22. Температураның химиялық реакция жылдамдығына әсеpi. Аррениус теңдеyi. Активтендіру теориясы Химиялық реакциялардың жылдамдықтары тек концентрацияға емес, сонымен қатар температураға да байланысты. Әдетте температура өскен сайын реакция жылдамдығы артады. Көптеген
гомогендік реакциялар үшін температураның 10° өсуі реакция жылдамдығын 2-4 рет арттырады. Мұны Винт-Гоффтың жуықталған ережесі деп атайды. Реакция жылдамдығын өрнектейтін шамалардың ішінде тек жылдамдық константасы (к) температураға байланысты болады. Ол байланысты-лықты жылдамдықтың температуралық коэффициенті арқылы сипаттайды. Ол температура 10°-қа көтерілгенде, реакция жылдамдығының қаншалықты артатынын көрсетеді.
23. Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды химиялық реакциялар. Ле-Шателье принципі. Қайтымды реакциялар өзара қарама қарсы екі бағытта да (тура,кері) жүретін реакциялар.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болған жағдайда ТЕПЕ-ТЕҢДІК орнайды.
Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы және қысымы өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағыты Ле-Шателье принципімен анықталады.
Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдіккке әсер етуші факторлар:
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың температурасы артқан кезде, тепе - теңдік солға, ал төмендеген кезде, оңға ығысады.
3.Қысым (әрекеттесуші заттар газ болса)
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың қысымы артқан кезде тепе- теңдік аз көлем жаққа, ал төмендеген кезде көп көлем жаққа ығысады.
Мысалға, төмендегі аммиак алу реакциясында 4 моль( 4 көлем) реагент, 2 моль (2 көлем) өнім бар.
Сонда әрекеттесуші заттардың қысымын арттырсақ, тепе - теңдік оңға ығысады. Себебі, өнімде аз көлем.
Және егер реакция эндотермиялық болса, яғни жылу сіңіре жүрсе,
Ле -Шателье принципі барлық факторлар үшін керісінше қолданылады.
Мысалға, экзотермиялық реакцияда концентрация артса тепе-теңдік оңға ығысатын болса, ал эндотермиялық реакцияда керісінше солға ығысады.
Қалған факторлар үшін де дәл солай.