Негізгі
бөлім
25 мин
«Имандылық – ізгілік негізі»
Барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім.
ІV. Қорытынды.
Эпиграф:
" Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат
парыз " Абай
Ауызша журнал Кіріспе бөлім.
Кіріспе бөлім
Мұғалім сөзі: сынып жетекшісі.
Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Имандылық – ізгілік негізі»
деп аталады. Бүгінгі сынып сағатымызға аудандық мешіттің бас
имамы - Нұрлан мырза келіп отыр. Қонағымызды қошеметпен ортаға
шақырайық. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында.
Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін
жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты
міндеті. Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала,
балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың
көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан, мектепте
имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін
сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет -
ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді
деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: