Теруге: Редактор Г. Айманбетова «Экономикалық шолу»


Орталық банктер өкілдерінің төлем жүйелері бойынша



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,51 Mb.
#8069
1   2   3   4   5

Орталық банктер өкілдерінің төлем жүйелері бойынша 

 халықаралық кездесуі 

 

Иманғазина А.К. – Төлем жүйелері департаменті  



Төлем жүйелерінің саясаты басқармасының бас маманы-экономисі 

 

2006  жылғы 25-27 қыркүйекте  Алматы  қаласында  орталық  (ұлттық)  банктер 



өкілдерінің  төлем  жүйелері  бойынша  халықаралық  алтыншы  кездесуі  өтті.  Бұл  кездесу 

Алматы қаласында 2001 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі ұйымдастырушы болып табылады. 

 

Осы  жылы  төлем  жүйелері  бойынша  кездесуге  ЕурАзЭҚ  елдерінің,  Украинаның, 



Əзірбайжанның, Чехияның, Польшаның, Латвияның, Түркияның, Германияның, Италияның, 

Жапонияның  орталық  банктерінің,  сондай-ақ  Мемлекетаралық  банктің  өкілдері  қатысты. 

Сонымен  қатар,  осы  кездесуге  Халықаралық  Есеп  айырысу  Банкінің  Төлемдер  жəне  есеп 

айырысу  жүйелері  жөніндегі  комитеті  сияқты  беделді халықаралық  институтының  өкілдері 

қатысты. 

 

Осындай  кездесулерді  өткізудің  мақсаты  тəжірибе  алмасу  жəне  өзекті  проблемалар 



мен  қазіргі  заманғы  үрдістерді,  сондай-ақ  орталық  (ұлттық)  банктердің  төлем  жүйелерінің 

жұмыс  істеуі  жəне  дамытуын  қамтамасыз  ету  саласындағы  басым  бағыттарды  бірлесіп 

талқылау болып табылады.  

 

Қарастырылған  проблемалардың  ішінде  төлем  жүйелерін  қадағалауды  ұйымдастыру 



мəселелерін талқылауға жəне төлем жүйелерінде туындайтын тəуекелдерді басқарудың жаңа 

тəсілдеріне ерекше назар аударылды. 

 

Кездесуді  өткізу  барысында  қатысушылардың  төлем  жүйелерінің  саясатын  əзірлеу 



жəне  қадағалау,  тəуекелдерді  басқару,  төлем  жүйелерінің  жұмысының  тиімділігін  жəне 

қауіпсіздігін,  сондай-ақ  олардың  дамуының  перспективалық  бағыттарын  қамтамасыз  ету 

саласындағы өз елдерінің нақты тəжірибесін ашып көрсету жөніндегі көптеген баяндамалар 

жасалды.  

 

Кездесуге  қатысушылардың  барлығы  атап  өткендей,  төлем  жүйесі  саласындағы 



ынтымақтастық,  тəжірибе  алмасу  мəселелері  маңызды  қызығушылық  танытады  жəне 

тұтастай алғанда төлем жүйелерінің дамуына  оң əсер  етеді. Шетелдердің орталық (ұлттық) 

банктерінің  өкілдері  өткізілген  кездесудің  ұйымдастырылуын  жəне  мазмұнын  жоғары 

бағалады жəне болашақта осындай кездесулер өткізу туралы ниеттерін білдірді. 

 

                                                                                             



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31

ТАРИХ, МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР МЕН МЕРЕЙТОЙЛАР 



 

Батыс Қазақстан облысының ақша-кредит саясаты:  

өткенге көз тастау

 

 

Қалдыбеков Н.С. 



«ҚР Ұлттық Банкі» МК БҚФ экономикалық  

талдау жəне статистика бөлімінің  

маманы-экономисі 

 

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда тауар айналымы біршама өсті, ол 

банк  капиталының  туындауымен  жəне  кредит  мекемелерінің  құрылуымен  бірге  жүрді. 

Батыс  Қазақстан  облысында  ақша-кредит  жүйесі  сонау  революцияға  дейінгі  уақыттан 

бері  дамуы  жағынан  бұрынғы  КСРО-ның  көптеген  республикаларының  алдында  болды. 

Оған дəлел ретінде 1860 жылы император Александр II жарлығымен Ресей Империясының 

Мемлекеттік банкінің құрылғандығын, ал 1876 жылы Қазақстан аумағында Мемлекеттік 

банктің бірінші Орал бөлімшесінің ашылғандығын айтудың өзі жеткілікті.  

 

Ресей  империясы  капитализмге  əлсіз  экономикасымен  кірді,  сондықтан,  Ресейдің 



экономикалық  қатынастардың  жаңа  қатарына  өту  ерекшеліктерінің  бірі  мемлекеттің 

экономика  мен  банктердің  барлық  түрлерінің  кейбір  салаларындағы  жеке  секторға 

айтарлықтай қолдау көрсетуі болды. Мемлекеттік банк болса осы экономикалық саясаттың 

органы болды. 

Ішкі  ақша  ресурстарын  жұмылдыру  нысанындағы  салымдар  мен  ағымдағы  шоттар 

Мемлекеттік  банк  бөлімшесінің  негізгі  ресурстары  болды.  Мемлекеттік  банктің  Орал 

бөлімшесі  ақша  реформасын  жүргізуге – 1892 жəне 1896 жылдары  банкноталарды 

айырбастауға барынша ат салысты.  

Ресейде XIX ғасырдың 90-шы  жылдары  темір  жол  жəне  өнеркəсіп  құрылысының 

көтерілуімен  сипатталады,  өнеркəсіп  біздің  облысымызда  да  бас  көтерді.  Мемлекеттік 

банктің  Орал  бөлімшесі  осы  үдерістермен  тығыз  байланыста  болды.  Ол  банкноталарды 

эмиссиялау құқығына ие болды. Есепке алу операциялары сауда-өнеркəсіп вексельдері үшін 

бұрынғыдай 6 айға  дейінгі  мерзімге  емес, 12 айға  дейінгі  ұзағырақ  мерзіммен  жүргізілді. 

Тауарды  кепілге  қойып  несие  алу  біршама  жеңілдеді.  Мемлекеттік  банктің  Орал 

бөлімшесінің  жүргізген  шаралары  қатаң  тəртіппен,  мұқияттылықпен,  қандай  да  бір 

акцияларды өткізудің мерзімдерін сақтаумен ерекшеленді. 

Дами  келе,  Мемлекеттік  банктің  Орал  бөлімшесі  банк  жүйесінің  жəне  облыс 

экономикасының  негізгі  есеп  айырысу  да,  резервтік  те  орталығына  айналды.  Клирингтік 

операцияларды,  яғни  банктер  арасындағы  қолма-қол  емес  өзара  есеп  айырысуларды 

Мембанк бөлімшесі басқармасының жанындағы есеп айырысу бөлімдері орындады. Бірінші 

дүниежүзілік  соғыс  кезінде  Мемлекеттік  банк  пен  оның  бөлімшелерінің  қызметі  негізінен 

кредиттік билеттер шығару есебінен оны қаржыландыруға бағытталғаны белгілі.  

XIX ғасырдың аяғында Орал қаласында орыс сауда-өнеркəсіп коммерциялық банкінің 

бөлімшесі  ашылды,  оның  Бас  банкі  Санк-Петербург  қаласында  болатын.  Кеңес  үкіметінің 

1917  жылғы 14 желтоқсандағы  «Банктерді  мемлекет  меншігіне  айналдыру  туралы» 

декретімен банк ісін мемлекеттік монополия етіп жариялауға байланысты банк жүйесі біздің 

облысымызда  да  қайта  құрыла  бастады.  Бұл 1919 жылы  қаңтарда  Орал  қаласын  Кеңес 

үкіметінің  қарсыластарынан  босатқаннан  кейін  болған  еді.  Екі  банктің – Мембанктің  Орал 

бөлімшесі  мен  орыс  сауда-өнеркəсіп  коммерциялық  банкінің  Халық  банкінің  бөлімшесі 

болып бірігуі басталды. Бұл бөлімше П. Хаустов басқаратын Облревкомның қаржы бөліміне 

құрылымдық бірлік ретінде кіреді. Банктің алдында кəсіпорындар мен халықтың қолындағы 

үлкен  ақша  массасын  байланыстырып,  ақша  айналысын  теңдестіру  секілді  негізгі  мақсат 

тұрды.  


 

32

Жаңа  кеңестік  Мемлекеттік  банк  БОАК-нің 1921 жылғы 7 қазандағы  декретімен 



құрылды. Осы жылы КСРО Мембанкінің Орал бөлімшесі құрылды. Мембанк пен оның сол 

уақыттағы  жер-жердегі  бөлімшелерінің  алдында  нарықтық  қатынастарды  пайдалану, 

кəсіпорындарды  шаруашылық  есепке  көшіру,  құнсызданған  ақша  белгілерін  тұрақты 

кеңестік  валютаға  ауыстыру  негізінде  азаматтық  соғыстан  қираған  өнеркəсіп  пен  ауыл 

шаруашылығын қалпына келтіру міндеті тұрды.                                

Мембанктің  Орал  бөлімшесі  айналыс  ведомісінің  деректері  бойынша 1922 жылғы 

қазан айында баланста 46 087 102 рубль болды, оның ішінде ауыл шаруашылығына берілген 

несие 4 658 694 рубль, көбірек бөлігі жеке тұлғалар мен мекемелерге тиесілі болған, есепке 

алынған

 

вексельдер 13 257 000 рубльді құрады. Вексельдік кредитке деген қажеттілік өтпелі 



кезеңнің  көпқатпарлы  экономикасының  ерекшеліктерінен  туындады.  Кредит  ауыл 

шаруашылығын  қалпына  келтіруде  жақсы  роль  атқарды.  Ол  тауар  айналымын  күшейтіп, 

жеке  меншік  капиталының  көлемін  ұлғайтты,  мемлекеттік  жəне  кооперативтік 

кəсіпорындарға  өз  қаражаттарын  икемдеуге  көмектесті.  Бағалы  қағаздарды,  траттарды, 

девиздерді  жəне  басқаларын  кепілге  қоя  отырып  берілген  несие 111 300 рубль  болса, 

тауарлар  мен  тауарлық  құжаттарды  кепілге  қойып  берілген  мерзімді  несиелер  2 537 035 

рубльді құрады. 

Банктермен  қоса  облыста  басқа  да  кредиттік  мекемелер  жұмыс  істеді.  Сол  уақытқа 

тəн кооперативтік қозғалыс көбірек дамыды. Кооперативтік қозғалыс бірнеше түрге бөлінді: 

кредиттік  кооперация,  тұтыну  кооперациясы,  ұжымдық  шаруашылықтар  жəне 

ауылшаруашылық кооперациясы.  

Облыстың халық шаруашылығын жалпы алғанда егіншілік, мал шаруашылығы, балық 

шаруашылығы  жəне  бау-бақша  құрағандықтан,  сол  кездегі  өнеркəсіп  қалыптасу  кезеңінде 

болды.  Мəселен,  Орал  губерниясының  кооперативтік  қозғалысының  шолуында  мынадай 

деректер  беріледі: «Өнеркəсіпке  келсек,  ол  əлі  əлсіз  еді.  Онда 1912 жылы  облыста 1 367 

жұмысшы еңбек етті, жалпы өндірістің сомасы 5 536 426 р. болды. Бұл ретте ұстаханалар, су 

жəне жел диірмендері, тары ақтағыштар

 

мен май шайқағыштар



 

өнеркəсіп кəсіпорындарына 

кіргізілді (Губэкокеңестің 1921-22 ж. есебі, 99-бет), оларды фабрика-зауыт шаруашылығына 

емес,  ауыл  шаруашылығына  (ұсақ)  əбден    жатқызуға  болар  еді.  Алдыңғысында  небəрі 455 

жұмысшысы бар 63 зауыт жұмыс істеді, ал өндіріс сомасы 1 481 414 рубль ғана болды. Əр 

зауытқа  шаққанда,  жұмысшылардың  орташа  саны 6,9-дан  келді.  Бұл  ұсақ  фабрика-зауыт 

өнеркəсібі еді. Кəсіп

 

түрлерімен: мия тамырын



 

өндірумен (1 683 отбасы 17 516 пұт өндірді), 

тұз  өндірумен  (əскери  аймақта 162 адам),  қолөнер  кəсібімен (1 247 адам)  жəне  жүкшілік 

кəсібімен  халық  аз  шұғылданды.  Осы  деректерден  халықтың    кəсіппен,  қолөнер  кəсібімен

 

жəне  фабрика-зауыт  қызметімен  айналысатын %-ы  шамалы (5-6%-ға  жуық)  болғаны 



көрінеді». 

Кредиттік кооперацияның мəні шаруашылықтарды ақша кредитімен немесе өндірістік 

мақсаттарға  арналған  басқа  нысанда  қамтамасыз  етуге  келіп  тірелді.  Шағын  кредит 

ұйымдастырудың  бұл  жүйесінің  негізіне  кооперативтің  барлық  мүшелерінің  жаппай 

жауапкершілігі  алынды.  Егер  сол  уақыттағы  халық  шаруашылығы    жүйесінде  жалғыз-

жарым,  ұсақ  шаруашылықтар  көзге  көрінбей,  елеусіз  болса,  ортақ  жəне  өзара 

жауапкершілікпен  байланысқан  осындай  бірнеше  ондаған  шаруашылықтар  кредиттік 

қабілетінің шамасы едəуір екенін əбден көрсетті.  

Кредиттік  кооперацияның  тарихы  Германиядан  басталады.  Дəл  осында  Райффейзен, 

Шульце-Делич  жəне  Оффенбах 19-ғасырдың 60-шы  жылдарында  классикалық  түрдегі  үш 

кредиттік бірлестік құрды. 

Кредиттік серіктестіктің райффейзендік типі мынадай сапаларымен сипатталады: 

1) Мүшелерінің серіктестік міндеттемелері бойынша шектелмеген жауапкершілігі; 

2) Серіктестіктің тар ауқымды аумақтық шекаралардағы шектелген қызметі; 

3) Бір ғана мүшелік, немесе басқа серіктестіктерге мүше болуға тыйым салу; 

4) Пай немесе кіру жарналарының болмауы; 

5) Басқарма жұмысының ақысыз болуы. 


 

33

Шульце-Деличтің  несие-жинақ  серіктестіктері  негізінен  қолөнершілерді  біріктірді. 



Олардың  ауқымы  тар  шеңбермен  шектелмеді.  Пай  жəне  қор  капиталы  белгіленді.  Кредит 

барынша қысқа мерзімді жəне өзгермелі болды.  

Оффенбах жүйесі Райффейзен кредиттік серіктестігіне негізделді, бірақ оның пайлары 

аса жоғары болмады, шектеулі жауапкершілікке жол берілді жəне құрылтай қоры болмады. 

Орал  облысында  немесе  бұрынғысынша  губернияда,  кредиттік  кооперация  несие-

жинақ  жəне  кредиттік  серіктестіктер  түрінде  болды.  Олардың  алғашқылары  типі  бойынша 

Шульце-Делич  кредиттік  серіктестіктеріне  ұқсас  болды,  бірақ  онша  жоғары  емес  пайлар 

белгіленді.  Осының  арқасында  оларға  көпшілік  бұқара  кіре  алды.  Екіншілері  Райффейзен 

кредиттік серіктестігінің типіне жақынырақ болды.  

Алғашқы серіктестіктер Мемлекеттік банктің бастамасы бойынша құрылды. Кейіннен 

кооперацияның  пайдасын  сезіне  келе,  халықтың  өзі-ақ  өз  еркімен  немесе  шағын  кредит 

инспекторларының бастамасы бойынша серіктестікке ұйымдаса бастады.  

Бірінші серіктестік (несие-жинақ) Орал қаласында 1908 ж. 11 қаңтарда ашылды. 1908 

жылдың  аяғында-ақ 12 несие-жинақ  жəне  бір  кредиттік  серіктестік  ашылды (1-кестені 

қараңыз). 

1-кесте. 

 

Губерния бойынша кредиттік жəне несие-жинақ серіктестіктерінің  



жылдар бойынша 1 қаңтар алдындағы құрамы  

 

Кооперативтердің типі 



1909 1910 1911 1912 1913 1914  1915  1916 1917 

Несие-жинақ серіктестіктері 

12 12 15 23 30 33  33  34 37 

Кредиттік серіктестіктер 

1 3 7 12 13 15 15 17 31 

Барлығы 


13 15 22 35 43 48  48  51 68 

 

Ескерту. 1917 ж. үшін осы цифрлар бүкіл Орал облысы бойынша, ал басқа жылдар бойынша – тұтас алғанда, 1922 

ж.  шекарасымен  Орал  губерниясын  қамтитын  Мембанктің  Орал  бөлімшесі  қызмет  еткен  аудан  бойынша  (Орал  ауданы: 

Орал., Гурьев жəне Лбищ

.

 уездері) 



 

Кестені  жалпы  шоли  отырып, 1916 жылдың  қарсаңында  серіктестіктердің  жалпы 

санының 51-ге  жеткенін  көруге  болады.  Мұндай  өсудің  себептері 1910-11 жылдары  астық 

шықпай  қалған  жылдар  болуына  келіп  саяды,  бұл  сол  уақыттағы  көптеген 

шаруашылықтарды өздерінің күшін біріктіруге мəжбүрледі. Астық шықпай қалған жылдары 

жəне кейінгі жылдары серіктестіктер кредиттік институттар ретінде кеңінен дами бастады.  

Серіктестіктің  қаражаты  негізгі,  қор  капиталдарынан  жəне  ерекше  мақсаттағы 

салымдардан, заемдардан жəне басқа  сомалардан тұрды: 

Негізгі  капитал  мүшелердің  пай  жарналарынан,  серіктестікке  қайтарымсыз  немесе 

қарызға  берілген  сомалардан  жəне  түскен  пайдадан  жасалған  аударымдардан  құралды. 

Заемдар Мембанк немесе шағын кредит басқармасы арқылы 13 жыл мерзімге дейін берілді. 

Кредиттік  серіктестіктердің  жарғы  бойынша  пайлары  болмады,  сондықтан  негізгі  капитал 

заемдар мен аударымдардан құралды. 

Қор  капиталы  кепілдік,  несиелік  жəне  делдалдық  операцияларға  байланысты 

шығындарды жабу үшін құрылды. Ерекше мақсаттағы капитал делдалдық операциялар жəне 

басқа мақсаттар үшін құрылды.  

Басқа  сомаларға  барлық  қаражаттар,  жəне  де  атап  айтқанда,  делдалдық  бойынша 

сомалар кірді, кейіннен серіктестіктердің баланстарында «делдалдық бойынша сомалардың» 

жеке шоты орын ала бастады. 

Ол  жылдары  салымдар  серіктестіктерде  үлкен  роль  атқарды.  Егер 1912 жылы 

салымдар  астық  болмауы  салдарынан  азайған  болса, 1915 жылға  қарай  салымдардың  күрт 

ұлғайғаны  байқалады.  Бұл  үрдісті  ақшаның  құнсыздана  бастауымен  түсіндіруге  болады.  

1916  жылы  кредиттік  серіктестіктер  салымдарының  үлесі 59,1%, ал  несие-жинақ 

серіктестіктерінікі 53,5% болды.  Сол  шолуда  мынадай  деректер  беріледі: «Кредиттік 

кооперативтер халықтың, əсіресе оның ауқатты бөлігінің сеніміне, мейіріне  ие бола отырып 


 

34

жəне  кең  танымал  болып,  салымдардың 88,2%-ын  тіпті  кооперативке  бірікпеген  жергілікті 



тұрғындардан алды. Салымдардың 55%-ының орташа мөлшері 624 рубльге тең салымдармен 

жабылуы  бұл  тұрғындардың  ауқатты  болғанын  көрсетеді.  Ал 624 рубльді  кедей  сала 

алмайды!  Жергілікті  жердегі  кредиттік  кооператив  қаражатты  кеңінен  сіңірген,  ал  кейін 

көргеніміздей,  оларды  мол  бөлген  халық  банкі  болып  шықты.  Жылдық 3-9% арасында 

ауытқыған салымдар бойынша % едəуір роль атқарды («Об’ясн. зап. за 1915 г.» жəне «Пам. 

кн. на 1917 г.») (2-кестені қараңыз). 

 

2-кесте. 



Облыс бойынша салымдардың 1916ж. 1 қаңтардағы құрамы. 

 

НЕСИЕ-ЖИНАҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРІ 



КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕР 

Салымдардың 

түрлері 

 

Се



рі

кт

. са



ны

 

Са



лы

м

да



р 

сан


ы

 

 



 

Сомасы 


Са

лы

м



да

рды


ң 

жа

лп



ы

 с

-на



 %  

қа

ты



насы

 

Са



лы

м

ны



ң 

орт


аша

 

мөл



ш

ері


 

 

Се



рі

кт

. са



ны

 

Са



лы

м

 сан



ы

 

 



 

 

Сомасы 



Са

лы

м



да

рды


ң 

жа

лп



ы

 с

-на



 %  

қат


ын

асы


Са

лы

м



ны

ң 

орт



аша

 

мөл



ш

ері


 

Мерзімі 


белгіленбеген 

34 608 228297 29,4  375  26 354 90879 20,8  257 

Мерзімі 12 айға 

дейінгі 


32 631 418113 53,8  663  28 435 

247228 


56,6  568 

., 1жылдан 3 

жылға дейінгі 

18 165 121664 15,7  798  19 440 88941 20,4  202 

,, 5 жылдан 

жоғары 


7 22 3163 0,4  144 5 263 

2938 0,7  11 

Шартты 8 

50 


5434 

0,7 


109 

13 


57 

6735 


1,5 

118 


Барлығы 35 

1476 


776671 

100 


526 

29 


1549 

436721 


100 

282 


 

Қаражаттың басқа маңызды бір көзі заемдар болып табылды. Серіктестіктер қарызды 

негізінен Мембанктен, содан соң Мемжинақ кассасынан, Шағын кредит басқармасынан жəне 

жеке  адамдардан  алды.  Шағын  кредит  басқармасы  шамалы  ғана  сомалар  берген  болса, 

Мембанк үлкен қаражаттар берді. 

Мембанк  бөлімшесі  серіктестіктерге  арнайы  кредит  берді.  Осы  кредиттің  есебінен  

мүшелеріне  жергілікті  баға  бойынша  есептелетін  нан  құнының  шамамен 66%-ы  есебінен 

несиелер  берілді  (басты  кепілдік  өнім  нан  болды – автордың  ескерт.).  Нан  көп  жағдайда 

заем  алушыларда  сақталды.  Бұл  операцияның  қаншалықты  маңызды  болғаны  Мембанкке 

кредит  бойынша  берілетін  берешектің  мына  төмендегі  цифрларынан  көрінеді: 1916 ж. 1 

қаңтарына 11 несие-жинақ серіктестігі бойынша 134500  рубль жəне 17 кредиттік серіктестік 

бойынша 328500  рубль. Несиелер жылдық 9-12%-бен берілді. Орташа жылдық пайыз 11,5%.               

А.С.  Домашнев  өзінің  «Орал  облысында  кредиттік  кооперацияның  дамуы»  деген 

еңбегінде  мынадай  деректер  келтіреді: «Несиелердің 70-80%-ы 50 с.  дейінгі  кішігірім 

несиелермен, 9-21%-ы 50-100 р.  дейінгі  жəне 100 р.  жоғары    несиелермен  берілді.  Барлық 

несиенің  1-ден 10%-ына дейін берілді» (3-кестені қараңыз.)  

3-кесте. 

Несиелер құрамы 

 

Несиелер 

1908 1909 1910 1911 1912 1913 

15  рубльге дейін 

 

29  35 19,7 28 18,4 19,3 



15  рубльден 25  рубльге дейін 

17  31  26,7 22,2 20,4 19,3 

25  рубльден 50  рубльге дейін 33,6 

23,3 


36,4 

31,1 


30 

30,7 


50  рубльден 100  рубльге дейін 19 

13,8 



15,2 

21,8 


21 

100  рубльден 150  рубльге дейін 

0,7 1,3 2,8 2,5 6,6 6,2 

15  рубльден  жоғары 

0,7 0,4 0,6 1 2,8 3,5 

Барлығы 100% 

100%

100%


100%

100%


 

100%


 

 

35

 



Берілген  несиелер  əр  түрлі  мақсаттарға  пайдаланылды.  Мəселен,  халықтың  басым 

бөлігі жұмысқа салатын ірі қара сатып алды. Бұл жерде егер салымдарды халықтың ауқатты 

бөлігі  салған  болса,  несиелердің  негізінен  кедей  бөлігіне  берілгенін  айта  кеткен  жөн. 

Сондықтан  да,  статистика  егер 1908 жылы 26,7% несие  берілген  болса,  онда  кейіннен  бұл 

пайыздың ұлғайып, 1912 ж. 44,4%-ға жеткенін  көрсетеді.  

Үлес  салмағы бойынша келесі орынды тұқым сатып  алу алады. Осы мақсатқа несие 

беру 13,1% жəне 27,3% арасында  ауытқыды.  Бұдан  əрі,  үнемі  азайып  отырғанына (1908 

жылы 29,9% жəне 1912 ж. 4,6%) қарамастан,  едəуір  пайызы  машина  жəне  жұмыс  күшін 

жалдауға кетті. Ауылшаруашылық машиналарын сатып алу үнемі ұлғайып отырды. Мəселен, 

1913 жылдың алдында 5 жыл осы мақсаттарға жұмсалған несиелердің пайызы 1908 жылы 9 

есе    (0,9%  жəне 8,3%) артты.  Осы  деректерден  несиелердің  басты  бөлігі (75%-85%) егін 

шаруашылығының қажеттіліктеріне жұмсалғаны көрінеді. Бұдан əрі, несиелердің құрамында 

кəсіптік  мақсаттарға  берілген  несиелер (1,9%-дан 11,7%-ға  дейін)  өздеріне  назар  аударады. 

Ең соңында, малға жем сатып алуға берілген несиелер көзге түседі. Бұл несиелер едəуір өсті 

– 1908 ж. 0,5%, ал 1912 ж. 5,1% берілді. Біз осы деректерден несиелердің  егіншілік (71,8%), 

кəсіптік (1,9%), мал  шаруашылығы (5,1%), өнеркəсіп-сауда (7,9%), қолөнерлік (5,4%) жəне 

басқа  да (7,9%) мақсаттарға  берілгенін  байқай  аламыз.  Осы  деректер 1912 жыл  үшін 

келтірілді, бірақ жалпы алғанда, олар басқа жылдарды да көрсетеді.  

Əрине, кредиттік бірлестіктердің  мүшелері барлық заемдарды бірдей дер уақытында 

қайтара  алмады.  Берілген  барлық  несиелердің  ішінде  кешіктірілген  сомалардың  ең  үлкен 

пайызы  астық  шықпай  қалған 1911 жылға  тиесілі,  сол  кезде  несие-жинақ  серіктестіктері 

мүшелерінің 11% несиесінің  жəне  кредиттік  серіктестіктер  мүшелерінің 6,6% несиесінің 

мерзімі  кешіктірілді.  Кредиттік  серіктестіктер  кешіктірген  несиелердің  пайызы  азырақ. 

Кешіктірілген несиелердің барлық сомасы берілген несиелердің жалпы сомасына қарағанда 

9%-дан  аспады.  Бірақ  кешіктірілген  несиелердің  арасынан  жыл  аяғында  көптеген  несиелер 

қайтарылып,  барлық  несиенің 6,1%-нан  аспайтыны  қалды.  Жыл  аяғында  барлық  осы  

кешіктірілген несиелердің жалпы сомасы берілген несиелердің жалпы сомасының 4,6%-ынан 

аспады.  Барлық  осы  деректер  кредиттік  бірлестіктер  мүшелерінің  алған  несиелерін 

ыждағатты  түрде  қайтарғанын  көрсетеді,  сөйтіп,  кешіктірілген  несиелер  оларды  берген 

бірлестіктерге  зілдей  ауыртпалық  түсірмеді.  Бірақ  үмітсіз  несиелерді  серіктестің  өзі  өтеген 

жағдайлар да кездесті.                                                              

                     



Кредиттік  серіктестіктердің  негізгі  міндеті  ауылшаруашылық  өндірісін  дамыту, 

шаруалар  қауымын  ауылшаруашылық  мүкаммалымен  жабдықтау,  ауылшаруашылық 

өнімдерін  өткізу  жəне  бастауыш  кооперативтердің  капиталдарын  құру  болды. «Барлық 

жаңа  нəрсе  жақсы  ұмытылған  ескі  нəрсе»  деп  халық  айтқандай,  ақша-кредит  саясатын 

дамытудың  бай  тəжірибесіне  ие  бола  отырып,  шетелдік  тəжірибеге  ғана  емес,  сонымен 

қатар  өз  тəжірибемізге  де  сүйенуіміз  қажет,  бұл  айтарлықтай  нəтижесін  беретін 

болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет