Қорқыт ата "жердің кіндігі" деп атаған. Сол сияқты ерте замандарда
талай-талай керуен жолдары өткен киелі өңір. Сондықтан ғарышқа
тұңғыш адамның дәл осы жерден ұшуы тегіннен-тегін емес!"
Расында да кезінде Циолковскийдің
сұқ саусағы дәл осы
жерге бекер шұқшиған жоқ. Әйтпесе Ресей Федерациясының
ұланғайыр кең даласында осындай жер табылмады дейсің бе?
Былайғы жұртқа ішкі сырын аша бермейтін Владимир Путиннің өзі
де 2006 жылы Байкоңыр ғарыш айлағында болғанда "Әлемдік
тарихтың ең бір ұлы кездері - жасанды жер серігінің, тұңғыш
ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы, ашық ғарыш кеңістігіне
шығу тәрізді қайталанбас оқиғалар осы жерден бастау алды" деп
тебіреніп кеткен кезі бар.
Қазіргі уақытта жер жүзінде отызға тарта ғарыш айлағы бар.
Байқоңыр соның бірі және бірегейі! Соңғы он бес жылда Қазақстан
мен Ресей арасында ғарыш айлағы
қызметінің барлық саласын
реттейтін әрі дамытатын отыздан астам келісімшартқа қол қойылды.
2005 жылы Қазақстан Президенті Назарбаев пен Ресей
Федерациясының
Президенті
Владимир
Путин
Астанада
"Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты
дамыту туралы келісімге және "Байқоңыр" кешенінің қызмет етуін
қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты ықпалдастықты одан әрі
дамыту туралы меморандумдарға қол қойды. "Байқоңыр" кешенін
Ресейге жалға беру 2050 жылға дейін ұзартылды. Бірақ
қазақстандықтар бұдан былай қарапайым
жал-ға берушінің рөлін
ойнағысы келмеді. Ол жөнінде сол жылы Қазақстанның Сыртқы
істер министрі болып Қасым-Жомарт Тоқаев та мәлімдеген еді.
Қазіргі кезде жер спутниктерін басқаруға Қазақстанның
ғарыш саласындағы өз азаматтары тартылып отыр. Ғарыштық
байланыс
және навигация, баллистика, бағдарламалау және
телеметрия саласы бойынша ең үздік деген мыңға жуық білікті
маманның
ішінен сен тұр, мен айтайын дерлік 35 адам іріктеліп
алынды. Олар Ресейде оқып-үйрену курсынан өтуде. Қазірдің өзінде
отандық операторлар соңынан от бүркіген зымырандарды басқару
ісіне машықтанып үлгерді. Жер серіктерін ұшырып, оның жұмысын
басқаруға казақтың маңдайы жарқыраған жігіттері сақадай сай отыр.
Бұған қалайша қуанбайсың, қалайша марқаймайсың! Қазақстанның
тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың
қатары толығатын күн де қашық емес.
Қазірде Ресейдің
ғарышкерлер даярлайтын
орталықтарында
Достарыңызбен бөлісу: