4-салдар: (Жану жылуын еске түсіріңіз). Егер реакцияға қатысушы заттардың жану жылулары белгілі болса, онда реакцияның жылу эффектісін есептеуге болады.
Гесс заңынан шығатын тұжырым бойынша реакцияның жылу эффектісі бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің жану жылуларының айырымына тең:
H0298 =ΣνiH0жану, баст. - ΣνjH0жану, өнім
Жану жылуларын да заттың 1 молі үшін табады (арнаулы калориметрде) және анықтама кестесінде мәндері келтірілген.
Мысалдар
1-мысал: 298 К температурада қысым тұрақты жағдайда төмендегі реакцияның жылу эффектісін есептеңіз:
Fe2O3(қ) + 3CO(г) = 2 Fe(қ) + 3CO2(г)
Шешуі: анықтама кестесінен реакцияға қатысушы заттардың түзілу жылуларын табамыз және (56)- теңдеуді қолданамыз: