – ана тілінің қадір-қасиетін ұқтырып, оның
күнделікті ауызекі сөйлеу құралы ғана емес, сонымен бірге
оның оқу, білім, ғылым, өнердің де қуатты қаруы екенін
дəлелдеді. Қазақ тіршілігінде бұрын-соңды сирек кездесетін,
тіпті болмаған «Тіл – құрал» оқулықтарын түзіп,
қараңғы
қазағын сауаттылыққа қарай жетеледі. Ол үшін қазақ тілінің
ғылыми өрісі мен өресін айқындайтын сан алуан атау сөздер
283
қатарын түзді. Сол арқылы қазақ тілі мен əдебиетінің, тари-
хы мен өнерінің, жалпы мəдениетіміздің тынысын кеңейтті.
Дамудың даңғыл жолын ашты.
Міне, Ахаңды біз осынысы үшін де қазақ мəдениетінің
Хан тəңіріндей бағалаймыз. Оның ақындығы, аударма-
шылығы, тілғұмырлығы жəне музыка əлемінің талғампазы
ретінде асқан білімдарлығына бас иеміз.
Осы аталған ерекше қасиеттердің көбі Іслəм Жарыл-
ғаповтың да болмыс-бітіміне
тікелей қатысы бар екеніне,
оның тындырған дүниелерімен түбегейлі таныса келе көзіміз
жеткендей болды. Ол жазушы, шебер аудармашы, ақын,
ғалым, білімпаз, терминтанушы т.т.
Қазақ терминологиясы дейтін ілім саласында дəл Ах-
мет Байтұрсынұлындай айрықша орны бар білімпаз деп
Іслəм Жарылғаповты айта аламыз. Өйткені оның басқа
еңбектерін былай қоя тұрып, кезінде жұртшылық сұранысын
қамтамасыз етіп, қолданыс əлемінде
орын-орнына тұра
қалған
аялдама, анықтама, жағажай, балмұздақ, күнделік,
Достарыңызбен бөлісу: