Теруге: Редактор Д. Ақышев


«Сингапурлық «Темасек» холдингі



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата06.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#8077
1   2   3   4   5   6   7

«Сингапурлық «Темасек» холдингі 

– мемлекетті тиімді басқарудың  

бірегей

  үлгісі». 

 

А.М. Нұрқанова «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Ақмола филиалының  

Жиынтық- экономикалық  бөлімінің  бас маманы-экономисі    

 

Əсіресе  экспортқа  бағдарланған  экономикасы  бар  мемлекет  түрлі  объективті 

себептерге  қарай  кейде  жақсы  басқарушы  ретінде  көріне  бермейді,  ал  мемлекеттік 

компаниялар  əдетте,  тиімділігі  жағынан  жеке  секторларға  жол  беріп  отырады.  Бұл 

жағдайда  барлығына – мемлекет  пен  мемлекеттік  компанияларға,  жеке  сектор  мен 

қоғамға  қолайлы  болатын  нұсқа  іздеу  қажет.  Мəселен,  Сингапурда  мемлекеттік 

компанияларды  корпоративті  басқаруды  жетілдіру  үшін  бірнеше  ондаған  жылдар  бұрын 

«Темасек»  мемлекеттік  холдингі  құрылды.  Ол  Сингапурдың  экономикалық  жəне 

мемлекеттік  дамуында  маңызды  рөл  атқарды  жəне  қазақстандық  «Самұрық-Қазына» 

ұлттық əл-ауқат қоры үшін үлгі ретінде қызмет еткені белгілі.   

 

2003  жылғы  қарашада  Сингапур    Республикасына  ресми  түрдегі  сапардан  кейін  



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  сингапурлық  «Темасек» 

холдингінің жұмыс тəжірибесін зерделеуге тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қазақстанда 

мемлекеттік  холдингтік  компания  құру  жөнінде  нақты  ұсыныстар  енгізуге  тапсырма  берді.   

Мəселені  түбегейлі  қарастырудың  бастапқы  кезеңінде  біздің  мамандар  Сингапурда    осы 

мемлекеттің үкіметінің өкілдерімен жəне холдингтік компанияның басшылығымен кездесті.  

Осылайша, Қазақстанда «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ құрылды.  

Қазақстандық  делегацияның  Сингапурға  сапары  Азия  Даму  Банкінің    бастамасымен 

«шектеулі  базалық  жағдайлары  бар  осы  елге  ғаламшардағы  ең  дамыған  жəне  бəсекеге 

қабілетті ұлтқа трансформациялануға мүмкіндік жасаған  Сингапур үкіметінің экономикалық 

саясатының ерекшеліктерімен танысу мақсатында» ұйымдастырылған болатын.  

Қазақстандық  делегация  əлемдік  инвестициялық  корпорация  деңгейінде  мемлекеттік 

меншік  объектілерін  басқаратын  «Темасек»  мемлекеттік  холдингінде  болды.  Сапар 

барысында    «мемлекеттік  активтерді  бір  құрылымға  біріктірудің  тиімділігі  туралы 

объективті  деректер»  жиналды.  Сингапур  тəжірибесі  Қазақстанда  мемлекеттік  активтерді 

басқару жөнінде холдинг құру бойынша жобаның негізіне алынды.    

Сингапурдың  сауда  жəне  индустрия  министрімен,  сондай-ақ  шағын  жəне  орта 

бизнестің,  кластерлердің,  инновациялық  бағдарламалардың  дамуына,  шетелде  сингапурлық 

компанияның  экспансиясына  жауапты  мамандандырылған  агенттіктердің  басшыларымен 

кездесулер өткізілді.    

 «Темасек»  холдингтік  компаниясы    –  қазіргі  Сингапурдың  аумағында  өмір  сүрген 

ежелгі қаланың атымен аталған Азиядағы ірі инвестициялық компания   –  бұл мемлекеттік 

басқарудың  тиімді  жүйесінің  бір  бөлігі.  Ол  үкіметтің  инвестициялық  бөлімшесі  болып 

табылады.  Мемлекеттік  компания  республиканың  Қаржы  министрлігіне  толықтай  тиесілі, 

сондықтан  үкімет  «Темасек»  тəжірибесіне  қаржылық  активтерді  жəне  тұтастай  алғанда 

инвестицияларды  мемлекеттік  басқарудың  тиімділігін  арттыру  тұрғысында  мүдделілік 

танытады.  

Холдинг құру тарихы Сингапур тəуелсіз мемлекетінде  индустрияландыру басталған 

жəне  экономикалық  дамуына  қарқын  беру  қажет  болған  өткен  ғасырдың  60-жылдарына 

кетеді. Сол уақытта үкімет түрлі саладағы көптеген фирмалардың акцияларын сатып алып, 

жаңасын құрды.    Бұл компаниялардың көпшілігі технологиялардың трансферті мақсатында 

құрылған бірлескен кəсіпорындар еді, басқаларының экономика үшін стратегиялық маңызы 

болды.  


 

Үкіметтің осы компаниялардағы бастапқы акцияларын Қаржы министрлігі иемденді. 

1974  жылы  акцияларды  ұстаушы    «Темасек»  холдингі  болды.  Оған      акцияларды  басқару 

құқығы  беріліп,  сеніп  тапсырылған  компаниялар  дамуының  стратегиялық  бағыттарын  күні 

бұрын  айқындау  бірінші  міндеті  болып  белгіленді.  «Темасек»  құра  отырып,  Сингапур 

үкіметі  бірнеше  мақсаттарға  қол  жеткізді:  біріншіден,  бақылауды  өзіне  қалдыра  отырып, 

компанияларды  күнделікті  басқару  мəселелерінен  қашықтады,  корпоративтік  басқару 

əдістерін  пайдалана  отырып,  оларды  дамыту  стратегияларын  əзірлеуге  қатыса  бастады. 

Екіншіден,   бизнес субъектісі болып табылатын «Темасек» арқылы салалар мен жобаларды 

Сингапурда да, шетелде де  инвестициялауға мүмкіндік алды, оны мемлекеттік орган жасай 

алмайтын  еді.  Үшіншіден,  Сингапурдың  экономикалық  дамуының  бастапқы  кезеңіндегі 

басты міндет шешілді, яғни коммерциялық тəуекелдер немесе қажетті қаржы қаражатының 

жоқтығы себепті жеке инвесторлар уақытша бара бермейтін бағыттарда үкіметке «алғашқы 

жол салушы» ретінде мүмкіндік беретін тетік жасалды.    

Бұл  холдингтің  бизнестің  жаңа  түрлерін,  тіпті  экономиканың  тұтас  салаларын   

(кластерлерді) «өсіру»  жəне  дамыту  маңызды  функциясы  болды  жəне  болып  қала  береді.  

Мысалы,  бастапқыда  Сингапурда  қоғамдық  көліктер  құруды  инвестициялайтын  жеке 

компаниялар  болған  жоқ.  Бұл  миссияны    «Темасек»  өзіне  алды.  Қазір  сингапурлық 

қоғамдық  көліктер  мен  такси  пайда  əкелуде,  олар  əлемде  ең  қолайлы  жəне  қауіпсіз  көлік 

болып есептеледі.   

Біздің  жағдайымызда  мұндай  функция  индустриалдық-инновациялық  даму  

стратегиясын  іске  асыруда  жəне  экономиканың  сервистік-технологиялық  үлгілерін  құруда 

үлкен рөл атқара алады.  

Сингапур премьер-министрі Ли Сьен Лунгтың  зайыбы   - Хо Чин компанияның бас 

директоры болып табылады. 

2007  жылы  басқарма  төрайымы  Хо  Чиннің  американдық  «Форбс»  журналының 

бағасы бойынша əлемдегі ықпалды əйелдер тізімінде үшінші орынды иеленгені атап өтерлік.   

Ол  өз  алдына  тек    Германия  канцлері    Ангела  Меркельді  жəне  Қытай  Мемлекеттік  кеңесі 

премьерінің  орынбасары  Уиді  жіберді.  «Темасекті»  2002 жылы  басқара  отырып,  Хо  Чин 

қорды  инвестициялауды  диверсификациялау  міндетін  қойды:  портфельдің  үштен  бір  бөлігі  

Сингапурда,  басқасы –  Азияда,  қалғаны – əлем  бойынша  еркін  экономикаларда  

инвестициялануы  тиіс  болды.  Бүгін  «Темасек»  бірнеше  ондаған  жергілікті  жəне  аймақтық 

бизнес-құрылымдардың  акцияларын  иемденеді,  олардың  бір  бөлігі  Сингапур  қор 

биржасында  тіркелген. 2005 жылдан  бастап  холдинг  ресейлік  МТС  компаниясының 

акцияларын сатып алды жəне Қазақстанның  Ұлттық қорымен ынтымақтасады.  2007 жылы 

ипотека  дағдарысы  алғаш  жақындай  бастағанда  американдық  банк  «Меррил  Линч»  өз 

акцияларының  10 процентін  «Темасекке»  сатты.  Осылайша,  сингапурлық  «Темасек», 

арабтың Dubai Holding жəне Kuwait Investment Authority, малазиялық Kazanah жəне көптеген 

басқа осы сияқты тəуелсіз қорлар  əлемдік экономикада маңызды фактор болуда. Зор қаржы 

ресурстарына ие бола отырып, олар бүкіл əлем бойынша, оның ішінде АҚШ  пен Еуропада    

стратегиялық 

объектілерді, 

жоғары 

технологиялы 



кəсіпорындарды, 

айлақтарды, 

жылжымайтын  мүліктерді  сатып  алуда.  Қор  қаражатын    телекоммуникацияларға,  БАҚ, 

қаржы  секторына,  жылжымайтын  мүлікке,  көлік  жəне    логистикаға,  энергетикаға,  шикізат 

ресурстарына,  инфрақұрылымға,  машина  жасауға,  технологияға,  сондай-ақ  фармацевтика 

мен  биотехнологияға  инвестициялауда.  Компанияның  шетелдік    активтері  65 млрд.  АҚШ 

доллары  белгісіне  жетті,  ол  оны  əлемдік  қаржы  нарығына  ірі  қатысушылардың  біріне 

айналдырды.  

Сингапурда «Темасек» бірінші деңгейдегі  22 компанияның акцияларын иеленді жəне 

басқарады, оның жетеуі  Сингапур қор биржасында тіркелген. Компаниялардың барлығының 

еншілес  фирмалары  бар.  Олардың  барлығы  бірге  мемлекеттің 13% дерлік  ЖІӨ-сін 

қамтамасыз  етеді  жəне  Сингапур  қор  биржасын  нарықтық  капиталдандырудың    21%-ін 

құрайды.  Бұл  ретте  «Темасектің»  бас  аппараты  салыстырмалы  түрде  алғанда  көп  

емес – 200 адам.  Сингапурда  компания  холдингімен  байланысты  еместердің  барлығы  



 

мемлекеттік болып табылатындығын атап өту қажет. Кейбірінде  «Темасек» шағын пакетке 

ие,  сондықтан    сингапурлықтардың  өздері    «Темасекке»  кірмейтін»  емес, «Темасекпен» 

байланысты  компаниялар»  терминін  қолданады.  Холдингтің  күш-жігері    экономикалық 

тиімділікті  арттыруға  жəне  олардың  жұмыстарының  шынайылығына  бағытталған.  

«Темасек»  шеңберінде  кəсіпорындарды  қаржыландыру  үшін    Сингапурдың  Даму  Банкіне 

тіпті елдің алтынвалюта резервтерін пайдалануға мүмкіндік берілді.   

Холдингпен  байланысты  компаниялар  түрлі  салаларда:   теңіз  жəне  əуе  айлақтарын 

басқаруда, көліктің осы түрлерімен жүк тасымалдауда, энергетика, телекоммуникация, БАҚ, 

банктік жəне қаржылық қызметтер, жылжымайтын мүлік, инжиниринг жəне қызметтің басқа 

түрлерінде  көшбасшылық  позицияда  тұр.  Бұлар  аймақтық  бизнестің Singapore Airlines, 

Singapore Telecoms, PSA Singapore, DBS Bank жəне  басқалар  сияқты  көшбасшылары.  Бұл 

компанияларды нарықтық капиталдандыру  54 млрд. АҚШ долларын құрайды.  Директорлар 

кеңесінің құрамын жəне оның төрағасын қаржы министрінің ұсынысы бойынша  Сингапур 

президентінің  бекіту  фактісі  холдинг  рөлінің  маңыздылығын  білдіреді.  «Темасек» –  бұл 

қатып  қалған  қолайсыз  құрылым  емес,  керісінше,  құрамы  жəне    жұмыс  стилі    бойынша 

икемді ұйым.  Мəселен, Сингапур үкіметі «Темасек» арқылы ең алдымен аймақтық немесе 

халықаралық  əлеуеті  бар  бизнестің  қандай  да  бір  түрін  дамытады,  өркендетеді. «Темасек» 

қызметтің осы түріне қатысудың мақсаттылығына қарай компанияларды рационализациялай 

немесе  қайта  құрылымдай  алады,  қатысуға  өз  үлесін  ұлғайта  немесе  азайта  алады.  Жалпы, 

стратегиялық  маңызды  немесе  бейінді  болып  табылмайтын  компаниялардан  шығу – 

«Темасек» қызметінің негізге алатын қағидаттарының бірі. Əрине, бəрі коммерциялық пайда 

табу үшін жасалады. Кейбір компаниялар керісінше, мемлекеттік меншікте сақталады.  Бұл 

кəсіпорындар  елдің  қауіпсіздігі,  оның  əлеуметтік  маңызды  міндеттерінің  орындалуын 

қамтамасыз  ететін  экономикасы  үшін  шешуші  маңызы  бар,  табиғи  монополистер.  Соңғы 

жылдары  сингапурлық  фирмаларға  кішкентай  мемлекетте  тар  болғандықтан  олар  шетелдің 

нарықтарына  белсене  шығуда.   Бұл  жерде  де  пионер  ретінде  «Темасек»  компаниясы 

көрінуде.   

Сингапурлық компаниялардың Қазақстан нарығына қатысуы еліміздің экономикалық 

дамуына қомақты үлес қосады.   

Сингапур  тəжірибесі  инфрақұрылымдар  мен  қала  желілерін  дамытуда  қызғылықты 

болып отыр.  Əлемдегі алдыңғы мұнайхимия алаңдарының бірі болып табылатын  Джуронг 

жасанды  аралы  айрықша  назар  аудартады.  Осы  бірегей  ғимаратта 20 жыл  ішінде  мұнайды 

жəне  газды  терең  қайта  өңдеу  нəтижесінде  көп  мөлшерде  өнімдер  шығару  бойынша  толық 

өндірістік цикл тұрғызылды.    

2009  жылдың 31 наурызына    «Темасек»  басқаруындағы  активтер 134 млрд.  АҚШ 

доллары,  қаржы жылындағы таза пайда  - 11,87 млрд. АҚШ доллар болды. 

«Темасек» Standard Chartered Plc., DBS Group Holdings Ltd ірі  акционерлерінің  бірі 

болып  табылады  жəне    Barclays  Plc.,  үнділік ICICI Bank Ltd., үлестері  бар,  сондай-ақ 

Индонезияның, Оңтүстік Кореяның жəне  Пəкістанның кредиттік мекемелерінің акцияларын 

иеленеді.  

1965  жылы  Сингапур  тəуелсіздік  алған  сəтте  тұрғындарының  саны  миллионнан  сəл 

ғана  асатын  түрлі  тілде  сөйлейтін  кіп-кішкентай  артта  қалған  аралдағы  мемлекет 

болғандығын  атай  кетуіміз  керек.  Ұлыбританияның  бұрынғы  əскери-теңіз  базасының 

ешқандай табиғи ресурстары болған жоқ.  

Сингапур  бүгін – бұл  əлемдегі  ірі  айлақ,  банк  орталығы,  жоғары  технологиялар 

саласында  көшбасшы,  барлық  Оңтүстік-Шығыс  Азия  үшін  еңбек  жəне  ғылыми  ресурстар 

тарту орталығы.  2008 жылы жан басына ЖІӨ Сингапурда 43 мың доллардан асып түсті жəне 

осы өсімнің барлығына дерлік мемсектордың есебінен қол жеткізілген болатын.  Салыстыру 

үшін айтсақ, Жапонияда бұл көрсеткіш 30 мың долларға,  Қазақстанда Азия Даму Банкінің 

бағасы  бойынша – 8769 доллар  болды.  Сыбайлас  жемқорлықпен  ымырасыз  шайқас  

Сингапурдың  халықаралық  рейтингке  сəйкес  əлемдегі  сыбайлас  жемқорлық  барынша  аз 

мемлекеттердің  бірі  болуына  жеткізді.  Осылайша,  Сингапур  тəжірибесі  тиімді  


 

корпоративтік  басқару  мемлекеттің  экономикалық  жетістігінің  кепілі  болатынын  көрсетті.  

Сингапурдың  тəуелсіз  44 жылы  ішінде  оның  ЖІӨ-сі  жан  басына  шаққанда      43  есе –  бір 

мың доллардан  43 мыңға дейін өсті. Бірақ ең бастысы басқада.  Адам сенгісіз күрделі саяси 

жағдайларда  Сингапур  экономикалық  гүлденуге  қол  жеткізді.  Сингапур  нақты  айтқанда  

Оңтүстік-Шығыс  Азияда  форпост  ретінде  британдықтардың  жасаған  жасанды  құрылымы 

болып  табылады. Мұнда елдің  76% астамы болған этникалық қытайлар, 14% малайлықтар, 

үндістер,  пакистандықтар,  шриланкийліктер  жəне  көптеген  басқа  ұлттар  тұрды.  

Ресурстарынан  айырылған    Сингапур  ішкі  саяси  проблемаларын  шеше  білді  жəне    үшінші 

əлем  елінен  өмір  сүру  деңгейі  жоғары  дамыған  мемлекетке  дейін  секіріс  жасады.  Ал 

экономикалық гүлдену  – бұл, белгілі болғандай,  саяси экстремизмнен қорғайтын таптырмас 

дəрі.  


Осылайша,  сингапурлық  «Темасектің»  тəжірибесін  ескере  отырып  құрылған  

Қазақстандағы  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  əл-ауқат  қоры  бүгінгі  күндері  экономиканы 

дағдарысқа  қарсы  басқарудың  маңызды  құралы  жəне  операторы  болып  табылады,  ерікті 

түрде  болсын  немесе  еріксіз  түрде    болсын  Қазақстандағы  стратегиялық  экономикалық 

мəселелерді  ғана  емес,  онымен  тығыз  байланысты  əлеуметтік-саяси  мəселелерді  де  шеше 

алады.  Жəне  бұл  болып  та  жатыр.  Қор  Қазақстанның  банк  жүйесін  қолдау  жөніндегі 

бағдарламаны іске асыруда. Қор деректері бойынша қыркүйекте «Самұрық-Қазына» ұлттық 

əл-ауқат  қорының  дағдарысқа  қарсы  шаралар  шеңберінде  экономикаға  орналастырған   

791,2 млрд. теңге қаражатынан 476,2 млрд. теңге қаржы секторын тұрақтандыруға, 120 млрд. 

теңге –ипотеканы қайта қаржыландыруға, 48 млрд. теңге – үлестік құрылыс проблемаларын 

шешуге  жəне  120 млрд.  теңге – шағын  жəне  орта  бизнесті  қолдауға  жіберілді.  Сондай-ақ 

мемлекет  қор  арқылы  құрылысы  басталған,  айқай-шуы  үдеп  жатқан  объектілерді  аяқтау 

жөніндегі  қажетті  кепілдіктерді  қамтамасыз  етіп,  жылжымайтын  мүлік  пен  құрылыс 

секторында  жағдайды  тұрақтандырды.  Бірнеше  мыңдаған  қазақстандықтарды  жұмыспен 

қамтамасыз  ететін 5 мыңға  жуық  жобаны  іске  қосу  жəне  қаржыландыру  жоспарлануда.   

Барлық  осы  экономикалық  іс-шаралар,  оның  ішінде  ықтимал  əлеуметтік  шиеленістерді 

төмендетуге  бағытталды.   Əлемдік  қаржы  дағдарысы  жағдайында  мемлекет  алдындағы 

мəселелер  көлемі  ұдайы  ұлғаюда,  оған  өте  үлкен  жəне  маңызды  міндеттерді  шешуге  тура 

келері  анық.   Мұнда  да  қарапайым  емес  жəне  үнемі  өзгеріп  отыратын  жағдайға  бара-бар 

экономиканы 

жəне 

саясатты 



тиімді 

басқару 


проблемасы 

көкейтесті 

болуда.  

«Самұрық-Қазына»  қоры  қазақстандық  экономиканы  жаңғыртуға  жəне  оның  өсімін 

жеделдетуге  бейімделген.  Қазіргі  жағдайда    мұны  əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси 

міндеттерді шешу ретінде бағалауға болады.  

 

Біздің жағдайымызға бейімделген стратегиялық мемлекеттік қатысу үлгісі, бизнестің 



жаңа түрлерін басқару жəне қалыптасуына жəрдемдесу болашақта айтарлықтай оң тиімділік 

береді.  

Қазақстандық  мемхолдинг  сингапурлық  холдингті  түгелдей  қайталамайды,  біздің 

нұсқамызда  «Темасектен»  қызметтің  бірнеше  бағыттары  ғана  алынды.  Сондай-ақ  мұнда 

азиялық  жəне  еуропалық  басқа  компаниялардың  үздік  тəжірибелері  де  қатыстырылған.  

Əлемде  іс  жүзінде  мүлдем  ұқсас  мемхолдингтер  болмайды,  олардың  барлығының 

құрылымдары мен портфельдері əртүрлі болады.   «Холдинг-акционердің» таңдалған үлгісі 

біреудің  көшірмесі  болуы  мүмкін  емес:  бізде  өзіміздің  географиялық  жəне  экономикалық 

ерекшеліктеріміз  бар,  бірінші  кезекте,  бұл  сыртқы  нарықта  экономиканың  басым 

секторларына  бəсекелестік  артықшылық  беретін,  сол  міндеттер  мен  жобаларды  орындауға 

арналған ресурстардың орасан зор қоры.    

«Самұрық-Қазына»  қоры  қызметінің  маңызды  бағыттарының  бірі  өзіндік  құны 

бойынша өз шикізатымыздан өндірілген  импорттық өнімдерден айтарлықтай төмен болатын 

негізгі өнім өндірісін қамтамасыз ету болуы тиіс.  

 

 

Жаһандық экономикалық дағдарыс нарықты жəне нарықтық қатынастарды əрмен 

қарай ырықтандыруды қолдайтындар мен мемлекеттің барлық күш-қуатына сене отырып, 


 

оның экономикалық өмірге барынша  белсенді араласуын жақтайтындар арасында бұрынғы 

пікірсайысты  жандандырды.  Ақиқат  əдеттегідей,  бел  ортада  тұрады,  басты  проблема 

басқару  сапасына  келіп  тіреледі.  Оның  үстіне  осы  мəселе  экономикалық  қана  емес,  еліміз 

бен қоғамымыз үшін  де жиі жағдайда  маңызды саяси мəнге ие болады. 

 

ЗАҢНАМАҒА ТҮСІНДІРМЕ 

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу жəне 

валюталық бақылау мəселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 

туралы 

 

Шауашеков А.Т – «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Қарағанды филиалының 



 валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бастығы 

 

Осы  мақалада  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 

валюталық  реттеу  жəне  валюталық  бақылау  мəселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-

IV Заңының нормаларына жасалған талдау келтірілген. 

 

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу жəне валюталық бақылау жүйесін одан 



əрі  жетілдіру  мақсатында 2009 жылғы 4 шілдеде  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық  актілеріне  валюталық  реттеу  жəне  валюталық  бақылау  мəселелері  бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасының 2009 жылғы 4 

шілдедегі  № 167-IV Заңы  (бұдан  əрі – заң)  қабылданды,  бұл  заң  «Казахстанская  правда» 

газетінде 2009 жылғы 11 шілдеде жарияланды. 

Заңмен  Қылмыстық  кодекске,  Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодекске, 

«Валюталық  реттеу  жəне  валюталық  бақылау  туралы», «Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық Банкі туралы» жəне «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына 

өзгерістер енгізілді. 

Енгізілген түзетулер валюталық реттеуді одан əрі ырықтандыруға, валюталық реттеу 

мен  ұлттық  жəне  шетел  валютасын  репатриациялау  режимдері  бойынша  рəсімдерді 

айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған. Атап айтқанда, шетел валютасымен бөлшек сауданы 

жүзеге  асыруды  жəне  қызмет  көрсетуді  лицензиялау  жойылады,  тіркелуі  жəне  хабарлануы 

тиіс  валюталық  операциялардың  түрі  қысқарады,  резидентке  валюталық  шарттың 

талаптарына сүйене отырып репатриациялау мерзімін өзі дербес есептеуіне құқық беріледі. 

Заңмен  елдің  экономикалық  қауіпсіздігіне  жəне  оның  қаржы  жүйесінің 

тұрақтылығына  қатер  төнген  кезде  Мемлекет  басшысының  актісімен  енгізілетін  арнайы 

валюта  режимі  шеңберінде  қабылданатын  шаралар  ауқымы  ұлғаяды  жəне  арнайы  валюта 

режимін бұзғаны үшін əкімшілік жауапкершілік көзделеді. 

Сондай-ақ  заңда  шетелден  ұлттық  жəне  шетел  валютасындағы  қаражатты 

қайтармағаны  үшін  қылмыстық  жəне  əкімшілік  жауапкершілік  қолдану  үшін  шектеулі 

мəндерді ұлғайту көзделген. 

Заңды  қабылдауға  байланысты  ұсынылған  əлеуметтік-экономикалық  салдарлар – 

қаржы  нарығын  дамытуды  ескере  отырып  валюталық  реттеу  жəне  валюталық  бақылау 

рəсімдерін  одан  əрі  ырықтандыру,  валюталық  бақылау  агенттері  банктердің  жəне  сыртқы 

экономикалық  қызметке  қатысушылардың  əкімшілік  шығасыларын  қысқарту  жəне 

валюталық  бақылау  органдары  тарапынан  валюталық  операциялар  мониторингінің 

тиімділігін арттыру болып табылады. 

Заңды қабылдауға байланысты ұсынылған əлеуметтік-экономикалық салдарлар:  

1.  қаржы  нарығын  дамытуды  ескере  отырып  валюталық  реттеу  жəне  валюталық 

бақылау  рəсімдерін  жетілдіру  жəне  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген 

заңнамасын: 

1) резиденттердің валюталық операцияларды жүзеге асыру тəртібі; 

2)  резиденттердің  жəне  резидент  еместердің  валюталық  операциялар  бойынша 

төлемдер  мен  аударымдарды  жүзеге  асыру  тəртібі,  сондай-ақ  конверсиялық  операциялар 

жүргізу тəртібі; 



 

3)  резиденттердің  тауарлар  (жұмыстар,  қызмет  көрсетулер)  экспорты,  импорты 

бойынша  валюталық  құндылықтарды  репатриациялау  талаптарын  орындау  талаптарын 

нақтылау; 

4) валюталық бақылау агенттерінің функцияларын нақтылау; 

5)  валюталық  құндылықтарды  пайдалануға  байланысты  қызметті  жүзеге  асыру 

тəртібі; 

6)  Қазақстан  Республикасының  кеден  шекарасы  арқылы  қолма-қол  ақша  өткізу 

тəртібі; 

7) арнайы рұқсат беру режимін енгізу тəртібі бөлігінде өзгерту. 

2.  Валюталық  бақылау  агенттері  банктердің  жəне  сыртқы  экономикалық  қызметке 

қатысушылардың əкімшілік шығасыларын: 

1)  тіркеуге  жататын  жекелеген  валюталық  операциялар  бойынша  төлемдер  жүргізу 

мүмкіндігін  кейіннен  уəкілетті  банктердің  Ұлттық  Банкке  хабарлай  отырып  тіркеу 

куəлігінсіз қамтамасыз ету; 

2)  хабарлауға  жататын  əрбір  валюталық  шарт  жəне  олар  бойынша  есепті  кезеңде 

жүргізілген  төлемдер  туралы  барлық  қажетті  ақпарат  көрсетілетін  есептілік  ұсыну  арқылы 

хабарлаудың балама тəсілін белгілеу; 

3) паспортизацияланбайтын мəмілелер үшін шектік мəнді ұлғайту не Ұлттық Банкке 

көрсетілген шекті өзінің нормативтік құқықтық актісінде белгілеу құқығын беру; 

4) жеке тұлғаларға қатысты валюталық реттеу режимінің жүйесін жеңілдету арқылы 

қысқарту. 

3. Валюталық бақылау органдары тарапынан валюталық операциялар мониторингінің 

жəне валюталық бақылау тиімділігін: 

1)  Ұлттық  Банкке  хабарлама  режимінен  алып  тастауды  жəне  хабарлауға  жататын 

мəміленің ең төменгі сомасын белгілеу құқығы беріледі; 

2) паспортизацияланбайтын мəмілелер үшін шектік мəнді ұлғайту не Ұлттық Банкке 

көрсетілген  шекті  өзінің  нормативтік  құқықтық  актісінде  белгілеу  құқығын  беру  арқылы 

арттыру. 

Заңды  қабылдауға  байланысты  Қазақстан  Республикасының  мынадай  нормативтік 

құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады: 

1)  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  «Қазақстан 

Республикасында  валюталық  операцияларды  жүзеге  асыру  ережесін  бекіту  туралы» 2006 

жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысы; 

2)  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  «Қазақстан 

Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 

2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысы. 

Заңды  қабылдауға  байланысты  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі 

Басқармасының  «Қазақстан  Республикасында  қолма-қол  шетел  валютасымен  бөлшек 

сауданы жүзеге асыруды жəне қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2005 

жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысының күші жойылды деп танылды. 

Заңда  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексіне,  Əкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы кодексіне сыртқы экономикалық қызметтен алынған ақшалай қаражатты 

қайтармауға  немесе  уақтылы  есептеуге  қатысты  қылмыстық-жазалау  іс-əрекеттер  мен 

тəртіпсіздіктер құрамын түзету бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. 

Халықаралық  сауда  операцияларынан  түсімдердің  түсуі  ішкі  нарықтағы  валюта 

ұсыныстарының  негізгі  көздерінің  бірі  болып  табылады.  Валютаның  республикаға 

қайтарылмауы  мемлекеттердің  халықаралық  қаржылық  міндеттемелерінің  уақтылы  жəне 

толық  орындалуына,  шаруашылық  субъектілерінің  арасындағы  тауарлар  импорты 

шарттарының орындалуына теріс əсер етеді. 

Қазақстанның  экономикалық  дамуының  қазіргі  уақыттағы  кезеңі  халықаралық  тауар 

айналымының  неғұрлым  өсіп  отырған  көлемімен  жəне  əр  түрлі  болуымен,  экспорттық-

импорттық  операциялардың  айтарлықтай  ұлғаюымен  сипатталады.  Сыртқы  экономикалық 


 

байланыстың тиімділігі өз кезегінде ең алдымен, сыртқы нарықта ұлттық валютаның жұмыс 

істеуі,  сондай-ақ  республика  ішінде  шетел  валютасын  пайдалану  мəселелерін  қамтитын 

валюталық реттеу мен бақылаудың пəрменді құралдарының болуымен қамтамасыз етіледі. 

Қазақстанның  əлемдегі  бəсекеге  барынша  қабілетті 50 елдің  қатарына  кіру 

стратегиясына  сəйкес  халықаралық  есеп  айырысуларды  теңдестіру  экономикалық  өсудің 

жалпы қарқынын инфляциямен күресті қамтамасыз етумен қатар мемлекеттің экономикалық 

саясатының басты мақсаттарының қатарына кіреді. Өз кезегінде, өндіріс пен қызмет көрсету 

көрсеткіштерінің  тұрақты  өсуі,  халықтың  негізгі  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының басты элементтерінің бірі болып 

табылады. 

Осылайша,  Заң  негізді  жəне  уақтылы  қабылданған,  республикадағы  əлеуметтік-

экономикалық жəне қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге негізделген. 

Заң  «Қазақстан  Республикасының  Халықаралық  валюта  қорына,  Халықаралық  қайта 

құру  жəне  даму  банкіне,  Халықаралық  қаржы  корпорациясына,  Халықаралық  даму 

қауымдастығына,  Инвестициялар  кепілдігінің  көп  жақты  агенттігіне  жəне  Инвестициялық 

дауларды  реттеу  жөніндегі  халықаралық  орталыққа  мүшелігі  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  заңымен  негізделген  Қазақстан  Республикасының  халықаралық 

міндеттемелері ескеріле отырып əзірленді. 

Заңның  нормаларын  əзірлеу  кезінде  шетелдің  заңнамасы,  сондай-ақ  уəкілетті 

органдардың  шетел  валютасын  репатриациялаудың  белгіленген  мерзімдерінің  бұзылуына 

жол  берген  жауапты  тұлғаларды  əкімшілік  жауапкершілікке  тарту  бойынша  құқықтық 

қолдану практикасы зерделенді. 

Тұтастай  алғанда  өзгерістер  мен  толықтырулар  валюта  режимін  жəне  валюталық 

реттеу  мақсаттарын  ырықтандыруға  бағытталған,  бұл  халықаралық  валюталық  реттеудің 

негізгі үрдістеріне сəйкес келеді. 

Заңда  белгіленген  мақсаттар  мен  міндеттерді  іске  асыру  валюталық  реттеудің 

неғұрлым  жетілдірілген  үлгісін  жасауға,  мемлекеттің  қаржы  жəне  банк  саласындағы 

экономикалық  қауіпсіздігін  нығайтуға,  халықаралық  тауар  айналымының  динамикасын 

арттыруға ықпал етеді.  



 

ТАРИХИ АНЫҚТАМА 



 

Ежелгі тангадан - теңгеге дейін 

 

Е.А.Данченко, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Орталық филиалының экономикалық талдау 

жəне статистика бөлімінің бастығы 

 

2009  жылғы  қарашада  тəуелсіз  Қазақстанның  басты  нышаны – теңге  өзінің 16 



жылдығын  атап  өтті.  Қазақстанның  ұлттық  валютасының  қалыптасу  кезеңі  егемен 

Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихына  алтын  əріптермен  жазылды.  Ал  қазақстандық 

ақшаның пайда болу тарихы қандай болып еді?  

 

Ең  көне  ақшаны  ғалымдар  ежелгі  Отырар,  Тараз,  Түркістан,  Баласағұн,  Суяб 

қалаларының  қазба  жұмыстары  кезінде  анықтады.  Бұл 6-ғасырға  жататын  монеталардың 

ішіндегі  ең  бұрынғысы  болды. 12 ғасырға  дейінгі  кезеңде  монеталар  мыстан,  күмістен, 

қоладан  жəне  алтыннан  қолдан  жасалатын.  Оларда,  əдетте,  ру  белгісі – тамга  бейнеленді 

жəне ең жоғарғы бас басқарушы – қағанның титулы көрсетілді. Кейінірек, орта ғасырларда, 

Қазақстанмен  шекаралас  Қыпшақ  жерінің  аумағында  күміс  танга  жəне  мыс  пул  айналыста 

болды.  Мыс  монеталар  тұрмыстық  заттарды  сатып  алу  үшін,  ал  күміс  монеталар  сыртқы 

сауда операцияларында пайдаланылды.  

XVIII  ғасырдың  басында  Қазақстан  Ресейдің  құрамына  кіргеннен  кейін  оның 

аумағында  бірте-бірте  ресейдің  монеталары  мен  ақша  белгілері  таратыла  бастады. 

Төңкеріске  дейінгі  Қазақстанда 1895-1897 жылдардағы  ақша  реформасымен  алтын  монета 

айналысымен жүретін алтын монометаллизмі жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс жəне 

мыс монеталар жүрді. Алайда ақша белгілерінің негізгі түрлері 92%-ға алтынмен қамтамасыз 

етілген  Мемлекеттік  банктің  кредиттік  билеттері  болды.  Олар  халықтың  арасында  үлкен 

сенімге ие болды, себебі нағыз ақшаға – алтын монеталарға кедергісіз айырбасталды. 

Сонымен  қатар,  үкімет  мемлекеттің  шығыстарын  жабу  үшін  қағаз  ақшаларды, 

негізінен  ірі  купюраларда  шығарды.  Ұсақ  ақша  ретінде  əр  түрлі  чектер,  бондар,  маркалар 

жəне  басқа  да  ақша  суррогаттары  жүрді.  Ақша  массасының  бақылаусыз  өсуі  тұтастай 

алғанда  Ресейдің,  демек,  Қазақстанның  да  ақша  жүйесінің  құлдырауына  негіз  болып 

табылды. 

Қазан төңкерісінен кейін ақша айналысының жай-күйі одан сайын нашарлады. 1913 – 

1920 жылдар аралығындағы кезеңде айналыстағы қағаз ақша массасы 48 есеге жуық өсті, ал 

ақша 10 мың есе құнсызданды. 1919 жылы бірінші кеңестік мемлекеттік билеттер, одан кейін 

РКФСР  есеп  айырысу  белгілері  шығарылды.  Сонымен  бір  мезгілде  Түркістанда,  Солтүстік 

Кавказда,  Кавказ  маңында  жəне  Қиыр  Шығыста  жергілікті  ақша  белгілерін  шығаруды 

бастады. Ақша массасы бұдан əрі əр алуан болды.  

Түркістан аймағына арналған ақша Ташкентте басып шығарылды, бірақ ол мейлінше 

жеткіліксіз  болды.  Сол  кезде  Халкомкеңес  Жетісу  жергілікті  өкіметі  де  ақша  шығара 

бастасын деген шешім шығарды. Верный қаласында (бұрынғы аты Алматы) алтын да, басқа 

қымбат  металдар  да  табылмағандықтан  шығарылған  ақшаны  немен  қамтамасыз  етуге 

болатыны  жайында  ұзақ  ойланды.  Мүлдем  айрықша  шешім  табыла  кетті.  Əңгіме  мынада 

болатын,  Ұлттық  Банктің  жертөлесінен  əлде  медициналық  мақсаттарға  арнап  жиналған,  не 

болмаса  əлдекімнен  тəркіленген  апиын  сақталыпты.  Оның  құны 40 миллион  рубльді 

құрайтын.  Міне, осы сомаға Қазақстан Верный қаласының «апиындық» ақшасы деп аталған 

ақша белгілерін шығарады. Бұл ең алғашқы, «кредиттік билеттер апиынмен жəне Жетісудың 

барлық байлығымен қамтамасыз етіледі» деген жазуы бар өз ақша бірлігі болатын. 

Азаматтық  соғыс  аяқталғаннан  кейін  Қазақстан  аумағында  осы  жылдары  РКФСР-да 

шығарылған  сансыз  көп  жəне  əр  түрлі  ақша  белгілері  айналыста  жүре  бастады.  Ал  КСРО 

құрылғаннан кейін Қазақстанда бүкіл елде пайдаланылған ақша пайдаланылды. Қайта құру 

кезеңіне дейін осылай жалғасты. 


 

Қайта  құру  жағдайында  айналыстағы  ақша  массасының    бір  мезгілде  өсуімен  қатар 

барлық  жерде  өндіріс  құлдырады.  Тауарлар  мен  азық-түлік  негізінен  шетелден  əкелінді. 

1990ж.  қолма-қол  ақша  эмиссиясы 25 млрд.  руб.  құрады,  бұл 1981-1985 жылдардағыдан 

барлығын  қоса  алғанда  біршама  көп.  Аса  көп  ақша  массасы  бос  қалған  ерлік  тұтыну 

нарығына сəйкес келмеді. 

КСРО  ыдырағаннан  кейін  кеңестік  валютаны – рубльді – тəуелсіз  дамудың  бірінші 

кезеңінде  барлық  кеңестен  кейінгі  мемлекеттер  мұра  ретінде  алды,  алайда  жаңа 

мемлекеттердің  саяси  тəуелсіздікке    ұмтылуынан  орын  алған  бірқатар  себептерге 

байланысты  бірыңғай  рубль  аймағын  сақтау  сəтсіздікке  ұшырады.  Ақшалай  дезинтеграция 

үдерісі  аса  қиын  болды  жəне  барлық  кеңестен  кейінгі  мемлекеттердің  меншікті  ұлттық 

валюталарын енгізуімен аяқталды. 



 

Қазақстан  ұлттық  валютасы – теңгенің  айналымда  болуының  он  алты  жылдық 

тəжірибесі  Қазақстанның  қазіргісі  мен  болашағы  үшін  теңгені  енгізудің  тарихи 

маңыздылығына  объективті  баға  беруге  мүмкіндік  берді.  Меншікті  ақша  бірлігін  енгізу 

Қазақстанның  экономикалық  тəуелсіздікті  іске  асыруындағы    негіз  жəне  прогресс 

жолындағы нақты қадамы болды.  

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет