Содан бері 25 жыл өте шығыпты.
Біз содан кейін де ғарышқа
бірнеше рет жол салдық. Адам баласының қиялы жетпейтін биіктен
өзі сонша қорғансыз, бірақ адамзатқа сонша қорған Жер-Анаға қазақ
көзімен қарадық. Қазақ көңілі түскен жанға "Биіктен көрін" дейді. 25
жылда ел ретінде ғарышқа самғай алдық па? Биіктен көріне алдық
па? Міне, әңгіме осында. Ұлттың ұлт екенін, елдің ел екенін
танытатын атаулы күндер болады. Соның бірі - осы 2-қазан.
Ғарышқа топырлатып қыран ұшырып жатқан ел емеспіз.
Сондықтан
сенатор Ғани Қасымовтың көтерген бастамасын, яғни 2-қазанды
«Қазакстанның ғарыш күні» деп атауға толық қосыламыз.
Достарыңызбен бөлісу: