Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген
қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың
не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс
тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну,
қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере
алады.Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жинау,
салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу
және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды
адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар. Яғни, Ислам —
«басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.
Біздің
мойындайтын дініміз - Ислам діні. Ислам сөзінің мағынасы
мойынсыну, бағыну, амандықты бейбітшілікте болу, яғни бір ауыз
сөзбен айтқанда тұтастай бейбіт өмір салтын білдіреді. Ислам-
бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді үйреніп адал
жолмен күн
көруді құлшылық деп санайды, яғни имандылыққа
тәрбиелейді. Дүние жүзін дүр сілкіндіріп желдей есіп тез тараған
Мұхаммед Пайғамбарымыз негізгі қалаған Ислам діні. Ислам дінінің
негіздерін үйрену, оқу, меңгеру, өйткені адамзатқа жаратушысын
танытып шынайы бақытқа жеткізетін дін-Ислам діні. Ислам діні-
дүниежүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол
біздің
заманымыздың 7 ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар
алғашқы қауымдық қатынастардан таптық. Қатынастарға көше
бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге
келді.Тарихи деректерге,әдеби аңыздарға сүйенсек. Ислам діні
Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы-Меккеде шықты.
Ислам
діні әлемдегі ең үлкен ,ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам
дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес. Ислам – мойын ұсыну,
бой ұсыну дегенді білдірсе, мойын ұсыну - яғни қабылдау, бағыну және
айтқанын орындау деген сөз. Кім Аллаға мойын ұсынса, ол мұсылман.
Мұсылмандар Аллаға, Пайғамбарға. Алла кітабына, періштелерге,
өлімнен кейін өмір болатынына сенеді. Ислам діні адамдарды
жағымды,
көркем
мінезділікке,
әдептілікке,
инабаттылыққа,
имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің бес шарты бар: Иман, намаз
оқу, рамазан айында бір ай ораза ұстау, зекет беру, қажыға бару. Ислам
дінін тұтынатын адамдарды мұсылман деп атайды. Мұсылман дінінің
негізін салған Мұхаммед Пайғамбар деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: