Теруге: Редактор Г. Айманбетова «Экономикалық шолу»


Қарағанды облысының банк секторының даму жай-күйі жəне даму



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,51 Mb.
#8069
1   2   3   4   5

Қарағанды облысының банк секторының даму жай-күйі жəне даму 

перспективалары 

 

Фираго И.В. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қарағанды филиалы  

экономикалық талдау жəне статистика бөлімінің бас маманы-экономисі 

 

Қарағанды  облысы  қазіргі  уақытта  Қазақстанның  анағұрлым  экономикасы 



дамыған  аймағына  жатады.  Облыс  экономикасының  дамуындағы  табыстар  банк 

секторының  айтарлықтай  тұрақты  дамуынан  болып  отыр.  Экономикадағы  оң  үрдістер, 

халықтың  нақты  кірістерінің  өсуі,  халықтың  банк  жүйесіне  деген  сенімінің  артуы, 

нəтижесінде  халық  салымдарын  сақтандыру  жүйесінің  жұмыс  істеуі,  сондай-ақ 

кəсіпорындардың  қаржылық  жағдайының  жақсаруы  банктік  қызметке  сұраныстың 

ұлғаюына  ықпал  етеді,  соған  орай  соңғы  жылдары  тұрақты  оң  динамикамен 

сипатталатын банк бизнесінің дамуын ынталандырады.  

 

Депозит нарығы 

Облыстың банктері көп жылдық жұмыс тəжірибесі негізінде жəне салымшылардың 

өтініштерін  ескере  отырып  жасалған  барлық  мүмкін  болатын  арнайы  депозиттік 

бағдарламалар  ұсынады.  Банктер  жаңа  салымшылар  тарту  үшін  қатаң  бəсекелестік 

талаптарында  салымдар  ғана  емес  сонымен  бірге  барлық  мүмкін  болатын  қосымша 

қызметтердің  тізбесін  кеңейту  бойынша  жұмыстар  жүргізуде.  Жоғарыда  аталғанның 

растамасы – жеке жəне заңды тұлғалардың депозиттері көлемінің үнемі өсуі.  

Жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  облыстың  банк  жүйесіндегі  депозиттері  көлемінің 

2003 жыл – 2006 жыл аралығы кезеңіндегі өзгеру динамикасы № 1 кестеде келтірілген.  

 

Заңды жəне жеке тұлғалардың депозиттерінің құрылымы 

                                                                                              

                                                                                            № 1 кесте. 

                                                                                            млн. тг., кезең аяғына 

 

 

2003 жылғы  



1 тамызға 

2004 жылғы 

 1 тамызға 

2005 жылғы  

1 тамызға 

2006 жылғы  

1 тамызға 

Барлық депозит, оның ішінде 

23677,3 49362,5 80409,0 147045,3 

Заңды тұлғалар 1948,1 

19473,4 

37040,5 


93741,1 

Жеке тұлғалар 

21729,2 29889,1 43368,5  53304,2 

 

01.08.06  жылдағы  жағдай  бойынша  депозиттердің  қалдықтары 01.08.05 жылмен 



салыстырғанда 82,9%-ға, 01.08.03 жылмен салыстырғанда 6,2 есе ұлғайған. Олардың ішінде 

заңды  тұлғалардың  депозиттері 2003 жылмен  салыстырғанда 48 есе,  жеке  тұлғалардікі 2,5 

есе ұлғайған. Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері көлемінің айтарлықтай 

ұлғаюы  салдарынан  тұтасымен  заңды  тұлғалардың  депозиттерінің  көлемі  де  айтарлықтай 

өсті. Аймақтағы экономикалық жағдайдың жақсаруы (ескі кəсіпорындарды қайта құру, жаңа 

өндірістер  құру)  кəсіпорындарға  банктердегі  депозиттерге  еркін  ақша  қаражатын 

орналастыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қосымша кіріс алуға мүмкіндік береді.  

Жеке  тұлғалар  депозиттерінің  өсуі  екінші  деңгейдегі  банктердің  депозит  нарығында 

халықтың  белсенділігін  арттыру  бағытында  тұрақты  түрде  жүргізген  түсіндіру 

жұмыстарының,  депозиттерді  қайтаруға  жəне  олардың  кірістілігіне  кепілдік  беру 

нəтижесінде,  өз  клиенттерімен  ең  алдымен  өзара  тиімді  жəне  табысты  ынтымақтастыққа 

бағытталған,  салымшылардың  өтініштерін  ескере  отырып  əзірленген  түрлі  депозиттік 

бағдарламаларды ұсынуынан болып отыр. 


 

21

ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР 

Валюталардың  түрлері  бойынша  депозиттер  көлемінің  өзгеру  динамикасы 

 №2 кестеде келтірілген. 



Валюта түрлері бойынша депозиттер 

                                                                                                 № 2 кесте. 

                                                                                               млн. тг., кезең аяғына 

 

2003 жылғы  



1 тамызға 

2004 жылғы  

1 тамызға 

2005 жылғы 

 1 тамызға 

2006 жылғы 

 1 тамызға 

Барлық депозиттер, о.і. 

23677,3 49362,5 80409,0  147045,3 

Ұлттық валютада 

12620,4 25123,5 56748,1  60117,0 

Шетел валютасында 

11056,9 24239,0 23660,9  86928,3 

 

Ұлттық  валютадағы  депозиттер 01.08.05 жылмен  салыстырғанда 5,9%-ға, 01.08.03 



жылмен  салыстырғанда 4,7 есе  ұлғайған,  шетел  валютасындағы  депозиттер  өткен  жылмен 

салыстырғанда  3,6 есе, 01.08.03 жылмен салыстырғанда 7,8 есе ұлғайған.      

Депозиттердің  құрылымдарын  талдай  отырып,  қайтару  мерзімдері  бойынша    үлесі 

01.08.06  жылғы  жағдай  бойынша  жалпы  көлемі 85%-ды  құраған  мерзімді  депозиттердің 

өсуінің  тұрақты  түрде  басып  озу  үрдісі  туралы  атап  өту  қажет. 2003, 2004 жəне 2005 

жылдардың басып озу осы көрсеткіш тиісінше 95,4%-ды, 96,2%-ды жəне 76,9%-ды құраған, 

бұл  азаматтардың  банк  жүйесіне  үнемі  сенімді  екендігін  жəне  тұрғындардың  елдің  жалпы 

қаржы жүйесінің даму болашағына қатысты үміттерінің жақсарғанын растайды.      

Депозиттер  бойынша  орташа  алынған  сыйақы  ставкаларының  өзгеру  динамикасы 

мынадай  көрсеткіштермен  сипатталады: 01.08.2006 жылғы  жағдай  бойынша  ұлттық 

валютадағы  қысқа  мерзімді  депозиттер  бойынша  сыйақы  ставкасы  9,3%-ды  құраған 

(01.08.05  жылғы  деңгейден 0,7-ге  жоғары),  еркін  айырбасталатын  валютада – 6,5%-ды 

құрады (01.08.05 жылғы  деңгейден 1,5%-ға  төмен).  Ұлттық  валютадағы  ұзақ  мерзімді 

депозиттер  бойынша  сыйақы  ставкасы 9,8%-ды  құрады (01.08.05 жылғы  деңгейден 0,2-ге 

жоғары),  еркін  айырбасталатын  валютада – 6%-ды  құрады  (сондай-ақ 01.08.05 жылғы 

деңгейден 0,5-ке  жоғары).  Еліміздің  валюта  нарығындағы  АҚШ  доллары  бағамының 

тұрақсыздығы  ЕАВ-мен  қысқа  мерзімді  депозиттік  салымдар  көлемінің 3 айдан 1 жылға 

дейінгі  мерзімге  айтарлықтай  ұлғаюына  əкелді,  бұл  ЕАВ-мен  қысқа  мерзімді  депозиттер 

бойынша пайыздық ставкалардың мөлшерінің азаюына əсер етті.    

Халықтың  бір  жанға  шаққандағы  депозитінің  көлемі  01.08.06 жылғы  жағдай 

бойынша 39,9 мың теңгені құрады, 01.08.05 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 22,8%-ға 

ұлғайған, 01.08.04 жылмен салыстырғанда 77,3%-ға ұлғайған. 



 

Кредит нарығы 

Банктердің 

кредиттері – экономиканы 

инвестициялық 

ресурстармен 

қанағаттандырудың  басты  көздерінің  бірі.  Ресурс  базасының  жалғасқан  интенсивті  өсуі 

арқасында облыстың банк секторының кредиттік белсенділігі айтарлықтай жоғары деңгейді 

ұстап  тұр.  2003 жыл - 2006 жыл  аралығы  кезеңіндегі  несие  берешегі  көлемінің  өзгеру 

динамикасы № 3 кестеде келтірілген. 

Валюта мерзімдері мен түрлері бойынша несие берешегінің құрылымы 

                                                                                           №3 кесте                 

                                                                                           млн. тг., кезең аяғына 

 

2003 жылғы 



1 тамызға 

2004 жылғы 

1 тамызға 

2005 жылғы 

 1 тамызға 

2006 жылғы  

1 тамызға 

Барлық кредит, олардың ішінде 

33584,8  61441,1 116763,0 179091,3 

Қысқа мерзімді 

13479,7 25171,4 43672,7  65421,8 

Ұзақ мерзімді 

20105,1 36269,7 73090,3 113669,5 

Заңды тұлғаларға берілгені 

26021,9 43075,7 67542,5  99068,7 

Жеке тұлғаларға берілгені 

7562,9 18365,4 49220,5 80022,6 

 


 

22

ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР 

Соңғы  төрт  жылдағы  несие  берешегі  өзгерістерінің  талдамасы  кредиттеу  көлемінің 

айтарлықтай ұлғайғанын көрсетіп отыр. Егер 01.08.05 жылмен салыстырғанда көлем 54,4%-

ға  өскен  болса,  онда 2003 жылдың  осы  күнімен  салыстырғанда  көлем 5,3 есе  ұлғайған. 

Берілген  кестелер  өткен  жылғымен  салыстырғанда 55,5%-ға, 2003 жылмен  салыстырғанда 

5,6 есе ұлғайған  ұзақ мерзімді кредиттеу көлемінің басып озу қарқының үрдісін растайды. 

Соңғы  жылдардағы  қысқа  мерзімді  кредиттердің  үлес  салмағының  төмендеуі  екінші 

деңгейдегі  банктердің  кредит  саясатындағы  оң  өзгерістерін  растайды,  олар  ұзақ  мерзімді 

кредит ресурстарын ең алдымен кəсіпорындардың негізгі қорларды сатып алуына жəне ұзақ 

мерзімді жобаларды іске асыруға бағыттайды.  

01.08.06  жылғы  жағдай  бойынша  берілген  заемдардың  жалпы  құрылымында 

теңгемен берілген кредиттің үлес салмағы 71,4%-ды (127919,7 млн. теңгені) құраған. Өткен 

жылдың осы күнімен салыстырғанда осы көрсеткіш 2,9-ға ұлғайған (көлем 60%-ға ұлғайған). 

ЕАВ-да  берілген  кредиттің  үлес  салмағы 01.08.06 жылы 28,6%-ды (51171,6 млн.теңгені) 

құрады, 01.08.05 жылмен  салыстырғанда  көлем 38,9%-ға  өскен.  Елдің  валюта  нарығында 

АҚШ  доллары  бағамының  үнемі  төмендеу  үрдісі    тиісінше  ЕАВ-да  берілген  кредит 

көлемінің өсуіне алып келді.   

Облыстың  банк  жүйесінің  пайыздық  саясаты  заңды  жəне  жеке  тұлғалар  бойынша 

ұлттық  валютамен  де,  ЕАВ-да  орташа  алынған  сыйақы  ставкасының  төмендеуімен 

сипатталады. 01.08.2006 жылға  кредиттер  бойынша  орташа  алынған  сыйақы  ставкасы 

мынадай  көрсеткіштермен  сипатталады:  ұлттық  валютамен  қысқа  мерзімді  кредиттер 

бойынша – 15,3% (01.08.05 жылға – 15,9%),  ЕАВ-да қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 

12,7% (01.08.05 жылға – 13,1%). Тиісінше,  ұлттық  валютамен  ұзақ  мерзімді  кредиттер 

бойынша 01.08.06. – 21,2% (01.08.05 жылға – 22%), ЕАВ бойынша – 15,7% (01.08.05 жылға – 

16,3%).  Пайыздық  ставкалардың  төмендеуі  облыс  банктері  Қазақстан  Республикасының 

банктерінен  ғана  емес,  сонымен  бірге  шетел  банктерінен  қарызға  алатын  (бұл 

Республикамыздың  банк  жүйесіне  шетелдік  əріптестер  тарапынан  жоғары  сенімділігін 

білдіреді), «қымбат  емес»  қосымша  ақша  ресурстарын  тарту  үшін  облыс  банктерінің 

ыңғайлы кредит саясатын жүргізуі арқасында болып отыр.    

Бұрынғыдай  кредиттің  айтарлықтай  бөлігі  сауда  саласына  бағытталған. 01.08.06 

жылғы  жағдай  бойынша  қысқа  мерзімді  кредиттер  бойынша  олардың  үлесі 40,4%, ұзақ 

мерзімді кредит бойынша – 23,9%; өнеркəсіпке: қысқа мерзімді – 18,8%, ұзақ мерзімді -8,5%;  

жеке  еңбек  қызметіне:  қысқа  мерзімді – 8,2%, ұзақ  мерзімді – 48,3%; құрылысқа:  қысқа 

мерзімді – 2,9%, ұзақ  мерзімді – 4,7%, көлік  жəне  байланыс:  қысқа  мерзімді -1,6%, ұзақ 

мерзімді – 1,2%. 

Облыста  шағын  кəсіпкерлік  субъектілерін  кредиттеуді  дамыту  белсенді  түрде 

жалғасуда.  Банктер  ұсынатын  барлық  мүмкін  болатын  кредиттеу  бағдарламалары  шағын 

кəсіпкерлік  субъектілерімен  өзара  тиімді  ынтымақтаса  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді. 

Шағын  кəсіпкерлік  субъектілері  бойынша  несие  берешегінің  қалдығы 01.08.06 жылғы 

жағдай  бойынша 37971,1 млн.  теңгені  құрады.  Өсу  қарқыны 01.08.2005 жылмен 

салыстырғанда 39,2%-ды құрады, 2003 жылдың осы күнімен салыстырғанда – 6 есе.  

Шағын кəсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттердің үлес салмағы облыстың банк 

жүйесі  берген  жалпы  сомасына 21,2%-ды  құрайды.  Банктердің  филиалдары  берген  кредит 

есебінен  облыстың  өнеркəсіп  өндірісі  сияқты  ауыл  шаруашылығының  да  белсенді  түрде 

дамуы жалғасуда.  

Облыстың кредит нарығында халықтың қаланың ірі дүкендерінен  халық тұтынатын 

тауарларды  (ұйымдтехникасы,  компьютер  жəне  тұрмыстық  техника,  жиһаз  жəне  т.б.)  алу 

жөнінде  бөлшек  кредиттеу  жүйесінің  белсенді  дамуы  байқалады.  Осы  уақытта  екінші 

деңгейдегі  банктер  сауда  жəне  сервис  кəсіпорындарымен  тығыз  ынтымақтастықта  тұтыну 

кредиттеріне ставка қояды, осыған байланысты кредиттеудің өсуі облыс экономикасындағы 

жағдайдың  



 

23

ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР 

 

жақсаруымен  ғана  емес,  сонымен  бірге  жаңа  банктік  қызмет  есебінен  кредит  қызметі  



спекторының кеңеюімен   негізделген. Азаматтардың тұтыну мақсатына берілген кредиттің 

жалпы  сомасы 01.08.06 жылғы 48,4 млрд.  теңгені  құраған.  Өткен  жылғы  осы  күнмен 

салыстырғанда көлемі 60,3%-ға артқан.  

Сондай-ақ  облыс  банктерінің  ипотекалық  кредиттеуінің  дамығаны  туралы  атап 

өткен жөн. Ипотека ұғымы ел экономикасы дамуының орасан зор əлуеті бар, жылжымайтын 

мүлікті  кредит  берушіге  кепілдендірілген  кіріс  алуға  мүмкіндік  беретін,  жұмыс  істейтін 

капиталға айналдырудан, ал халықтың жылжымайтын мүлік сатып алуын қаржыландырудан 

тұрады. 01.08.06. жылғы  жағдай  бойынша    тұрғын  үй    сатып  алуға  жəне  салуға  берілген 

кредит  бойынша  жалпы  берешек  сома 17177,7 млн.  теңгені  құрады,  өткен  жылдың  осы 

күнімен  салыстырғанда  өсу  қарқыны 43,1%-ды  құрады, 2004 жылмен  салыстырғанда 

берешек 6,3 есе ұлғайған, бұл нарық жағдайындағы ипотека тұрғын үй саласына инвестиция 

тартудың анағұрлым тиімді тəсілі болып табылатындығын тағы да растайды. 

               Жалпы  алғанда  Қарағанды  облысының  банк  секторының  тұрақты  түрде  дамып 

отырғанын атап өткен жөн. Екінші деңгейдегі банктердің халықтың депозит нарығында 

белсенділігін  арттыруына,  депозиттерді  қайтаруға  жəне  олардың  кірістілігіне  кепілдік 

беруге  бағытталған  тұрақты  жүргізетін  түсіндіру  жұмыстарының  нəтижесі  болып 

табылатын  депозит  нарығының  табысты  дамуымен  қатар  берілген  кредит  көлемдері 

айтарлықтай  ұлғайып  отыр,  бұл  маңызды  нəрсе,  себебі  банктердің  кредиттері 

экономиканы инвестициялық ресурстарда қанағаттандырудың басты көздерінің бірі болып 

табылады.  Ресурс  базасының  жалғасқан  интенсивті  өсуі  арқасында  облыстың  банк 

секторының кредиттік белсенділігі айтарлықтай жоғары деңгейде қалып отыр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

24

ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР 



 

БӨЛШЕК НЕСИЕЛЕУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ  

ДАМУЫНЫҢ ЖАҚТАРЫ ТУРАЛЫ

 

 

А.Ибраева,  

«ҚР Ұлттық Банкі» ММ Атырау филиалының экономикалық талдау жəне статистика 

бөлімінің бастығы 



 

Банк  жүйесі  еліміздің  экономикалық-əлеуметтік  дамуының  белсенді  тұтқасына 

айналып  қоймай,  бұқара  халықтың  да  өмір-тұрмысына  батыл  енді.  Сан  түрлі  банктер 

адамдардың  қаржы  жəне  тұрмыс  мəселесі  жөніндегі  кез-келген  мұқтажын  толығымен 

өтеуде.  

Соңғы  жылдардың  ерекшеліктерінің  бірі  банк  бизнесі  құрылымының  өзгеруі  болды. 

Банк  мекемелерінің  қызметінде  корпоративті  клиенттермен  жұмыс  басымды  болса  да, 

бөлшек  сектор  жұмысы  маңызды  салаға  айналып  барады.  Заңды  тұлғаларды  несиелеу 

қарқынына қарағанда халыққа заем беру көлемі неғұрлым көбірек өсуде.  

 

Алдыңғы  жылдың 1 тамызына  облыстағы  банк  филиалдарының  жеке  тұлғаларды 

несиелеу көлемі несие қоржынының 50% құрап, 19 млрд.теңге шамасында болса, үстіміздегі 

жылдың  сəйкес  күніне  бұл  көрсеткіш  тиісінше 63,8 пайызға  жəне 44 млрд.теңгеге  жетіп 

отыр.  Осы  ретте 2006 жылдың 1 тамызына  халықтың  үй  салуына  жəне  сатып  алуына 

(ипотекалық) 12,2 млрд.теңге  көлемінде  несие  беріліп  отыр  (өткен  жыл  деңгейінен 2 есе 

артық).  

Сөз  жоқ,  кредиттер  көлемі  өсуінің  басты  факторларының  бірі – заңды  жəне  ең 

алдымен, жеке тұлғалар депозиттерінің өсуімен түсіндіріледі: 2006 жылдың 7 айында облыс 

банк жүйесіндегі салымдар көлемі өткен жыл деңгейінен 1,6 есе ұлғайып, 18,0 млрд.теңгеге 

жетті.  Сонымен  бірге,  үстіміздегі  жылдың  қаңтар-шілдесінде 52,8 млрд.  теңге  көлемінде 

салымдар тартылды, бұл – 2005 жылғы деңгейден 2,4 есе көп. Айта кетерлік жай, тартылған 

депозиттердің 70 пайызынан  астамы – жеке  тұлғалардың  салымдары.  Сөйтсе  де  өткен 

жылдың 7 айымен салыстырғанда заңды тұлғалардан тартылған депозиттердің өсу қарқыны 

халықтың  салымдарынан  (өсімі - 2 есе)  едəуір  жоғары – 6,1 есе.  Депозиттердің  көлемінің 

айтарлықтай  ұлғаюы  банктердің  ресурстық  (қор)  базасының  ауқымды  өсуіне  əкелді. 

Сонымен  бірге,  соңғы  жылдары  банктердің  сыртқы  рыноктан  қарыз  алу  көлемі  өсті  жəне 

бағалы  қағаздардың  отандық  нарығы  ұлғайды.  Аталған  факторлар,  əрине,  банктердің 

экономикаға көлемді қаражат құюына мүмкіндік берді. 

Сол сияқты, несиелеудің озық қарқыны жалпы экономикамыздың жəне халқымыздың 

өмірінің  деңгейінің  жоғарылауы  себебінен  болуда.  Отандық  банктер  бөлшек  рыноктағы 

ипотекалық,  автонесиелеуді,  тұтыну  несиесін  беруде  сауда,  қызмет  көрсету  жүйелерінің 

көмегіне де белсенді жүгінуде. Қазіргі кезеңде ірі азық түлік емес сауда орындарында, көлік 

сату  салондарында  банк  филиалдарының  қызмет  көрсету  орындары  орналасқан.  Банк 

жүйесінің  технологиялық  жетістіктерінің  бірі – қарыз  алушының  төлеу  қабілетін  тез  арада 

бағалау  мүмкіндігінің  болуы,  соның  нəтижесінде  кепілдіксіз  несиені 15-20 минут  уақытта 

беруі. 

Осы арада тұтыну несиесін жүзеге асыруда банк мекемелері үшін əр қарызгер туралы 



жеке несиелік тарихтың болуының мағынасы орасан зор екендігін айта кеткен жөн. Жоғары 

дамыған  елдерде  аталған  қызметті  мамандандырылған  институттар – кредиттік  бюролар 

көрсетеді. Қазақстанда арнайы заң қабылданса да, ондай құрылымдар əлі толық көлемде өз 

міндеттерін орындай қоймағаны өкінішті.  

  Халыққа  қызмет  көрсетуді  банктер  тек  қана  несие  қоржынын  диверсификациялау 

құралы  ретінде  емес,  сонымен  бірге  пайыздық  ставканың  төмендеуі  жағдайында 

пайдалылықты  жоғарылатуға  қолдануда.  Мысалы,  қазіргі  кезеңде  ресми  ақпаратқа  сəйкес 


 

25

заңды тұлғаларды ұлттық валютада несиелеу мөлшерлемесі 13-14 пайыз болса, жеке тұлғаны 



дəл  сондай  несиелеу  ставкасы  жылдық 20 пайыз  шамасында.  Шындығында,  банктердің 

міндетті  түрдегі  қосымша  қызметтерін  қоса  алғанда  пайыздық  мөлшерлеме  айтарлықтай 

жоғары болады. Осы ретте бөлшек несиелеу серпілісінің позитивті сəттерімен бірге негативті 

де жақтарын айқындауға болады. Жекелегенде, тұтыну несиесінің жылдам дамуы инфляция 

деңгейінің өсуіне əкелетіні рас. Сонымен қатар, бұл бағытқа кеткен қаражат экономиканың 

өсуіне септігін тигізбейді, өйткені ол ақшаларға көбінесе шетелдік тауарлар сатып алынуда. 

Мұндай  жағдай  отандық  өнеркəсіптің  азық-түлік  емес  тұтыну  тауарларын  шығармауы 

салдарынан қалыптасқан. 

Ипотекалық  несие  көлемінің  көбеюіне  келетін  болсақ,  оның  да  қайшы  жақтарын 

көруге  болады.  Берілген  заемдардың  белгілі  бір  бөлігі  тұрғын  үй  құрылысына  жұмсалса, 

екіншісі - жылжымайтын мүлік сатып алуға кетеді. Бұл бағытты берілген несиенің көбеюі - 

пəтерлердің  бағасының  шапшаңырақ  жоғарылауына,  басқа  елдерден  əкелінетін  құрылыс 

тауарларының  көлемінің  өсуіне  əкеледі.  Сонымен  бірге,  банктер  үшін  де  ипотекалық 

несиелеудің  тəуекелдігі  басымды  болатындығын  айта  кеткен  жөн.  Мысалы,  мұндай 

несиелеудің  кепілі  болып,  əдетте,  сатып  алынатын  жылжымайтын  мүлік  саналады.  Осы 

ретте,  бағаның  шұғыл  түсіп  кету  жағдайында  кепілдің  құнының  қарызды  қайтаруға 

жеткіліксіз болуымен бірге несие алған уақытта жаңа салынып жатырған кепілдіктегі үйдің 

құрылысының  аяқталмау  ықтималын  да  ескерген  жөн.  Мұның  өзі  банк  мекемелерінің 

қызметіндегі қауіп-қатер деңгейінің өсуіне əкеліп соғады. 

 Ипотекалық  несиелердің  қолма-қол  ақшамен,  қарызгердің  төлем  қабілетін  (кірісін) 

растайтын құжаттарсыз берілуі де орын алады.  

 

Əрине, экономиканың озық дамуы несиелеу процесінің белсенділігісіз мүмкін емес, сол 



себепті  экономиканың  нақты  секторына  қаражат  тарту – қоғамымыздың  приоритетті 

міндеттерінің  бірі  болып  саналады.Экономиканы  кредиттеудің  өсу  болашағына  келер 

болсақ,  онда  оның  көлемінің  ұлғаюы  жалғастырылатынын  айту  керек.  Дегенмен, 

қаржылық  делдалдық  деңгейінің  өсу  серпінінің  біраз  бəсеңдейтінін  болжауға  болады. 

Несиелендіру  қарқынының  баяулауы – инфляциялық  процестерді  тежеуші  факторлардың 

бірі  болып  есептеледі,  сол  себепті  қарыз  алу  құнын  жоғарылату – кредитке  деген 

сұранымның төмендеуіне əсер етеді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

26

ТАРИХ, МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР МЕН МЕРЕЙТОЙЛАР 

Қостанай облысының қалыптасуы мен дамуындағы  

банк жүйесінің рөлі 



(Облыстың 70 жылдығына арналады) 

 

Жұмашев М.Ж.. 



Ұлттық Банктің Қостанай филиалының директоры 

 

Қостанай  облысы  құрылғаннан  кейін, 1936 жылы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі 



Президиумының  қаулысымен  Мемлекеттік  банктің  Алматы  қаласындағы  Қазақ 

республикалық  кеңсесіне  бағынатын  Қостанай  облыстық  кеңсесі  құрылды.  Сол  кезде 

облыста  КСРО    Мемлекеттік  банкінің 36 бөлімшесі  жұмыс  істейтін  еді.  Экономика 

талаптарының  дамуына  байланысты,  Мембанк  бөлімшелерінің  желісі  өсті,  қызмет 

ауқымы кеңейді, операциялар көлемі өсті.  

2006  жылдың  тамызында  Қостанай  облысы  салтанатты  түрде  өзінің  жетпіс 

жылдығын  атап  өтті.  Мақалада  облыстың  банк  жүйесінің  қалыптасуы  мен  жұмыс 

істеуінің негізгі асулары көрсетілген.  

 

Отызыншы жылдардың екінші жартысында облыстың сауда-өнеркəсіп өмірі енді ғана 

дами бастады, сондықтан банк операциялары да өздерінің көлемі бойынша айтарлықтай бола 

алмады.  Ең  көп  дамығаны  тауарлар  мен  тауар  құжаттарына  берілген  мерзімді  несиелер, 

тауарлар  мен  вексельдерге  берілген  ағымдағы  арнайы  шоттар,  вексельдер  есебі  болды. 

Экономика талаптары өскен сайын Мембанк бөлімшелерінің желісі де өсті.  Сол отызыншы 

жылдары  Мемлекеттік  еңбек  жинақ  кассалары  мен  Мемлекеттік  кредиттің  Костанай 

облыстық  басқармасы  құрылды,  оның  қарамағына  қолма-қол  жəне  қолма-қол  емес  есеп 

айырысулар бойынша ірі есеп айырысу орталықтары болған 10 орталық жинақ кассасы кірді.

 

 



Соғыстың алдындағы жəне соғыс жылдары Мембанктің тағы да 7 бөлімшесі ашылды.  

Ұлы Отан соғысы  елге зор зиян келтірді. Бюджет тапшылығы эмиссияның есебінен өтелді. 

Өндіріс  көлемі  қысқара  отырып,  айналыстағы  ақша  массасы  ұлғайды.  Бұл  ұйымдаспаған 

(колхоз)  нарықта  бағалардың  өсуіне  əкеліп  соқты.  Мемлекеттік  саудада  тұтыну  заттарының 

соғыстың  алдындағы  бағалары  сақталды.  Рубльдің  сатып  алу  қабілеті  төмендеді.  Соғыстың 

зардаптарын жою үшін экономика саласында рубльдің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет 

болды. КСРО Министрлер Кеңесінің жəне БКП (Б) ОК-ның «Ақша реформасын жүргізу жəне 

азық-түлік  жəне  өнеркəсіп  тауарлары  карточкаларын  жою  туралы» 1947 жылғы 14 

желтоқсандағы  қаулысына  сəйкес  ақша  реформасы  жүргізілді:  құны 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100

 

рубль  жаңа  ақша  белгілері  айналысқа  шығарылды.  Қолма-қол  ақша  ескі  ақшаға 1:10 



қатынтаста  айырбасталды.  Осылайша  айналыстағы  ақша  массасы 10 есе  қысқарды.  Ақша 

реформасы  жүргізіле  отырып,  бір  мезгілде  барлық  азық-түлік  жəне  өнеркəсіп  тауарларына 

деген карточка жүйесі алынып тасталды жəне нан бағасы карточкалық бағаға қарсы 10-12 % 

төмендетілді.   

 1947 жылғы ақша реформасының алғашқы жылдарында жəне карточка жүйесі алынып 

тасталғаннан  кейін  экономиканы  дамытудағы  қол  жеткен  табыстар  өнімдердің  өзіндік 

құнының төмендеуіне, дүкендердегі молшылыққа əкелді. Бөлшек саудадағы бағалар ай сайын 

төмендей  бастады.  Алайда  бағалардың  төмендеуі  төлем  қабілеті  бар  сұраныстың  өндірістің, 

əсіресе  ауыл шаруашылығының мүмкіндіктерінен асып кетуіне  əкеліп соқты.  Айналыстағы 

ақша массасының өсуін тежеу үшін, халықтың еңбек ететін барлық санатының жалақысынан 

«халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  жəне  дамыту»  заемдарының  облигацияларын 

төлеуге 10 % ұсталды. Үкімет рубльдің шетелдік валюталарға қатысты ресми бағамын көтеру 

жəне оның есебін алтын базасына аудару қажет деп таныды. Осыған дейін рубльдің бағамы 

шетелдік валюталарға қатысты тікелей алтын базасында емес, белгіленген алтын құрамы бар 

жəне алтынға айырбасталатын қандай да бір шетел валютасының базасында белгіленетін еді. 


 

27

Сонымен, 1950 жылғы 1 наурызда үкімет рубльдегі алтынның құрамын 0,222168 г. таза алтын 



деп белгіледі.  Рубльдің жаңа бағамы 1 доллар үшін бұрынғы 5 рубль 30 тиынның орнына 4 

рубль болып белгіленді. 

           Рубльдің  бағамы  алтын  базасына  көшірілгеннен  кейін  ондаған  жылдар  бойы (1950 – 

1960  ж.ж.)  елдің  ақша  айналымдары,  мемлекеттік  бюджет  мөлшерлері,  сондай-ақ  өндіріс, 

ұлттық табыс көлемдері (ақшалай көрсетілуінде) орасан зор өсті.  Экономикалық қызметтің 

көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиард жəне триллион рубльдермен  көрсетілді. Мұндай 

үлкен  сомалардағы  есеп  қаржы–банк  жəне  шаруашылық  органдарының  практикалық 

жұмысын  қиындатты.  Сондықтан  үкімет  бағалардың  ауқымын 10 есе  ірілендіру,  рубльдің 

алтын құрамын көтеру жəне айналыста жүрген ақшаны жаңасымен ауыстыру жөнінде шешім 

қабылдады. 1961 жылдың  қаңтарынан  бастап  жаңа  үлгідегі  ақша  билеттері:  қазынашылық 

мемлекеттік  билеттер  жəне  мемлекеттік  банктің  билеттері  айналысқа  шығарылды.  Ақша 

билеттері  мен  ескі  үлгідегі  айырбастау  монеталары 1:10 қатынасы  бойынша  жаңаларына 

айырбасталды.  Бір мезгілде дəл осы қатынаста тауарлар мен қызмет көрсетулердің, жалақы 

тарифтерінің,  зейнетақы,  стипендия  мөлшерлерінің,  барлық  төлем  міндеттемелерінің, 

шарттардың жəне т.б. бағалары қайта есептелді. 

             Өткен  ғасырдың 60-70 жылдары  біздің  облысымыз  қара  жəне  түсті  металлургияға 

арналған  шикізаттың,  тауар  тұқымының,  мал  шаруашылығы  өнімдерінің  ірі  жеткізушісіне 

айналды.  Тың  жəне  тыңайған  жерлерді  игеру,  Соколов-Сарыбай  кен  байыту  комбинаты, 

Жетіғара  асбест  комбинаты,  Қостанай  камволь-шұға  комбинаты  жəне  басқа  кəсіпорындар 

тəрізді  индустрия  алыптарының  құрылысы,  көліктің,  байланыстың,  сауданың  дамуы  

кредиттік мекемелердің өсуіне жəне шаруашылықтармен байланыстарын кеңейтуіне ықпалын 

тигізді. Мəселен, облыстың халық шаруашылығына салынған кредиттік салымдар 1936 жылы 

82 млн. рубльге тең болды, 1960 жылы олар 3 млрд. рубльден, ал 1970 жылы 4 млрд. рубльден 

астам  болды.  Сөз  жоқ,  мұндай  кредиттік  салымдар  кəсіпорындар  мен  ұйымдарды 

жоспарлаудың жəне экономикалық ынталандырудың жаңа тəртібіне көшіруге қолайлы негіз 

жасады.  Мембанктің  бөлімшелері  жəне  облыстың  жинақ  кассалары  күн  сайын 60 мың 

операция  жасады. 3 пайыздық  заем  облигацияларын  сату,  еңбекшілердің  басы  артық  ақша 

қаражатын  жинақтау  үшін,  оларды  тарту  жөнінде  үлкен  жұмыс    жүргізілді. 260 мың  адам 

салымшылар  болып  табылды. 1969 – 1970 жылдары  жұмыста  жақсы  көрсеткіштерге  қол 

жеткізгені  жəне  міндеттемелерін  асыра  орындағаны  үшін  Мембанктің  Қостанай  облыстық 

кеңсесі Қазақстан КП ОК-ның, Қаз. КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қаз. КСР Министрлер Кеңесінің 

Құрмет грамотасымен марапатталды.  

     Жылдар өтіп жатты. Қазақстан егемендік алғаннан кейін өзінің банк жүйесін құруға 

кірісті.  Қазақ  республикалық  банкі  Қазақ  КСР  Мемлекеттік  Банкі  болып  қайта  құрылды. 

«Қазақ  КСР-дегі  банктер  жəне  банктік  қызмет  туралы»  жаңа  Заң  қабылданды.  Осы  заң 

арқылы  тұңғыш  рет  коммерциялық  банктің  анықтамасы  берілді  жəне  өзге  де  кредиттік 

мекемелер  құруға  рұқсат  етілді.  Сөйтіп  екідеңгейлі  банк  жүйесі  қалыптастырылды. 1993 

жылдың  сəуірінде  «Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  туралы»  жеке  Заңның 

қабылдануымен Ұлттық Мемлекеттік Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып 

қайта құрылды, оған орталық банктің барлық классикалық міндеттері жүктелді.  

               90-шы  жылдардың  басы  кооперативтік  қозғалыстың  дамуына  жəне  халық 

шаруашылығының  нарықтық  қатынастарға  көшуіне  байланысты  əр  түрлі  қаржы  ұйымдары 

санының  қарқынды  дамуымен  сипатталды.  Көптеген  салалық  банктер  пайда  болды. 1990 

жылы КСРО Внешэкономбанкінің Қазақстан филиалы ретінде 1994 жылға дейін халықаралық 

операциялар жүргізген бірден-бір банк болып табылған «Əлембанк» құрылды. 1991 жылдың 

қаңтарында Мембанк негізінде «Кредсоцбанк» ААҚ құрылды. Сол кезде жұмыс істеген басқа 

ірі банктің бірі бастапқыда КСРО Промстройбанкінің Қазақстан бөлімшесі ретінде құрылған 

«Тұранбанк» болды. 1993 жылы Қостанай облысында 1 мемлекеттік, 7  аймақтық банк жəне 

коммерциялық банктердің 8  филиалы жұмыс істеді.   

               1995  жылы  директивалық  кредиттер  беру  тоқтатылды,  орталықтан  беру  көздері 

есебінен ұсынылатын кредиттердің көлемдері мен мерзімдері қысқартылды, ал экономиканы 


 

28

кредиттеу  функциясы  негізінен  ҚҰБ-дан  екінші  деңгейдегі  банктерге  көшті.  Банктер 



экономиканы халықтан тартылатын жинақ ақша есебінен өз бетімен кредиттеуді қамтамасыз 

етуге тиіс болды.  

              КСРО  тарағаннан  кейін  кеңестік  валюта – рубль – барлық  бұрынғы  кеңестік 

мемлекеттерге  мұра  болып  қалды.  Алайда  бірыңғай  валюта  (рубль)  аймағын  сақтау 

сəтсіздікке  ұшырады.  Қазақстанның  банк-қаржы  жүйесінің  дамуындағы  ең  елеулі  оқиға  өз 

валютасын – Қазақстан  теңгесін  шығару  болды.  Ескі  кеңес  рублін  жаңа    теңгеге  

айырбастауды  Ұлттық  Банк  жүзеге  асырды.  Қолма-қол  рубльді  айырбастау,  сондай-ақ 

рубльмен  салынған  шоттар,  салымдар  жəне  міндеттемелер  500 рубль  үшін 1 теңге  бағамы 

бойынша  теңгеге  айырбасталды.  Жүргізілген  айырбастау  нəтижесінде  КСРО-ның 1961-1992 

жылдардағы  үлгідегі    республика  бойынша    тұтас  алғанда  сомасы 950,6 млрд.теңге,  оның 

ішінде  Қостанай  жəне  бұрынғы  Торғай  облысы  бойынша 52,6 млрд.теңге  болатын  рубль 

банкноталары  айналыстан  алынды.  Біздің  облысымызда  бұл  науқан  тиянақты,  ұйымдасқан 

түрде  жəне  қысқа  мерзімде  өтті.  Өте  көп  ақша  сомаларын  тасымалдау  жəне  қайта  есептеу 

бойынша негізгі ауыр салмақты көтерген Ұлттық Банктің жəне екінші деңгейдегі банктердің 

кассирлері  мен  инкассаторларын  жəне  Қостанай    жəне  Торғай  облысының  басшылары  К.У. 

Укин мен Ж.К. Қосабаевты атап өткіміз келеді 

    Долларға қатысты белгіленген теңге бағамы 18.11.1993 ж. жағдайы бойынша 4 теңге 

70  тиын  болды, 4 ай  өткен  соң  ол 87 теңге 50 тиын  болды.  Қарабалық  кентінде  алғашқы 

жекеменшік  айырбастау  пункті  «Аида»  ШЖК  пайда  болды.  Кейінгі  жылдары  АҚШ 

долларына қатысты теңге бағамы күрт өсті. Тиісінше бағалар мен жалақы өсті. Өсіп отырған 

инфляция  неғұрлым  ірі  номиналдағы  банкноталарды  шығару  қажеттігін  туғызды. 

Шығарылған 200, 500, 1000, 2000 теңге  купюралардан  басқа,  кейіннен 5000 жəне 10000 

теңгелер шығарылды .   

    Екінші  деңгейдегі  банктердің 1999 жылғы  желтоқсанда  қабылданған  қызметтің 

халықаралық  стандарттарына  көшу  бағдарламасы  банк  жүйесін  одан  əрі  нығайтуға 

бағытталды.  Бұл  бағдарлама  капиталдың  жеткіліктілігі,  активтердің  сапасы,  бухгалтерлік 

есеп,  ақпарат  енгізу  жəне  беру    бөлігінде  банктердің  халықаралық  банктік  стандарттарға 

көшуін  көздейді.  Дəл  сол  уақытта  ҚР  Ұлттық  Банкі  Үкіметпен  бірлесе  отырып,  ұлттық 

валютаның  еркін  өзгермелі  айырбастау  бағамы  режимін  енгізу  туралы  шешім  қабылдады. 

Мұның өзі бағамның осыдан бастап сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын білдірді.  

Ұлттық Банк тиімді күтулерден асатын бағам ауытқуларына жол бермеумен шектеле отырып, 

ішкі валюта нарығына өзінің қатысуын едəуір қысқартты. 

Банкирлердің  үлкен  бір  тобы – менің  алдымдағы  көшбасылар 

о

блыстың  банк 



жүйесінің  қалыптасуы  мен  дамуына  көп  күш,  қуат,  білімін  жұмсады.  РСФСР  мемлекеттік 

банкінің    Қостанай  бөлімшесінің  тұңғыш  меңгерушісі  Иван  Александрович  Левиковтың  өз 

қолымен  толтырған  мұрағаттағы  құжаттар  бүгінгі  күнге  дейін  сақталған.  Бөлімшені 1922 

жылғы мамыр 1924 жылғы қараша аралығында басқарған. Одан кейін бөлімшені   - кейіннен 

облыстық  кеңсені,  облыстық  басқарманы,  филиалды    Колобаев (1936 ж.  қараша – 1937 ж. 

қазан), Старков П.Г. (1937 ж. қазан - 1938 ж. мамыр, 1938 жылғы мамырда  ІІХК органдары 

тұтқындаған),  Қарасаев  Н.К. (1938 ж.),  Бураков (1938 ж.  қыркүйек - 1940 ж.  қыркүйек), 

Басманов Ф.С. (1940 - 1943 ж.ж.),  Телемтаев  М. (1943 - 1947 ж.ж.),  Бөстекпаев Ж. (1947 ж. 

қыркүйек - 1948 ж. сəуір), Сатыбалдин М. (1948 ж. мамыр – 1952 ж. қыркүйек), Қасымов Б. 

(1952  ж.  қыркүйек – 1959 ж.  қыркүйек),  Самко  С.И. (1959 ж.  қыркүйек – 1976 ж.  қараша), 

Мороз Я.К. (1976 ж. қараша - 1989 ж. қаңтар), Əлімбаев Е.Б. (1989 ж. қаңтар - 1994 ж. шілде). 

Тақабаев Т.А. (1994 ж. шілде - 1998 ж. тамыз) басқарған.  1998 жылғы қыркүйектен бастап ҚР 

Ұлттық Банкінің басшылығы маған филиал ұжымын басқаруға уəкілеттік берді.  

     Бүгінгі күні бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең тұрақты қаржы жүйелерінің бірі бізде. 

Қызмет көрсету тізбесін кеңейту банктік қызметтің басты міндеттерінің бірі болып табылады. 

Əр  түрлі  банк  түрлерінің  арасында  болған  шекаралардың  жойылуына  байланысты,  бүгінгі 

күні  көптеген  əмбебап  банктер  қызмет  көрсетудің  кең  ауқымын  ұсынады.  Банктердің 

арасында  салауатты  бəсекелестік  бар,  оның  мақсаты  олардың  қызметін  жəне  өнімдерін 



 

29

тұтынатындардың  барынша  көп  санын  тарту  болып  табылады.  Қостанай  облысында  Жеке 



тұлғалардың  салымдарына  кепілдік  беру  (сақтандыру)  қорының  қатысушылары  болып 

табылатын екінші деңгейдегі 14 банктің 32 филиалы, 176 айырбастау пункті жұмыс істейді.  

Берілетін кредиттердің көлемі ұдайы өсіп отыр: 1998 - 2006 жылдар аралығында кредиттердің 

көлемі 2,4 млрд. теңгеден 71 млрд. теңгеге дейін өсті. Депозиттер 2 млрд. теңгеден 23 млрд. 

теңгеге дейін өсті. Төлем карточкаларының нарығы белсенді түрде дамуда.  

 

Қаржы жүйесін одан əрі дамыту қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету 



арқылы  əлемнің    бəсекеге  мейлінше  қабілетті 50 елінің  қатарына  Қазақстанның  кіруіне 

бағытталған. Біз облысымыздың  осы процеске өз үлесін қосатынына  сенімдіміз, бірақ бұл 

біздің туған  өлкеміздің  келесі мерейтойы аталып өтетін жаңа тарих беттері болады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

30

ТАРИХ, МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР МЕН МЕРЕЙТОЙЛАР 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет