Термодинамика пәні және әдісіЖүйелер: тұйық, жабық, ашық Жүйенің ішкі энергиясы. Жұмыс. Жылу. Энталпия



бет3/8
Дата15.12.2023
өлшемі44,53 Kb.
#138466
1   2   3   4   5   6   7   8
Термодинамиканың химиялық реакциялар жүргенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу эффектісі немесе энтальпия өзгерісін зерттейтін бөлімі термохимия деп аталады. Жылу эффектісі заттың стандартты түзілу жылуы арқылы есептеледі.∆H0 түзілу- Заттардың түзіліу жылу дегеніміз жәй заттардан химиялық қосылыстың І моль түзілгенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері1840 ж. Г.И. Гесс ашқан заң соның атымен аталып, термохимияның негізгі заңы болып табылады. Ол заң бойынша егер бастапқы берілген заттардан әр түрлі жолдармен белгілі бір өнімдер алатын болса, онда осы өнімдердің алу жолдарына байланыссыз барлық жолдардың жылу эффектілері бірдей болады. Басқаша айтқанда, химиялық реакцияның жылу эффектісі бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің түрлері мен күйіне байланыста болады да, ол реакцияның жүру жолына тәуелсіз болады.
Гесс заңы тұрақты көлемде жүретін процестерге (онда жылу эффектісі Q=ΔV) және тұрақты қысымда жүретін процестерге (онда жылу эффектісі Q=ΔH) қолданылады. Изобарлық процестер үшін Гесс заңының сұлбасын былай түсіндіруге болад. Осы жылу эффектілері Гесс заңы бойынша мынадай қатынаста болады:ΔН1=ΔН2+ΔН3=ΔН4+ΔН5+ΔН6.

  1. Бейтараптану, еру, гидратациялану жылуларының анықтамалары. Химиялық реакцияның жылу эффектісі.

Бейтараптану жылуы деп бір грам-эквивалент қышқыл мен бір грам-эквивалент негіз әрекеттескендегі бөлінген жылуды айтады. Бейтараптану жылуының тұрақтылығы бейтараптану реакциясына әлсіз қышқылдар мен әлсіз негіздер қатысқанда байқалмайды. Оның себебі әлсіз қышқылдар мен негіздер әрекеттескенде, бейтараптану жылуына иондардың диссоциациялану жылуының әсері болады. Диссоциациялану жылуы эндотермиялық процеске жатады, яғни диссоциациялану кезінде жылу бөлінбейді, керісінше сіңіріледi.
Еру жылуы — заттың бір молі ерігенде бөлінетін не сіңірілетін жылу мөлшері.
Еру жылуы заттың агрегаттық күйіне тәуелді. Газдар, мыс, аммиак, хлорсутек, т.б. ерігенде жылу бөлінеді. Ал қатты заттар ерігенде кристалдық торды бұзу үшін энергия жұмсалып, сырттан жылу сіңіріледі. Кристалдық тордан үзіліп шыққан бөлшектер еріткішпен әрекеттескенде жылу бөлінеді (экзотермиялық процесс). Ерігенде жылу сіңірілсе Еру жылуының мәні теріс, ал бөлінсе оң болады. Еру жылуын калориметрия әдісімен анықтайды.
Кейбір заттардың жануы кезінде көп мөлшерде жылу мөлшері бөлінеді, мысалы көмірдің жануы кезінде. Ал кейбір реакциялар кезінде сырттан жылу сіңіріледі.Бұны химиялық реакциялардың жылу эффектісі деп атайды



  1. Химиялық тепе-теңдік термодинамикасы. Химиялық реакцияның изотерма, изобара және изохора теңдеуі.

Кез келген химиялык реакция екі багытта журеді: тура жане кері. Осы екі барыттын арасындаты катынас реакциянын журу терендігіне байланысты болады. Бір-бірімен эрекеттесуші заттар бар коспада журетін реакция тепе-тендік жагдайынын калыптасуына экеледі, мунданы реакцияга катысушы заттарды концентрациясы езгермейді. Осындай жагдай химиялык тепе-тендік жандайы деп аталады. Тепе-тендік кезінде екі реакция да эрекеттесуші заттардын концентрациясы езгермейтіндей жылдамдыкпен журеді

  1. Фаза.Фазалық айналу және фазалық тепе-теңдік.

Фаза –жүйенің басқа бөлігінен беттік қабат арқылы бөлінген физикалық-химиялық қасиеттері, құрамы бірдей жүйенің біртекті бөлігі.. Гомогенді жүйебіртекті фазадан тұратын жүйе. Гетерогенді жүйебірнеше фазадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет