Реалды ерітінділер - деп біртекті және әртекті молекулалар (А-А, В-В және А-В) арасындағы байланыс күші бірдей емес компоненттерден құралған (А-В) ерітінділерді айтамыз. Реалды ерітінділер - идеалды ерітінділер заңына, яғни Рауль заңына бағынбайды.
Газдардың ерігіштігінің қысымға тәуелділігі Генри - Дальтон заңымен өрнектеледі: С=kP. Сұйықтағы газдың ерігіштігі оның сұйық үстіндегі қысымына тура пропорционалды. • С - сұйықтықтағы газ ерітіндісінің концентрациясы, k - газдың табиғатына байланысты пропорционалдылық коэффициенті. • Генри - Дальтон заңы тек газдарды идеалды деп санауға болатын төмен қысымда сұйылтылған ерітінділер үшін жарамды
Бейэлектролиттер және электролиттердің сұйытылған ерітінділерінің коллигативті қасиеттері.Коллигативті қасиеттертер арасындағы байланыс.
Бейэлектролиттер мен электролиттердің сұйылтылған ерітінділерінің коллигативті қасиеттері - бұл құрамға тәуелді, бірақ ерітінділердің табиғатына тәуелді емес қасиеттер. • Коллигативті қасиеттерге мыналар жатады: • а) ерітінді үстіндегі қаныққан будың парциалды қысымының төмендеуі; • б) қату температурасының төмендеуі; • в) қайнау температурасының жоғарылауы; • г) осмостық қысым.
Электролиттер ерітінділерінің осмостық қысымы, изотондық және осмостық коэффициенттері. Молекулалық салмақты криометриялық, эбулиометриялық және осмостық өлшеу әдістері.
Осмостық қысым – ерітіндідегі осмосты тоқтату үшін терең ерітіндіге түсірілген қысым.
Вант-Гофф заңы:
P=CM·RT
P- осмос қысымы
CM- мольдік концентрация
R- газ тұрақтысы
Т- температура
Сұйықтықтың жасушамен жанасуының осмостық қысымы жасушаішілік сұйықтықтың осмостық қысымынан үлкен, аз немесе оған тең болуы мүмкін. Соған сәйкес, гипертониялық, гипотоникалық және изотоникалық ерітінділер деп бөлінеді. . Егер жасуша гипертониялық ерітіндімен байланыста болса, су плазмалық мембрана арқылы осмос нәтижесінде жасушадан шығады. Сонымен бірге протопласт (жасушаның тіршілік мазмұны) көлемі азаяды, кішірейеді және ақыр соңында жасуша қабырғасынан артта қалады. Бұл процесс плазмолиз деп аталады. Еріген заттың молярлық массасын криоскопиялық, эбулиоскопиялық және осмотикалық әдістермен анықтау. Коллигативті қасиеттер еріген заттың молярлық концентрациясына теңдеулермен байланысты: • • π=iСRT; ΔTқату =i К mв ΔTқайнау = iЕ mв. Бұл теңдеулер эксперименттік мәліметтер негізінде еріген заттың молярлық массасын есептеуге мүмкіндік береді. • ΔTқату=К mв 1000 ∕ Mв mА • Mв =К mв 1000 ∕ ΔTқату mА • Криоскопиялық әдіс фармацияда жаңа дәрілік заттардың молярлық массасын анықтауда, сондай-ақ изотониялық концентрацияны бағалауда қолданылады. Изотоникалық концентрацияның мәні дәрілік заттардың ΔTқату анықтауға әкеледі. Анықталған Тқату анықталған организмдегі сұйықтықпен сәйкес болу керек. • Осмотикалық әдіс негізінен ЖМҚ молярлық массасын (белоктар, полисахаридтер және т.б.) анықтау үшін қолданылады; бұл үшін белгілі концентрациясы бар ерітіндінің осмостық қысымын өлшеу жеткілікті.
Буферлік жүйелер: анықтамасы, жіктелуі, құрамы.
Буферлі жүйелер деп қышқылдың немесе сілтінің аз мөлшерін қосқанда, сонымен қатар сұйылтқанда, сутек иондарының концентрациясы, яғни рН өз гермейтін ерітінділерді айтады.
Буферлік жүйенің негізгі қасиетінің бірі ортаға қышқылдың, сілтінің қосылуына немесе сұйылуына қарамастан сутектік көрсеткішті тұрақты етіп отыру. Бұл жүйе құрамына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. 1.Әлсіз ыдырайтын қышқыл+осы қышқылдың күшті негізбен түзетін тұзы (H2CO3 + NaHCO3 )- бикарбонатты 2.Әлсіз негіз + осы негіздің күшті қышқылмен түзетін тұзы (NH4OH+NH4Cl)- аммиакты 3.Екі тұздан тұратын (Na2HPO4 + NaH2PO4 )- фосфатты 4.Амфотерлі (H3N+ ― CH(R)― COO- ).
Буферлік ерітінділер рН.Гендерсон-Гассельбах теңдеуі. Буферлік жүйелердің әсер ету аймағы(зонасы).
Буферлік ерітіндінің сутектік көрсеткіші Гендерсон – Гассельбахтың теңдеуі арқылы анықталады. • Бұл теңдеу бойынша әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің ыдырау константалары қолданылады. pH = pKa + lg Cтуз/Cкышк. pH = pKa + lg Vm C 1/ f кышк / Vк C 1/f .Әрбір буферлік жүйеде буферлік сыйымдылық деген болады. Буферлік сыйымдылық 1л буферлік жүйенің сутектік көрсеткішін рН бір бірлікке өзгертуге қажет қышқыл мен негіздің моль санымен анықталады. Буферлік жүйенің адам организмі үшін маңызы зор. Әсіресе адам қанының буферлік жүйесі. Адам организмінің тіршілігі кезінде көптеген қышқылдық қасиеті бар заттар бөлінеді.
Буферлік жүйелердің әсер ету механизмі.(артық Н+, артық ОН-, сұйылту).Буферлік сыйымдылығы.Буферлік жүйелердің практикалық және биологиялық мәні.