Термодинамика



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі23,57 Kb.
#116933
1   2   3
Байланысты:
6 апта Термодинамика.

S=k×logW


ТАРИХЫ:
Адамдар ертеден суық пен ыстықтың ара-жігін айырып, температураны дененің жылыну дәрежесін сипаттайды деп есептеген. Жылу жайлы ғылымның дамуы температураны өлшеуге арналған құрал - термометрдің пайда болуымен басталады. Ең алғашқы термометрді 16 ғасырдың соңында Галилей жасады деп есептелінеді.
Термодинамика механикалық жұмыс жасауға дененің ішкі энергиясын пайдаланудың негізгі тәсілдерін зерттейтін эмпирикалық ғылым ретінде пайда болды. Алғашқы бу машиналары 18 ғасырдың екінші жартысында ойлап табылды және өнеркәсіптік төңкерістің негізгі алғышарты болды. Ғалымдар мен инженерлер оның тиімділігін арттыру тәсілдерін іздей бастады, 1924 жылы Сади Карно өзінің "Оттың қозғаушы күші және осы күшті дамытатын машиналар жайлы" шығармасында жылу машиналарының пайдалы әрекет коэффицентінің максималды көрсеткішін анықтады. Термодинамика осы шығарманың жазылуынан бастау алды деп есептеледі.
19 ғасырдың 40-жылдарында Майер мен Джоуль механикалық жұмыс пен жылудың арасындағы байланысты сипаттайтын энергияның сақталуы мен табиғаттағы айналымы заңын сандық түрде анықтады. Осы ғасырдың 50-жылдарында Клазиус пен Кельвин сол кезеңге дейін жинақталған деректерді жүйелеп, энтропия мен абсолют температура ұғымдарын енгізді.
19 ғасырдың соңында феноменологиялық термодинамика ғылымы термодинамикалық потенциалдар тəсілін енгізіп, термодинамикалық тепе-теңдіктің шарттарын, фазалардың тепе-теңдігі мен капиллярлық құбылыстарды зерттеген Гиббстың еңбектерінде дамытылды. 1906 жылы Нернст кейінірек "Термодинамиканың үшінші бастамасы" деп аталып, оның аты қойылған теореманы жариялады.
Термодинамиканың негізгі заңдары нақты түрде көрсетілген алғашқы еңбек 1909 ж. жазылған Каратеодоридің шығармасы еді. 


Жылу сыйымдылық.Термодинамикада денелердің жылулық қасиетін сипаттау үшін жылу сыйымдылық ұғымы енгізіледі. Денеге берілетін немесе денеден алынатын жылу мөлшері: dQ=mcdT
мұндағы m-дененің массасы, c-оның меншікті жылу сыйымдылығыdT-дене температурасының өзгерісі.
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп, 1 кг заттың температурасын 1К-ге қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерінің шамасын айтады:
c=(1/m)(dQ/dT)
Меншікті жылу сыйымдылығы Дж/(кг× К) өлшенеді.
Газдарға қатысты меншікті жылу сыйымдылығы екі түрде болады: тұрақты көлемдегі меншікті жылу сыйымдылығы СV және тұрақты қысым-дағы Cp меншікті жылу сыйымдылығы. Меншікті жылу сыйымдылықтан басқа молярлық жылу сыйымдылық та қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет