Қазіргі медицинадағы ең үлкен жетістіктердің бірі қан қысымын өлшеу әдістерінің ашылуы болды. Манжет ауамен толтырылған сәтте, кеңею арқылы артериядағы қан ағымы тоқтағанша қолды қысады. Түтіктегі қысым артериядағы қан қысымынан төмен болған сәтте, дәрігер артериядағы қанның пульсациясын қайта ести алады, себебі Систола кезіндегі қысым артериядағы максималды қысым болып табылады. Дәрігер түтіктен ауаны шығарған тұста, манжет қан ағымына кедергі жасамайды, сол себепті, қан ағымының дыбысы естілмейді. Бұл диастола кезіндегі қысым және ол жүрек босаңсып, қанмен толған сәттегі жүрек соғуы арасындағы қан ағымын сақтайды.
Медицинадағы изопроцесстің ең көп қолданылатыны ол тонометр болып табылады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, медицинада изопроцесстердің қолданылуы кең ауқымда. Себебі термодинамика физика ғылымдарының негіздерінің құрамында болғандықтан, медицинада да ерекше орын алады. Көптеген изопроцесстер негізінде дайындалған медициналық құралдар, диагностикалық емдеу шаралары осыған дәлел.