Осыған қарап қазақтың аз уақытта ғарыштық кеңістікке
ғаламат құштарлықпен қадам жасауға
ұмтылуда ұлтымызды жаңа
сапалық белеске көтере түскенін еріксіз мойындайсыз. Бүгінгі таңда
өркендеп өсудің жаңа бағыттарын ойластырған елдердің біразы
ғарышқа көз тігіп отырғаны бар. Бұл
ретте біздің де ғарыштық
ғылыми зерттеулерді жетілдіруге бет бұруымыз дұрысақ. Мұның өзі
мемлекетіміздің қандай да болмасын күрделі міндеттерді шеше алуға
қарымы да, қуаты да жетуге айналғанын айқын көрсетпек.
Өкінішке қарай, еліміздің «Каz-Sat» атты тұңғыш жер
серігінің ұшырылуы аса сәтті бола қойған жоқ. Алайда "Жаңаның
бәрі найзаның ұшында"
дегендей, бұл аталмыш саладағы ғалым
мамандарының алдағы зерттеулеріне сабақ болады әрі жігерлерінің
туын еш жықпайды деп үміттенеміз.
Мемлекет басшысы алға қойып
отырған бәсекелестікке
қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін ғылымымыз қарышты
дамуы керек. Ғарыш біле білсек ең күрделі ғылымдардың бірі болып
табылады. Бұл бағытта Үкіметіміздің де
атқарып отырған
жұмыстарын ескергеніміз жөн. Сол азаматтардың көмегімен
шетелдерде оқып білім алып жатқан болашақ кадрларымыздың бар
екендігін ескерсек, бізде алдыңғы күнге деген үмітіміз молая түсетіні
рас.
Достарыңызбен бөлісу: