БАҚ өкілі: екінші бағыттағы жұмыстар жайлы сөз етсеңіздер?
Тәртіп секторы: Халқымыз өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық
игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мұралар
сабақтастығын сақтауды мақсат тұтқан. Қазақ зиялыларының бірі
Міржақып Дулатов: «Мектептің мақсаты – құрғақ білім үйрету ғана
емес, біліммен бірге тәрбиені қоса беру»,– деп жазады.
1.
Ата-анамыз бен ұстаздарымыздың еңбегін еш етпеуіміз
керек: оқушы ережесін қатаң сақтауымыз керек.
2.
Жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуымыз керек
3.
Қазақ халқының мәдениеттілігін, көрегендігін әлемге паш
етуіміз керек.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің сө-
зінде қаншалықты ұлттық тәрбие, болашақты болжаған
көрегенділік жатыр. Ұлт боламыз десек, тәрбие ана сүтімен
беріліп, ана тілімізбен қалыптасып, тал бесіктен сіңірілуі шарт.
Олай болмаса, қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлы айтқан
дүдамал ұрпақ өсіп шығады. «Біріншіден, бесік жырын айтатын
келіндер азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден,
немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара
жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын
балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын
естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың
көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын...» деген екен батыр атамыз.
БАҚ өкілі: бүгінгі жастардың тәрбиесі туралы не айтасыз?
(әжеміз өз ойын айтады)
Мүлікке жауапты көмекші: 1.
жоғарыдағы айтылғандарға қол жеткізу үшін аянбай еңбек
ету керек.
2.
қоғамдық жұмыстарға белсене араласу керек.
3.
мектеп мүліктеріне жауапкершілікпен қарау керек
БАҚ өкілі: Білім сені бағады деген сөзді оқушыларға қалай
түсіндірер едіңіз? Өз біліміңіздің жемісі туралы айтыңызшы?
(қонақ сөз сөйлейді)