«Терроризм және экстремизм оның зардаптары» Сынып жетекші



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата14.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#114808
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
9-10 сынып ҚМЖ тәрбие сағаты 23-24

Тәрбие сағатының барысы
Барысы
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер 
Ресурстар
 
 
Кіріспе 
10 мин 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі 
бөлім 
25 мин 
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? 
2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? 
Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын. 
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің 
бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты 
ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек 
қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа 
достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта 
өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз 
таза болса,тарихымыз да таза. 
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл 
қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап 
тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан 
Момышұлы. 
Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-
жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгезді
к ашу,ызақорлық 
Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады.Адамгершілік туралы 
Ұлы Абайдың 
«Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? 
Ол қандай қасиеттер? 
1-топқа неден жирену керек?(Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал 
шашпақ) 
2-топқа Неге үйрену керек?(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым) 
Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?» 


Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін 
құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін 
сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. 
Бірінші бұлт.Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. 
Екінші бұлт.рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік 
дегенді қалай түсінесіңдер? 
1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген 
сүйіспеншілік. 
Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар. 
1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас 
жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің? 
2.Сенің жан досың «Киноға барайық»деген болатын,ал сенің уақытың 
болмай жатыр.Не істер едің? 
4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын 
бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей 
қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай 
шешімге келер едің? 
Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің? 
Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт. 
Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа. 
Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек. 
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». 
(Абай) 
Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ 
керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-
залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені 
оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің 
дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-
адам баласының дұшпаны. 
Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық. 
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар. 
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек 
сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер. 
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда 
күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр. 
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс. 
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын. 
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге 
дағдылан. 
7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер 
кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет