Термодинамика және биология


Тірі организмдердегі зат алмасу процессі



бет2/7
Дата23.04.2022
өлшемі45,71 Kb.
#32036
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Термодинамика және биология СӨЖ

Тірі организмдердегі зат алмасу процессі

Заттар мен энергия алмасу арқылы ағзаның ішкі ортасының (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) тұрақтылығы сақталады.

Ағза заттар мен энергия алмасу арқылы өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Заттар мен энергияның алмасуы 2 процестен тұрады. Біріншісі – пластикалық алмасу (ассимиляция), екіншісі – энергетикалық алмасу (диссимиляция). Алмасудың бұл екі жолы өзара тығыз байланысты, әрі бір-біріне тәуелді, біртұтас процестер.

Пластикалық алмасу. Пластикалық (латынша «plastіke» – құрылысының қайта қалпына келуі) алмасу кезінде тағамдық заттардан ағзаның өзіне тән органикалық қосылыстар түзіледі. Мұндай қосылыстар жасушадағы тіршілігін жойған құрылымдардың орнын басады, жаңа жасушалар пайда болады. Пластикалық алмасу кезінде түзілген органикалық қосылыстар жасушааралық заттардың құрамына да кіреді. Пластикалық алмасуды екінші сөзбен ассимиляция (латынша «asіmіlatіо» – өзі тектес) деп те атайды. Соңғы кезде анаболизм (грекше – «аnavole» – көтерілу, өрлеу) атауы көбірек қолданылады.

Нәруыздардың алмасуы. Адамның дене салмағының 25%-ын нәруыздар құрайды. Нәруыздар көптеген амин қышқылдарынан құралған. Ағзадағы амин қышқылдардың маңызына байланысты алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын деп 2 топқа бөледі. Алмастыруға болатын амин қышқылдар ағзаның өзінде түзіледі. Алмастыруға болмайтын амин қышқылдар ағзаға тағаммен бірге қабылданады. Адам ағзасына қажетті барлық амин қышқылдары бар нәруыздық тағамдарды бағалы нәруыздар деп атайды. Бағалы нәруыздар сүт, жұмыртқа, ет және балық тағамдарының құрамында көптеп кездеседі.

Майдың алмасуы. Адамның дене салмағының 10–20%-ын май құрайды. Майдың құрамында қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Қанықпаған май қышқылдары ағзаға тек тамақпен бірге түседі. Мұндай май қышқылдары өсімдіктен алынатын майлардың құрамында көбірек кездеседі.

Май цитоплазманың, жасуша ядросы, жарғақшасының, витаминдердің және т.б. құрамында болады. Май ыдыраған кезде басқа органикалық заттардан екі есе көп энергия бөлінеді. Ағзада артық май тері астында, іште және т.б. жерлерде қор ретінде жиналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет