Термохимия реакцияның жылу эффектісін зерттейтін физикалық химияның саласы


Күрделі реакциялар: параллель, кезектес, қосарланған



бет13/15
Дата19.05.2023
өлшемі136,16 Kb.
#95383
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1-13 (копия)

24. Күрделі реакциялар: параллель, кезектес, қосарланған.
Химиялық реакциялардың экзотермиялық реакция, эндотермиялық реакция деген түрлері де бар. Реакцияға қатысатын заттардың агрегаттық күйіне қарай гомогенді (заттардың агрегаттық күйлері бірдей), гетерогенді (заттардың агрегаттық күйлері әр түрлі) реакциялар болады. Гомогенді және гетерогенді реакциялар құрылысына қарай жай және күрделі болуы мүмкін. Егер жүйеде бір ғана қайтымсыз реакция жүретін болса, ондай реакция жай реакция деп аталады. Күрделі реакциялар бірнеше жай реакциялардан тұрады. Күрделі реакцияларға қайтымды, параллель, сатылы, тізбекті және катализатор қатысымен жүретін катализдік реакциялар жатады. 
Тізбекті реакциялар. 

Тізбекті күрделі реакциялар дегеніміз бір стадия нәтижесінде түзілген заттар (яғни, осы стадияның өнімдері) басқа стадия үшін бастапқы
заттар болып табылатын жағыдайда жүретін реакциялар. Тізбекті реакцияны сызба түрінде келесі түрде көрсетуге болады:
А → В → С → ...
Стадиялардың әрқайсысына қатысатын, стадиялар мен заттардың саны әртүрлі болуы мүмкін.
Параллель реакциялар.
Бірдей бастапқы заттар біруақытта әр түрлі реакция өнімдерін түзе алатын, мысалы, екі немесе одан да көп изомерлері бар химиялық реакцияларды параллель деп атайды:
Қосарланған реакциялар.
Қосарланған реакцияларды келесі түрде жүретін күрделі реакциялар деп қарауға болады:
1) А + В ––> С
2) А + D ––> Е,
мұнда реакцияның біреуі өздігінен жүруі мүмкін, ал екіншісі тек біріншісі бар кезде ғана жүреді. Екеуіне де ортақ А заты актор деп аталады, В заты – индуктор, А затымен әрекеттесетін D заты тек бірінші реакция бар кезде – акцептор деп аталады. Мысалы, бензол сулы ерітіндіде сутегі пероксидімен тотықпайды, бірақ Fe(II) тұздарын қосқанда ол фенолға және дифенилге айналады. Реакция механизмі келесі. Бірінші стадияда бос радикалдар пайда болады:
Fe2+ + H2O2 ––>Fe3+ + OH + OH•
Fe2+иондарымен және бензолмен әрекеттесетін:
Fe2+ + OH• ––> Fe3+ + OH
C6H6 + OH• ––> C6H5• + H2O
Сонымен қатар радикалдардың рекомбинациясы пайда болады: C6H5• + OH• ––> C6H5ОН
C6H5• + C6H5• ––>C6H5–C6H5
Яғни, екі реакция да жалпы аралық бос радикал OH• қатысуымен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет