Терминологиясы


қырыққабат, қолөнер, еңлікгүл, баспана, сарышұнақ



Pdf көрінісі
бет92/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

қырыққабат, қолөнер, еңлікгүл, баспана, сарышұнақ, 
төраға тəрізді аталымдар да осы принциппен түзілген. 
Сөздерді біріктіру арқылы жаңа сөз жасау Ахаң көрсеткен 
тəсіл.
Сонымен бірге Ахаң қазақ тіліндегі сөзжасау дағдысында 
жалғау жұрнақтың атқарар рөлі айрықша екенін түйсініп, 
осы негізде де талай сөз туындатқан. Осыны Іслəм да дамы-
та түскен, əдемі жалғастырған. Баспа + гер, дерек + теуіш, 
қаза + нама, жазыл + ым, ұйғар + ым, келіс + ім, тыңдар + 
ман, оқыр + ман, туын + ды, жүгін + гі, ғарыш + кер, дəріс + 
хана, сарап + шы, күнде + лік, мəлімде + ме, мазмұнда + 
ма, басқар + ма, анықта + ма, қайрат + кер, шебер + ха-


286
на т.т. тəрізді сөз үйірлері біздің қазіргі сөз байлығымызға 
қосылған асқан үлгілер.
Сондай-ақ ол қазақ тілінің басқа да мүмкіндіктерін ба-
рынша пайдалануға тырысқан. Тіпті байырғы қарабайыр 
қазақ сөзінің терминдік мəн тілеп тұрған табиғатын дөп 
басып қолданысқа салып отырады. Сөздерді біріне-бірін 
жаңаша тіркестіру арқылы да жасалған термин сөздердің 
қатары да жетерлік. І. Жарылғаповтың аударма ісімен 
түбегейлі айналысуы қазақ тілінің қадір-қасиетін, қуатын 
терең сезінуге жетелеген. Ана тілінің əлі іске жаратылмай 
жатқан түпсіз байлығының көзін аша түсуге итермелеген. 
Аударма арқылы туған тілден балама іздеуде, тіпті калька-
лау тəсілінен де ол ешқандай қиналмайды. Еркін көсіледі. 
Ешқандай балама таппай қиналған тұстың өзінде ол түпнұсқа 
терминдерін қазақыландырудың түрлі жолын табуға тыры-
сып отырады.
Міне, сондықтан да Іслəмтану ілімінің əлі талай жаңа-
лықтарға жол ашары даусыз. Ол жасаған сөз үйірлерін зер-
делей келе біз тіліміздің мүмкіндігінің қаншалықты екеніне 
қанығамыз. Ана тіліміздің, ғылымның сан саласында қыз-
мет етерлік қабілет-қарымы ұшан-теңіз екен дəлелдеуде 
Іслəмнің алдына түсер ағайын көп емес.
Осындай ізденістерге риза болған суреткер Ғабит 
Мүсіреповтің мына сөздеріне қайта бір жүгінген артық 
болмас деп білеміз: «Тіліміздің қорында бар сөздерге 
жаңа мағына беру жолындағы табыстарымызға мен 
Іслəм Жарылғаповтың көрермен, оқырман, аялдама деп 
қосқандарын орынды да орнықты көремін. Мен бұдан жеті-
сегіз жыл бұрын «Қазақ əдебиеті» газетінде «Асқындырып 
алмайық, достар!» деген мақаламды жариялап едім, ол 
мақаламда жоғары төменнен, аға жазушылар мен жас жазу-
шылардан ана тіліне жасалып жүрген жəбірлер жайында бо-
латын. Егер ана тіліміз үлкен талаптарды көтере алмайтын, 
өспеген олақ тіл болса, бұл мақаланы жазбаған болар едім. 
Жоқ, бұл бай тіл! Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, 


287
өгей ұлдары ғана аяққа басады!» Ал «балмұздақ» сөзін 
алғаш естігенде, маңғаз да сабырлы Ғабең сүйсінісін жасыра 
алмай, «бұл аударма ғана емес, ерлік!» деп таңданған екен. 
Шебер аудармашы Іслəм Жарылғапов терминжасам 
тəжірибесімен шұғылданумен бірге осы игі істі ұйымдастыру 
шаруасының да басы-қасында болған. Бұл тұста ол профес-
сор Құдайберген Жұбановтың ізбасарларының бірі сияқты 
көрінеді. Қазақ топырағында қазақ терминологиясының 
ғылыми мəселелерімен тұңғыш айналысқан Құдекең бола-
тын. Ол 1933 жылы алғаш ұйымдастырған терминологиялық 
комиссияның тұңғыш төрағасы еді. Ал 1937 жылдан былай 
қарай жұмысын тоқтатқан осы комиссия ісіне Іслəм 50-жыл-
дардан бастап араласады. Оның ережесін жасап, жұмыстың 
нəтижелі жүргізілуіне қолқабысын тигізеді.
Өткен ғасырдың 30-жылдарының аяғы мен 40-жылдар-
дың алғашқы жартысында бүкіл кеңес елімен бірге қазақ 
халқының да қандай қасірет шеккені тарихтан белгілі. «Бай-
тал түгілі бас қайғы» болған сол бір кезеңде тоқтап қалған бұл 
шаруаның басы-қасында, ескі араб жазуы негізіндегі білімі 
мен жаңа дəуір ілімін де жеткілікті игерген Іслəм Жарылғапов 
сынды білікті азаматтың болуы қазақ терминологиясының 
дұрыс бағытта қалыптасуына игі əсерін тигізбей қойған жоқ. 
І.Жарылғапов термин шаруашылығында барлық ғылым сала-
сы мамандарымен бірге жазушының да, аудармашының да, 
жорналшының да, тіл мамандарының да бірлесе тірлік ету 
керек екендігін бүкіл жан дүниесімен түсінді. Өмір бойы осы 
бағытынан таймады. Ең бастысы, жасалған терминдердің 
ана тілінің ішкі заңдылықтарына сəйкес болуын қадағалады. 
Осыны ұстана отырып, термин жасау ісінде, ең алдымен, Ах-
мет Байтұрсынұлының ана тілі қазынасын сарқа пайдалану 
принципіне берік болды. Сондықтан да Іслəм Жарылғапов 
терминдері байырға қазынамыздай қабылданып, мəдени 
өмірімізге қызмет етіп келеді.
Сонымен бірге, əсіресе термин мəселесімен айналы-
сып жүрген жандардың есіне сала кеткім келіп отырған бір 


288
жайт бар. Əңгіме іслəмтану ілімінің қалыптаса бастағаны 
туралы. 2008 жылы жұртшылық қолына тиген жазушы 
Өтеш Қырғызбаевтың «Сөз зергері Іслəм Жарылғапов» 
дейтін кітабын ерекше атауға болады. Бұл іслəмтану іліміне 
қосылған үлкен үлес болды. Егер ғылым əлеміндегі бұрынғы 
жүйе орнында болғанда бұл еңбекті ғылыми атақ беретін 
Ғылыми кеңеске ұсынуға болар еді.
Бүкіл түркі жұртшылығының бүгінгідей түпнегізге бет 
бұра бастаған жаңа кезеңде Іслəм Жарылғапов тəрізді тіл 
зергерлерінің жанкешті тəжірибелерінің жол нұсқалық 
маңызын зор деп білеміз. Неге десеңіз кешегі бір ғасырлық 
əре-тəрелік түркі халықтарының туыстық тұтастығына 
өлшеусіз нұқсан келтіргені мəлім. Жаңа заман мүмкіндік ту-
дырып тұрған қазіргі кезде сол мүмкіндікті толық пайдалану 
бəрімізге парыз болуға тиіс.
Тəуелсіздікке ие болған Əзірбайжан, Қазақстан, Өзбек-
стан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты бес мемлекеттің 
алғашқы жəне басқа да ес жинаған туыс ағайындар іс-
əрекеттерінде осындай нышан байқалғанымен, əлі жүйелі 
жұмыс жасала қойған жоқ. Рас, Түркия Республикасы өзінің 
бауырлас елдерінің егемендік алғанына бірден қолдау 
көрсеткені белгілі. Бірегей ел, біртұтас ұлт, ортақ тіл тəрізді 
пиғыл-пікірлердің де оқтын-оқтын шығып қалатыны бар. 
Біздің ойымызша, қазір тарихи əділетсіз шаралар бары-
сында бір-бірінен алшақтаңқырап кеткен туыс халықтар 
тілдеріндегі ортақ түбір сөз, ортақ түбір тұлғалар негізінде 
ортақ терминдік атауларды қалыптастыра бастау қажет деп 
білеміз. Салғастыра, саралай қарасақ, бұған толық негіз 
бар. Тіпті түркі тілдеріндегі ғасырлар бойы сақталып кел-
ген өлі түбірлердің сырына үңіліп, олардың əр тілдегі са-
нын шамалауға əрекеттенген əйгілі проф. Ə.Т. Қайдардың 
зерделеуі де бізді осындай ойға жетелейді.
Мұндай ойға, əрине, əзірге үрке қарайтындар бар. Өйткені 
біз əлі əр ұлттың тілдік қорында не бар, не жоқ екенін анық 
айқындап біткеніміз жоқ. Əуелі əрбір туыс тілде жасалып 


жатқан терминологиялық сөздіктерді өзара салыстырып, 
ізденіс жұмысымен айналысу керек. Содан ортақ түбір, 
ортақ атау, ортақ ұғымдарды саралау жұмысы туындайды. 
Ал мұндай істі ортақ зерттеу бағдарламалары арқылы бір-
лесе отырып жүргізуге болады. Солай ету керек те. Біздің 
мына бүгінгі Іслəм Жарылғаповтың 95 жылдығына орай 
өткізіліп отырған бас қосуымыз осындай игі істің баста-
масы болғай деп тілеймін, себебі І. Жарылғапов тəрізді 
сөз шеберлерінің тəжірибесі осынау ниетімізге от береді, 
жылдар бойы басылып келген рухымызды көтереді, еңсе 
тіктетеді.


290


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет