1
Теруге:
Редактор Г.Айманбетова
«Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны №3, 2006
№
Мақаланың атауы
Автор
Бөлімше
Көле
мі,
бет
Ақша-кредит саясатын дамыту
1. Инфляцияны таргеттеу
инфрақұрылымы туралы
Қоңырбаева Б. М.
ЗСД
2
Қаржы секторының жай-күйі жəне даму перспективалары
2. Аймақта тұтыну кредиттерін
берудегі даурықпа
Зинченко Г.И.
Солтүстік
Қазақстан
филиалы
13
3. Сақтандыру нарығындағы
ағымдағы жағдайлар, проблемалар
жəне перспективалар
Сыдықова Қ.С.
ЗСД
17
Экономика жəне қаржы нарығы: аймақтық аспектілер
4. Қарағанды
облысының
банк
секторының жай-күйі жəне даму
перспективалары.
Фираго И.В.
Қарағанды
филиалы
20
5. Бөлшек несиелеу рыногының
қарқынды дамуының жақтары
туралы
Ибраева А.
Атырау
филиалы
24
Тарих, маңызды оқиғалар мен мерейтойлар
6. Қостанай облысының қалыптасуы
мен дамуындағы банк жүйесінің
рөлі (70 жылдыққа арналады)
Жұмашев М.Ж..
Қостанай
филиалы
26
7. Орталық банктер өкілдерінің төлем
жүйелері бойынша халықаралық
кездесуі
Иманғазина А.К.
ТЖД
30
8. Батыс Қазақстан облысының ақша-
кредит саясаты: өткенге көз тастау
Қалдыбеков Н.С.
Батыс
Қазақстан
филиалы
31
2
АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫН ДАМЫТУ
Инфляцияны таргеттеу инфрақұрылымы туралы
Б.М.Қоңырбаева,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зерттеу жəне статистика департаментінің
Стратегия жəне талдау басқармасы бастығының орынбасары
Инфляциялық қысымның артуы жағдайында Ұлттық Банктің инфляцияның төмен
деңгейін ұстау жөніндегі міндетін іске асыру ақша-кредит саясатын жетілдіру
бойынша ақша-кредит саясатының қаржы секторының макрокөрсеткіштеріне
тигізетін ықпалын арттыруға бағытталған шаралар қолдануға себепші болады. Осы
шаралардың ішінде инфляцияны таргеттеу қағидаттарына көшуге дайындық та бар.
Ең алғаш рет Ұлттық Банктің инфляцияны таргеттеу қағидаттарына көшуге
дайындық туралы ойы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002-2004 жылдарға
арналған даму тұжырымдамасында ресми жарияланды жəне "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің 2002-2004 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі
бағыттарында" расталды.
Қазіргі уақытта Ұлттық Банкте инфляцияны таргеттеу (ИТ) қағидаттарына
көшуге дайындық жөнінде белгілі бір жұмыс ауқымы жасалды. Ары қарай жүрмес
бұрын, алынған нəтижелерді бағалай отырып, жекелеген əзірлемелер арасында
байланыстар орнатып, мақсатты (түпкілікті) құрылымды белгілеп, оның жетіспейтін
буындарын бөліп көрсеткен жөн.
Мақаланың негізгі мақсаты ИТ-ге «жоғарыдан көз тастауды» қалыптастыру болып
табылады. Сондықтан модельдерді, əдістерді, деректер базасының мазмұнын жан-
жақты сипаттау осы жұмыстың аясына кірмейді, себебі оларды қосу мəтінді тым
қиындатып жіберген болар еді. Сонымен қатар, бірқатар модельдердің, əдістердің,
деректер базасының жан-жақты сипаттамасы «Экономикалық шолудың» алдыңғы
нөмірлерінде мақалалар түрінде ішінара жарияланған жəне келесі нөмірлерінде
жариялауды жалғастыру жоспарланып отыр.
Мақалада талдау құралы ретінде жұмыстардың нəтижелері пайдаланылды (/1/).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі міндеті инфляция деңгейін
төмендету болып табылады. Ақша-кредит саясатының ағымдағы кезеңдегі проблемасы банк
жүйесінің мөлшерден тыс үлкен өтімділігі болып табылады. Коммерциялық банктерді қайта
қаржыландыру тетігі ішкі кредит динамикасына айтарлықтай ықпалын тигізу үшін, кредит-
банк институттары орталық банктің қаржылық көмегіне едəуір тəуелді болуы қажет. Банктер
Ұлттық Банктің қаражатын қажет етпейтін жағдайда банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ету
қиын.
Бұл проблема ауқымы кеңірек проблеманың: бағалы қағаздардың қайталама
нарығының жеткілікті дамымауының салдары болып табылады, мұның өзі Ұлттық Банктің
ашық нарық операцияларын жүргізу мүмкіндіктерін шектейді.
Қайталама нарықтың жеткілікті дамымауы қаржы нарығының тағы бір
проблемасының – қаржы нарығында кірістіліктің сенімді бағыт-бағдарының болмауына
себеп болып табылады.
Дүниежүзілік Банктің есептері ЖІӨ-нің 25-35% мөлшеріндегі мемлекеттік борыштық
бағалы қағаздардың қазақстандық деңгейінің орташа алынған əлемдік практикаға сəйкес
келетінін көрсетіп отыр. Алайда Қазақстанның жағдайында айналыстағы бағалы қағаздар
көлемінің нарықтық баға белгілеулерін ұстау үшін банктік емес қаржы ұйымдарының
инвестициялық активтерінің өсу қарқынын есепке алу қажет. Мемлекеттік міндеттемелердің
өтімді қайталама нарығын құрудың алғышарты зейнетақы қорларының портфелін кіріс
3
активтерімен толтыру болып табылады. Бұл үшін, Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша,
Қазақстанға активтер көлемін 2,5-4 есе ұлғайту қажет.
Бұл міндетті шешу үшін Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкті қоса алғанда
мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемін ұлғайту жəне мерзімдерін ұзарту жеткіліксіз, себебі
зейнетақы қорлары мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігін жұтып қоятын болады,
сөйтіп, нарықты қайталама нарық «жұмыс істеп кететіндей» дəрежеге дейін өтімділікпен
молайтуға кедергі жасайды. Кірістілік қисығын белгілеу үшін МБҚ-ның жеткілікті көлемі
мен құрылымын айналыста ұстаумен қатар, борыштық құралдар нарығының зейнетақы
қорларының жəне басқа да қор нарығына қатысушылардың неғұрлым кірісті, бірақ,
өтімділігі кемдеу инвестициялау құралдарына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін
инфрақұрылымдық облигациялар тəрізді баламалы
құралдарын дамыту қажет.
Ашық нарық операциясын жүргізудің шектеулі мүмкіндіктері жағдайында, Ұлттық
Банк оларды алмастырушыларды (өзінің бағалы қағаздарын шығару) белсенді түрде
пайдаланады, сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштерге тигізетін ықпалын күшейту
үшін ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру жөнінде шаралар қолданады. Мəселен,
2005 жылғы 1 шілдеден бастап ақша-кредит реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді, олар ақша-
кредит саясатының депозиттік жəне кредиттік операциялар тəрізді жекелеген операцияларын
мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді, қысқа мерзімді ноталар шығаруды,
репо операцияларын көздейді, инфляцияны таргеттеу (ИТ) қағидаттарына көшуге дайындық
жүргізіліп жатыр.
Инфляцияны таргеттеуге көшудің мəні. Инфляция өсуінің негізгі факторларының
бірі ақша массасының өсуі болып табылады. Ақша массасы банктердің кассаларындағы
қолма-қол ақшаның, банктерден тыс қолма-қол ақшаның жəне банк жүйесі депозиттерінің
сомасы болып есептелетіндіктен, орталық банк ақша массасын толық бақыламайды. Ақша
массасына реттеуші ықпал бұл жағынан алғанда ұзақ уақыт оперативті мақсатты көрсеткіш
болып табылған ақша базасы арқылы жасалады. Ақша базасына банктердің кассаларындағы
қолма-қол ақша, айналыстағы қолма-қол ақша (банктерден тыс ақша), сондай-ақ банктердің
жəне банктік емес ұйымдардың Ұлттық Банктегі шоттарындағы қаражат кіреді. Банктердің
орталық банктегі депозиттері банк жүйесіндегі депозиттер көлемінің сипаттамасы болып
табылады жəне олар міндетті талаптардың нормасымен белгіленеді. Ақша базасын осы
тұрғыдан орталық банктің тарапынан бақылауға алынып, орталық банкке эмпирикалық
жолмен анықталатын ақша мультипликаторы арқылы ақша массасын бағалауға мүмкіндік
береді.
Ұлттық Банктің ақшаға жасайтын шолуында пассивтер ақша базасын құрайды, ал
активтерге таза халықаралық резервтер жəне таза ішкі активтер кіреді. Таза халықаралық
резервтердегі өзгерістер негізінен төлем балансының өзгерістері арқылы пайда болады.
Төлем балансының жалпы оң сальдосы таза халықаралық резервтердің ұлғаюына əкеледі.
Таза ішкі активтерге осының орнын толтыратын ықпалдар болмаған кезде бұл ақша
базасының ұлғаюына əкеледі. Дəл осы сияқты, төлем балансының тапшылығы ақша
базасының азаюына əкеледі.
Сонымен, жалпы алғанда таза халықаралық резервтердің өзгерістері ақша базасы
өзгеруінің бақыланбайтын факторы болып табылады. Алайда, ақша базасы таза халықаралық
резервтердің өзгеруі себепті қаламаған бағытта өзгерген жағдайда, активтер мен
пассивтердің тепе-теңдігін
пайдалана отырып, ашық нарық операциялары арқылы таза ішкі
активтерге, валюталық интервенцияларға, кредиттік операцияларға өтемін қайтаратындай
ықпал етуге болады. Орталық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы, кері репо
операцияларын жүргізуі немесе банктерге кредит беруі ақша базасын ұлғайтады, ал
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуы, репо операцияларын жүргізуі немесе кредитті өтеуі
оны азайтады. Осындай өтемі бар операциялар реттеу деп аталады.
Ақпарат технологияларының жетілдірілуімен, жаңа қаржы құралдарының дамуымен
пайда болған ақша субституттарының (депозиттердің, облигациялардың жəне т.б.) кейбір
нысандарының өтімділігін ұлғайтумен бірге неғұрлым кең ауқымды ақша анықтамаларын
4
пайдалану қоса жүреді. Алайда, ақша массасы ұғымының кеңеюіне қарай, көптеген ақша
субституттарының түрлері бойынша міндетті резервтердің нормалары болмағандықтан,
орталық Банктің оны бақылау қабілеті кемиді. Бұл жағдай ақша-кредит саясатының бағыт-
бағдарларын қайта қарауға əкеліп соғады. Ақша-кредит саясатының танымал
индикаторларының арасында қысқа мерзімді пайыздық ставкалардың əр түрі бар.
Мақсатты көрсеткіш ретінде инфляцияның əр түрлі көрсеткіштері, ал оперативті
көрсеткіш ретінде қысқа мерзімді пайыздық ставкалардың əрқилы түрлері таңдап алынатын
ақша-кредит саясатын жүргізу əдісі инфляцияны таргеттеу
1
деп аталады. Пайыздық
ставкалардың инфляцияға ықпал ету тетігі ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді перспективада,
инфляцияның жоғарғы жəне төменгі деңгейінде əр түрлі. Қысқа мерзімді перспективада
пайыздық ставкалардың ұлғаюы ішкі валюта бағамының артуы жəне импортталатын
тауарлар бағасының тиісті төмендеуі есебінен тікелей ықпал етеді, ал ұзақ мерзімді
перспективада пайыздық ставкалардың ұлғаюы инфляциялық күтулердің төмендеуі жəне
онымен сабақтас кəсіпорындардың капитал салымдарының қысқаруы арқасында, сондай-ақ
тұтынудың азаюы есебінен жанама ықпал етеді. Инфляцияның жоғары деңгейлерінде ақша-
кредит саясатының өзгерістері күтілетіндердің сипатында тікелей көрініс табуы мүмкін, ал
төменгі инфляция жағдайында ақша-кредит саясаты шараларының ықпал ету тетігі мейлінше
күрделі жəне көбінесе жанама сипатта болады.
Пайыздық ставкалар арқылы басқарудың мəні мақсатты бағдар ретінде таңдап
алынған пайыздық ставкамен айқындалатын кейбір дəлізде орталық банкке тиісті нарықтық
ставкаларды ұстауға мүмкіндік беретін сондай бір тетікті əзірлеуде болып табылады. Банктік
өтімділікті басқару банктік резервтер мен банкаралық пайыздық ставкалар мөлшерінің
арасындағы теңгерілімге жету арқылы осы ставканы жəне дəліздің енін не олай, не былай
өзгертудің көмегімен жүргізіледі. Ашық нарық операцияларының көмегімен резервтік
қаражат қалдықтарына сұраныс пен ұсынысты теңестіре отырып, орталық банк банктерде
өтімді қаражаттың болуына ықпал етеді, яғни, орталық банк жалпы өтімділікті белгілейді.
Содан кейін нарық оны қайта бөледі жəне сөйтіп, банктік жəне банкаралық ақша
нарықтарында пайыздық ставкаларды өзгертеді. Инфляцияны таргеттеу кезінде ашық нарық
операцияларының маңызы күшейеді.
Инфляцияны таргеттеу қағидаттары Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының
инфляцияны төмендету жөніндегі негізгі міндетіне көбірек жауап береді жəне, бұдан басқа,
нарыққа қатысушылардың қойылған мақсаттың толық айқындылығына байланысты оған
деген көбірек сенімін қамтамасыз етеді. Осы қағидаттарды іске асыру ақша-кредит
саясатының дамыған елдердің орталық банктері қызметінің стандарттарына жақындау
бағытында дамуының сапалы түрде көтерілуін білдіретін болады.
ИТ-нің институционалды негізін құру саласындағы нəтижелер. Инфляцияны
таргеттеуді ендірген елдердің тəжірибесі инфляцияның мақсатты көрсеткіштерінің жүйесін
табысты ендірудің негізі бюджеттің тұрақты жағдайы жəне макроэкономикалық
тұрақтылықтың кепілдіктері, валюта бағамының, қаржы жүйесінің тұрақтылығы болып
табылатынын көрсетеді.
Тəжірибе жүргізу арқылы сондай-ақ инфляцияны таргеттеу қағидаттарына көшудің
институционалды негізі əзірленді, оған мыналар кіреді: заңнамалық база, инфляцияны
орталық банктің бірден-бір мақсаты ретінде ресми жариялау, орталық банк қызметінің есеп
берушілігі жəне ақпараттық ашықтығы, орталық банктің тəуелсіздігі. Ақша-кредит
саясатының негізгі құралдарын дамытудың жеткілікті деңгейі, орталық банктің құралдары
мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, инфляцияны болжаудың тиісті
əдістемесінің болуы инфляцияны таргеттеудің əсіресе маңызды аспектісі болып табылады.
Бұдан басқа, инфляцияны таргеттеу кезінде болжау жүйесіне жоғары талаптар қойылады,
мұның өзі ақша-кредит саясаты шараларының инфляциядан артта қалуына байланысты, бұл
1
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақсатты көрсеткіш ретінде инфляцияны, ал
оперативті көрсеткіш ретінде ақша базасын көрсетеді.
5
саясатқа қатысты міндеттемелердің сақталуын тұрақты түрде жедел бақылауды жүзеге
асыруды қиындатады (валюта бағамының жəне ақша массасының көрсеткіштерін қолдануға
қарағанда).
Заңнамалық база орталық банктің ақша-кредит саясатының құралдарын таңдау жəне
ақша-кредит саясаты саласында шешімдер қабылдау жөніндегі ресми тəуелсіздігін,
бағаларды тұрақтандырудың бірден-бір мақсаты ретінде ресми жариялауды, бюджет
тапшылығын қаржыландыруға тыйым салуды қамтиды. Атап көрсетілген жағдайлардың
қажеттілігін былайша түсіндіруге болады. Біріншіден, баға тұрақтылығы – бұл қаржы жүйесі
тұрақтылығының негізі, екіншіден, бірнеше мақсаттың болуы олардың арасындағы
шиеленіске əкеліп соғуы мүмкін, үшіншіден, бюджет тапшылығын инфляциялық
қаржыландыру орталық банктің ақша базасына, тиісінше инфляцияға да ықпалының
тиімділігін төмендетеді; жəне, ең соңында, төртіншіден, экономиканың өсу қарқынын
қолдау жөніндегі кейбір қысқа мерзімді мақсаттар ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын ұстау
мақсаттарына қайшы келуі мүмкін.
Инфляцияны таргеттеу қағидаттарына көшудің институционалды негізін құру
саласында Қазақстанда мынадай жұмыстар жүргізілді.
2004 жылдан бері Ұлттық Банктің негізгі мақсаты ретінде баға тұрақтылығы заңмен
бекітілді, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға ресми тыйым енгізілді, Ұлттық
Банктің тəуелсіздігі заң жүзінде бекітілді.
Ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру мақсатында (1) ақша-кредит саясатын
жоспарлаудың 3 жылдық деңгейгі белгіленді; (2) ішкі талдау үшін монетарлық емес
факторлардың баға деңгейіне естен тандырарлық ықпалын елемейтін
жəне инфляциялық
процестердің негізгі үрдістерін көрсететін
«базалық инфляция»
индексі
енгізілді жəне
пайдаланылады; (3) тоқсан сайын инфляциялық шолу шығарылады; (4) консультативтік-
кеңесу органы – Ұлттық Банктің жəне мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің,
Парламенттің, ғылыми ортаның, сондай-ақ экономиканың қаржы жəне нақты секторларының
қатысуымен Ақша-кредит саясаты жөніндегі кеңес құрылды; (5) ресми репо ставкасы
енгізілді; (6) ҚРҰБ операциялары бойынша мерзімдері мен сыйақы ставкалары
бірегейлендірілді; (7) ең төменгі резервтік талаптарды қалыптастыру жəне есептеу
əдістемесіне өзгерістер енгізілді; (8) қайта қаржыландыру ставкасын тоқсан сайын қайта
қарау практикасы енгізілді.
Валюталық режимді одан əрі ырықтандыру, капитал қозғалысымен байланысты
тəуекелдерді реттеуге, шетел валютасы ағындарының мониторингін жүзеге асыруға арналған
жаңа тəсілдер əзірленуде.
Ақша-кредит саясатының макроэкономикалық көрсеткіштерге тигізетін ықпалын
талдау мен болжауды жетілдіру үшін (1) ақша-кредит саясаты саласында қолданылатын
шаралардың инфляцияға тигізетін ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін Қазақстанның
трансмиссиялық моделі əзірленді, (2) трансмиссиялық тетік моделін толықтыратын кейбір
ілеспе модельдер (мысалы, P-Star инфляциялық қысым моделі, ықтимал ЖІӨ моделі
жəне
басқа модельдер) əзірленді, (3) Қазақстан экономикасының көпсекторлы моделі əзірленді, (4)
нақты сектор кəсіпорындарының мониторингі жүзеге асырылуда.
Ақпараттық ашықтықты күшейту үшін Ұлттық Банк бұқаралық ақпарат құралдарында
ақша-кредит саясатының жай-күйі мен перспективалары туралы мақалалар мен сөйленген
сөздерді үнемі жариялап отырады, өздерінің статистикалық, нормативтік жəне зерттеу
журналдарын шығарады, Ұлттық Банктің басшылығы мен қызметкерлері халықаралық
конференцияларға, кеңестер мен семинарларға қатысады. 2005 жылы «Теңге аумағы» атты
теледидар хабары іске қосылды.
Инфляцияны таргеттеу (ИТ) инфляция жөнінде мейлінше дəл болжамдар алуы үшін
кең ауқымды деректерді пайдалануды көздейтіндіктен, деректер базалары жəне болжам
жасау жүйесі, программистер тобының ұйымдық құрылымы, ақша-кредит (пайыз) саясаты
ережелерінің модельдері оның аса маңызды құрамдастары болып табылады.
Маңыздылығына қарай оларды «ИТ инфрақұрылымы» деген жалпы атпен біріктірейік.
6
Ұлттық Банктегі ИТ инфрақұрылымының жай-күйін талдау осы мақаланың негізгі
мақсаты болып табылады. Мұнда инфляцияны таргеттеу инфрақұрылымының ағымдағы
жай-күйіне талдау жасалады жəне оны дамытудың бұдан былайғы бағыттары белгіленеді.
ИТ Инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйі жəне оны одан əрі дамыту бағыты
Модельдер жүйелері жəне деректер базалары, олардың арасындағы өзара
байланыстар, сондай-ақ ұйымдық құрылымымен қоса болжам жасаушылар командалары
инфляцияны таргеттеудің инфрақұрылымын құрайды. Инфрақұрылым жаңа ақпараттың
ресми болжамға ықпалын қадағалауға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттың ықпалын бағалау
үнемі қаржы нарығының ағымдағы жай-күйі мен үрдістері туралы ақпаратты, қысқа мерзімді
кезеңнің, орташа мерзімді макроэкономикалық болжамның негізгі макрокөрсеткіштері
динамикасының конъюнктуралық бағасын қамтиды. Болжамға осының алдындағы болжам
тəуекелдерінің бағалануы, болжамдағы белгісіздіктің, мысалы, сенімгерлік аралықтардың
бағалануы кіруге тиіс. Бұдан басқа, ИТ жүйесінің функцияларына өзіне тəн ерекшелігі бар
тəуекелдерді зерделеу жəне күтпеген жағдайлар кезіндегі іс-əрекеттер жоспарын дамыту
кіреді.
Осы бөлімде қолданылып жүрген инфрақұрылымға мейлінше жан-жақты тадау
жасалады жəне оны жетілдіру жөніндегі жұмыстардың бұдан былайғы бағыттары
белгіленеді.
Жалпы алғанда ИТ жүйесіне мынадай элементтер кіреді: болжам жасау жүйелері,
болжам жасаушылар командасы, деректер базалары жəне ақпараттық коммуникациялар, есеп
беру жəне есеп нысандарының базалары.
ИТ
инфрақұрылымын
құрайтындардың
əрқайсысын
барынша
жан-жақты
қарастырайық.
1.
Болжам жасау жүйелері ақша-кредит саясаты жөніндегі шешімдерді əзірлеуге
арналған құрал болып табылады. Олардың шеңберінде экономиканың ағымдағы жай-күйін
бағалайтын оперативті бағалаулар мен қысқа мерзімді, сондай-ақ неғұрлым тұрақты
үрдістерді бағалайтын орташа мерзімді болжамдар жасалады. Ұлттық Банкте болжам жасау
жүйесінің мынадай элементтері бар: оперативті бағалаудың шағын жүйесі, орташа мерзімді
кешенді болжам жасаудың шағын жүйесі, қысқа мерзімді жəне орташа мерзімді ілеспе
модельдердің шағын жүйесі, орташа мерзімді баланстық болжамның шағын жүйесі, орташа
мерзімді құрылымдық болжамның шағын жүйесі жəне нақты сектор кəсіпорындары
мониторингінің шағын жүйесі (1-сурет).
1-сурет:
Болжам жасау жүйесі
Оперативті бағалау
Міндеттер:
-Техникалық комитетке
қаржы нарығының жай-күйі
туралы апта сайынғы
ақпарат жəне оның
үрдістерін оперативті
бағалау;
-қысқа мерзімді кезеңге
болжамдар;
Достарыңызбен бөлісу: |