Термодинамиканың бірінші заңы



бет4/5
Дата10.12.2023
өлшемі1,57 Mb.
#135889
1   2   3   4   5

Гесс заңы

  • Химиялық реакцияның жылу эффектілерін қарастыратын термодинамиканың тарауын термохимия деп атайды.
  • Ең алғаш термохимияның екі заңы белгілі болды. Біріншісі - Лавуазье және Лаплас заңы (1780): химиялық қосылыстың ыдырау жылуы осы қосылыстың түзілу жылуына абсолюттік шамасы бойынша дәл тең, ал таңбасы жағынан қарама-қарсы болады.
  • Гесс заңын (1840) термодинамиканың 1-заңының химиялық түрі деп айтуға болады:
  • Егер реакцияны бірнеше жолмен жүргізуге болатын болса, онда энтальпияның жалпы өзгерісі (тұрақты қысымдағы реакцияның жылу эффектісі) реакцияның жолына тәуелді емес.
  • Гесс заңы P = const және V = const жағдайындағы процестер үшін дәл орындалады:
  • qv = U; qp = Н.

Гесс заңы

  • C(қ)+O2(г) = CO2 (г) Н1
  • Екінші жол бойынша CO2 екі сатыда алынады; оларды қосып және бірдей мүшелерін қысқартып қажет реакцияны алуға болады:
  • а) C (қ)+1∕ 2O2 (г) = CO (г) Н2
  • ә) CO (г) +1∕ 2O2 ( г) = CO2 (г) Н3
  • Суммарлық реакция: C (қ)+O2 (г) = CO2 (г ) Н1
  • Мұнда Н1, Н2, Н3 - сатыларға сәйкес жылу эффектілері.
  • Гесс заңы бойынша:
  • Н1= Н2 + Н3
  • Гесс заңы орындалу үшін екі жолда да бастапқы заттар (C, O2 ) мен соңғы зат (CO2 ) бірдей күйде болуы шарт. Бірдей күй деген – химиялық құрамы, агрегаттық күйлері мен кристалдық модификациясы, реакция жүру жағдайлары бірдей болуын білдіреді.

Гесс заңының салдарлары

  • 3-салдар: Реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің түзілу жылулары мен бастапқы реагенттердің түзілу жылуларының айырмасына тең.
  • аА + вВ +…... = dД + eE +...
  • H= (d Hтүз. Д + e Hтүз. Е +...) - (aHтүз. А + в Hтүз. В+...)
  • немесе H0298 =ΣνiH0түз. өнім - ΣνjH0түз. Баст (56)
  • . мұндағы νi және νj - реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттер.
  • Жай заттардың түзілу жылуы нөлге тең деп қабылданады.
  • (Түзілу жылуы деген не? Еске түсіріңіз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет