13
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖƏНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
«Аймақта тұтыну кредиттерін берудегі дүрбелең»
ҚР Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалы
директорының орынбасары
Г.И. Зинченко
Кредит экономиканың тірегі, экономикалық өсудің ажырамас бөлігі болып
табылатындығы белгілі. Оны ірі кəсіпорындар, шағын өндірістік ауылшаруашылық жəне
сауда субъектілері де, сол сияқты жеке тұлғалар да пайдаланады.
Кредиттік мекемелер облыстағы қаржы нарығына қатысуын кеңейте отырып,
экономиканың нақты секторына жататын ірі корпоративтік клиентураны кредиттеу
нарығынан ресурстардың бір бөлігін босатуда жəне барған сайын басқа да орындарға
белсендірек қатысуда, бүгінгі күні солардың неғұрлым тартымдысы жеке тұлғаларға
тұтыну кредиттерін беру болып табылады.
Тұтыну кредиті – адамның тұрмыс, тұрғын үй жағдайын жақсартуға қажетті
ақшалай қаражатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сол сияқты шұғыл істерді
орындауға арналған кредит. Банктік ортада кредиттеудің осы түрін бөлшек бизнеске
жатқызады.
ТМД елдерінің жетекші қаржыгерлерінің пікірінше, тұтыну кредитін беру біртіндеп
банктердің бөлшек бизнесінде көрсетілетін негізгі қызметіне айналуда.
Қаржыны қадағалау агенттігінің ақпаратынан көрінгендей, банктердің активтері
мен ресурстық базаларының шапшаң өсуі салдарынан соңғы жылдары кредиттік
операциялар көлемі абсолютті, сондай-ақ салыстырмалы түрде ұлғайып отыр.
Қазақстандық банк жүйесінің бүкіл тарихында бұрын-соңды болып көрмеген
экономиканы кредиттеу көлемінің өсуі Standard&Poors рейтинг агенттігінде тіркеліп, талдау
жасалды. Талдау деректері бойынша, соңғы бес жылда елдің банк жүйесіне экономиканың
несие берешегінің көлемі орта есеппен жылына 50-60%, ал аса ірі банктерде «одан да
тезірек» ұлғайды. Өткен 2005 жылға келсек, талдау есебінің деректері кредиттік портфельдің
жүз пайыз өскендігін көрсетеді. Осыған сəйкес, банктердің активтері өсу үстінде. Қаржыны
қадағалау агенттігінің деректері бойынша, қазақстандық банктердің жиынтық активтері
2005 жылы ЖІӨ-нің 48% құрады, ал олар берген кредиттер ЖІӨ-нің 34,8%, оның ішінде
тұтыну кредиттері ЖІӨ-нің 4,3% құрады. Салыстыру үшін айталық, ипотекалық
кредиттердің көлемі ЖІӨ-нің 7% құрады. Талдаушылардың бағалауынша, Қазақстандағы
тұтынушылық кредиттеудің жыл сайынғы өсімі 50% құрайды.
Қазақстанның жетекші банкирлері түсіндіргендей, егер экономикасының көлемі жəне
халқының саны жағынан Қазақстанмен салыстыруға болатын Орталық жəне Шығыс Еуропа
мемлекеттерінің көрсеткіштерімен салыстырсақ, ЖІӨ-нің 34,8%-ы деген цифр сондай үлкен
де емес. Мəселен, бұл көрсеткіш Мажарстанда 46%, Словенияда 48%, Эстонияда 58%
құрайды.
Тұтас алғанда республика бойынша, сол сияқты облыс бойынша бөлшек тауар
айналымы өсімінің қарқыны туралы айтсақ, орынды болар еді. ҚР Статистика агенттігінің
деректері бойынша, 2005 жылы бөлшек тауар айналымы өсімінің қарқыны 12,3%-ға дейін
(облыс бойынша 6,4%-ға дейін ) өсіп, 1,18 трлн. теңге (облыс бойынша 26,6 млрд.т.) болды,
мұның өзі халықтың сатып алу қабілетінің өскенін көрсетеді, оның өсу факторларының бірі
ретінде динамикалы түрде өсіп отырған тұтыну кредиттерінің көлемін атауға болады.
Тұтынушылық кредиттеу көлемінің облыстың бөлшек тауар айналымының көлеміне
қатынасы 2005 жылы оның үлес салмағының мөлшерін 36% деп белгіледі, бұл 2004 жылғы
деңгейден 21% жоғары.
Халықаралық талдаушылар Қазақстандағы қолайлы макроэкономикалық жағдай
кредиттік ресурстарға деген сұраныстың тұрақты өсуіне апаратынын атап өтті. Осыған
14
байланысты, біздің республикамыз (ТМД бойынша Ресейден кейін екінші) шетелдік
инвестициялық компаниялар үшін де тартымды болып отыр, солардың бірі Чехияның Home
Credit компаниясы болды. 2005 жылдың аяғында «Хоум кредит Қазақстан» АҚ Қазақстан
азаматтарына алғашқы тұтыну кредиттерін берді. Ресейде бұл компания 2001 жылдан бастап
жұмыс істейді жəне бүгінгі күні тұтынушылық кредиттеу көлемі жағынан кінші орын алады.
Компанияның стратегиялық жоспарларына бизнесті ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар
аудан орталықтарында да дамыту кіреді. Соған байланысты, Home Credit «Қазпошта» АҚ-
мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.
Тұтынушылық кредиттеумен Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні банктердің
барлық 12 филиалы («Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалынан басқа) айналысады.
Кредиттеудің осы түрінің географиясының кеңеюі ауыл тұрғындарына «Альянс» жəне
«ЦентрКредит» банктерінің филиалдарымен жасалған агенттік келісім бойынша тұтыну
кредиттерін беретін Халық Банкінің аудандық филиалдары мен есеп айырысу-касса
бөлімшелері арқылы, сол сияқты «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшелері арқылы қамтамасыз
етілді.
Home Credit компаниясының «Қазпошта» АҚ-мен жасаған ынтымақтастық туралы
шартының арқасында аудандарда «Хоум кредит Қазақстан» АҚ арқылы тағы бір
бəсекелестік пайда болатынын атап өткен жөн, мұның өзі ауыл тұрғынына кредиттеудің
мейлінше жақсы шарттарын таңдауға мүмкіндік береді.
Облыстың банк секторының 2005 жылдағы жұмысын 2004 жылмен салыстырып
талдау банктердің кредиттік портфелінің 1,8 есе, ал тұтыну кредиттері көлемінің 2,3 есе
өскенін көрсетеді. 2005 жылы жеке тұлғалар кредиттерінің облыс кредиттерінің жалпы
көлеміндегі үлес салмағы 31,1% құрады. Осы кредиттердің үлес салмағының жыл сайынғы
өсімі соңғы үш жылда 54% болды. Салыстырып қарайық – 2000 жылы жеке тұлғалар
кредиттерінің үлесі 5% қана болған еді.
Аймақтағы тұтынушылық кредиттеудің көрші облыстармен салыстырғанда
интенсивті қарқынын атап өткен орынды болар еді. 2005 жылы Солтүстік Қазақстан
облысының 57 мың тұрғыны 9658,5 млн.теңге кредит алды, бұл Ақмола облысының
көлемінен 7,3 есе жəне Қостанай облысынан 3 есе жоғары.
Облыстың тұтынушылық кредиттеу көлемінің өскенін 2005 жылы 2004 жылмен
салыстырғанда заем алушылыр санының 2,5 есе ұлғаю фактісі көрсетеді (№ 1 кесте).
Тұтыну кредиті бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына енді: үй тұрмысы, білім,
демалыс, емделу.
Тұтынушылық кредиттеудің мерзімі едəуір өсті. Егер 2000 жылы ол 6 ай мерзімге
дейін берілсе, онда бүгінгі күні оны қаласаңыз 15 жылға алуға болады. Орташа мерзімі - 1-2
жыл.
Кредиттеудің сомасы туралы да осыны айтуға болады. Дəл сол 2000 жылы тұтыну
кредитінің ең жоғарғы сомасы 500 АҚШ долларын құрайтын еді. Заем алушының кредит алу
қабілеті жеткілікті болған жағдайда, бүгінде бұл сома 15000 АҚШ долларын құрайды.
2000ж. – 2005ж. аралығындағы кезеңде пайыздық ставкалар 21-42%-дан 18-24%-ға
дейін төмендеді.
Тұтыну кредитін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар да 5 жыл ішінде өзгерді. Егер
2000 жылы жеке/заңды тұлғаның кепілдіктері плюс жылжитын жəне жылжымайтын мүлік
кепілге алынса, 2005 жылы көптеген банктер кредиттерді кепілсіз-ақ, заем алушының
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды, кредитке сатып алынатын тауарды
сақтандыруды кепілге қойып не болашақта карта шотына түсетін ақшаны кепілге қойып
(жалақы əдісі), депозитті жəне т.б. кепілге қойып берді.
Аймақтағы бөлшек кредиттер нарығы бүгінгі күні барған сайын жаңа, мейлінше
қызғылықты өнімдер ұсынуда. Жылдық 15% пайызбен 15 жылға арналған автокредиттер,
«15 минут ішінде» кредиттері, оқуға, емделуге берілетін кредиттер, салтанатты атап өтуге
арналған «Үйлену тойы» кредиті, туристтік жолдаманың ақысын төлеуге арналған «Өмір
қуаты» кредиті, блиц-кредиттер, банктердің карта ұстаушыларға арналған кредиттік
15
лимиттері, «5-пен кредиттер» (5% бастапқы жарна, 5% пайыздық ставка, 5 ай кредит мерзімі)
жəне т.б.
Банктер барынша көп клиент санын жаулап алу мақсатында əр түрлі іс-шараларды
өткізеді: «Өз кредитіңді ұтып ал!», «Бір кредит алып, екіншісіне жеңілдік ал» жəне
басқалары.
Бүгінгі күні облыста тұтыну кредиттерінің 20-дан астам түрі жұмыс істейді, оларды 5
негізгі түрге бөлуге болады. Бұл шұғыл қажеттіліктерге арналған кредиттер, автокредиттер,
экспресскредиттер, депозит кепілге қойылған кредиттер, халық тұтынатын тауарлар сатып
алуға қойылған кредиттер.
Облыс банктерінің кредиттік портфелін талдаған кезде соңғы 2 жылда орташа
есеппен тұтыну кредиттерінің 93%-ы қолма-қол ақшамен берілетіні (клиенттің осы банктегі
ағымдағы шотынан беру арқылы), тек қана 7%-ын банктердің кредитке сатып алынатын
тауарлар үшін сауда ұйымдарына аударатыны белгілі болды. Бұл факт қолма-қол ақшасыз
есеп айырысудың «бір жақты» пайдаланылатынын көрсетті, себебі банктер сауда
кəсіпорындарының қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларға қатысқысы келмеуіне
байланысты оларды өз бетімен ендіре алмайды. ҚР Үкіметінің «Төлем карточкаларын
пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға міндетті сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының
санатын бекіту туралы» 15.12.2004ж. №1328 қаулысының облыста «құлықсыз»
орындалатынын айтып өткен жөн, мұның өзі көбінесе сауда кəсіпорындарының қолма-қол
ақшасыз есеп айырысуларға мүдделі емес екендігіне байланысты болып отыр.
Банктер арасында бəсекелестік өсуде, банктер өз кезегінде филиалдық желілерін
кеңейтуде, кредиттік лимиті бар карталарды, кепілсіз экспресс-несиелерді, жалақыны
қарызға алуды жəне өмір сүруді жеңілдететін көптеген басқа нəрселерді жарнамалауда. Іс
жүзінде біздің көз алдымызда Қазақстанда нағыз тұтыну қоғамы қалыптасуда. Осының бəрі
тұтынушы үшін сөзсіз қолайлы жағдайлар туғызады, бірақ екінші жағынан, осы дүрлігу
аясында барған сайын банкирлердің өздерін толғандыратын проблемалар туындайды.
Мəселен, Қазақстан банктеріндегі проблемалы жəне қайтарылмайтын кредиттердің
жиынтық үлесі Қаржыны қадағалау агентігінің деректері бойынша 2005 жылы несие
портфелінің жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрады. Солтүстік Қазақстан облысында
облыстың несие портфеліндегі кешіктірілген тұтыну кредиттерінің үлесі соңғы 2 жылда
шамамен 8% құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен əлдеқайда төмен.
Белгілі халықаралық сарапшылардың, атап айтқанда сол Standard&Poors агенттігінің
пікірінше, Республикадағы «проблемалы несиелердің» үштен бірі деген бұл өте көп.
Standard&Poors талдаушылары өздерінің қорытынды есебінде Қазақстанда несиелік
берешектің осынша жылдам өсуінің бір заем алушыға шаққанда кредиттеудің жиынтық
көлемінің ең жоғарғы тəуекел мөлшерінің нормативіне тақауымен тікелей байланысын атап
өтті. Жəне де бұл фактінің көлемі жағынан ауқымды корпоративтік кредиттерге де, сол
сияқты бөлшек кредиттеуге де қатысы бар.
Осыған ұқсас жағдай Ресейде де байқалады. Мəселен, Ресей банкирлерінің пікірінше,
Ресей Федерациясының тұрғындары көптеген тұтыну кредиттері бойынша борыштарын
барған сайын нашар қайтаруда. РФ Орталық Банкі жалпы алғанда кредиттеу көлемінің
өсуіне байланысты банк жүйесінде тəуекелдердің жинақталғанын айтып отыр.
Кредиттердің қайтарылмауына байланысты қалыптасқан жағдай Қаржыны қадағалау
агенттігінің Қазақстан қаржы жүйесінің 2004 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша
жасаған болжамын растады. Агенттіктің талдаушылары кредиттік қабілеті мейлінше төмен
заем алушыларға (себебі қаржы жағынан барынша тұрақты кəсіпорындар банк кредиттерін
алып алған) кредиттік қызмет көрсетулерді ұсыну немесе тұтыну жəне ипотекалық кредиттеу
есебінен кредиттік портфельдің одан əрі өсуі қамтамасыз етілетіні, мұның өзі кредиттік
портфель сапасының нашарлауына жəне банктер тəуекелдерінің жоғарылауына əкеліп
соғатыны туралы болжамдар айтты.
Тұтыну кредиттерінің əр қилы түрлері мен нысандарының тəсілдерін талдаған кезде
жарнаманың тұтынушыға тигізетін əсерін бағаламауға болмайды. Банкті таңдаған кезде
16
адамдар көбінесе газет-журнал беттерінен түспейтін жарнамалық ақпаратты, стендтер мен
билбордтарды пайдаланады. Сонымен қатар, облыс халқының бір бөлігінің банктік есеп
айырысу жағынан мағлұматы шамалы екендігін атап өткен жөн. Сондықтан кредит ала
отырып, кредит бойынша сыйақының жиынтық ставкасын толық есептей алатын клиент
некен-саяқ . Ал ол облыс бойынша орташа алғанда 18-24% емес, 27-30% құрайды.
Банктер клиенттер базасын өсіруге жанталасып, БҚА-да кредит бойынша нақты
пайыздық ставканы көрсетпейтін жарнамалық ақпарат жариялайды. Мəселен, бір банктер
«бір жылғы» ставкаларды, енді біреулері «жылдықты» көрсетеді. Сондай-ақ банктер кредит
берген кезде көбінесе клиенттерден ілеспе қызметтер үшін, мысалы, кредит бергені,
консультация бергені, құжаттарды қарағаны, əр түрлі шоттарды ашқаны жəне жүргізгені,
кепілге салынған мүлікті бағалағаны жəне т.б. үшін негізсіз ақы алады, мұның өзі сыйақы
ставкаларының мөлшерін одан сайын бұрмалайды жəне клиенттерді тұйыққа тірейді.
Соған байланысты, Қаржыны қадағалау агенттігі банктердің ақпарат тарату кезінде
шынайы, салғастырып есептелген, яғни банктердің сыйақы ставкаларының салыстырмалы
көрсеткіштерін алу үшін қаржылық қызмет көрсету ерекшелігі жəне клиенттердің барлық
ілеспе шығындары ескеріле отырып, жылдық тиімді есебі шығарылған сыйақы ставкасын
көрсету міндетін көздейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізді.
Бүгінгі күні кредит нарығы қандай талаптар қоймасын, банктердің лайықты
саясаты түптің түбінде адамдардың өмір сүру жағдайларының жақсаруына, олардың əл-
ауқатының өсуіне, ал ендеше, тұтас алғанда елдің экономикалық жəне мəдени өсуіне
əкеледі.
17
ҚАРЖЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖƏНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы, проблемалары жəне
перспективалары туралы
Сыдықова Қ.С.,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу жəне статистика департаменті
стратегия жəне талдау басқармасының жетекші маманы-талдаушысы
1992 жылы 3 шілдеде қабылданған «Сақтандыру туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы ұлттық сақтандыру нарығының қалыптасуына ықпал етті.
Бұл заң əлемдегі сақтандыру туралы ең либералды заңнамалық актілердің бірі болып
табылды. Ол сақтандыруды жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделерін сақтандыру
жағдайларының
салдарларынан
сақтандыра
қорғауды
қамтамасыз
ету
мақсатындағы кəсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде айқындады. Бірақ бұл заң
сақтандыру компанияларын бақыламай, шектеу шараларын енгізбегендіктен,
нарықтың бейберекет дамуына əкеліп соқты. Дегенмен, соңғы жылдары
сақтандыру нарығының дамуында алға басушылық байқалады. Бұл нарық қаржы
нарығының біршама жас жəне болашағы бар, аса зор өсу əлуетке ие бөлігі болып
табылады.
2006 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 39 сақтандыру компаниясы, шет
елдің қатысуымен 5 жəне өмірді сақтандыру бойынша 4 компания жұмыс істейді.
2002 жылмен салыстырғанда сақтандыру компанияларының саны 5-еуге артты,
мұның өзі сақтандыру нарығының кеңейуін көрсетеді.
2005 жылғы қазаннан бастап нарықта 1 ірі сақтандыру компаниясы («Еуразия»
СК) жəне 4 орташа сақтандыру компаниясы («Экспорттық кредиттерді жəне
инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ,
«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» СК, «БТƏ Сақтандыру» АҚ, «Лондон-
Алматы» СК» АҚ БК) жұмыс істейді. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған 39 сақтандыру
ұйымының 31-і «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы
болып табылады.
Қазақстанның сақтандыру жүйесін құрайтын барлық сақтандыру резервтерінің
негізгі көлемін сыйлықақылар жинау бойынша жетекші ірі компаниялар құрайды,
оларға 50,8% тиесілі. Олардың арасында «Еуразия» СК -13,2%, «БТƏ Сақтандыру»
АҚ - 13,1%, «КИС» Казахинстрах АҚ - 10,1%, «Лондон-Алматы» СК» АҚ - 8,2%,
«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» СК ААҚ - 7%. Компанияның сақтандыру
резервтері сақтандыру сыйлықақыларының аударымдары есебінен қалыптасқан, бұл
өз кезегінде сақтандырушылардың шамалы ғана бөлігінің белсенді іскерлік қызметін
көрсетеді.
2002 жылмен салыстырғанда сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық
көлемі 6 есе ұлғайып, 2006 жылғы 1 қыркүйекте 111,2 млрд. теңге болды. ІЖӨ-ге
қатысты сақтандыру активтерінің жиынтық көлемі 1,27% құрады. Қазақстан
Республикасы сақтандыру ұйымдарының активтердің сапасын жəне өтімділігін
ескере отырып есептелген жиынтық меншікті капиталы соңғы 5 жылда 13 есе артып,
63,3 млрд. теңгені құрады. Сақтандыру компаниялары қалыптастырған сақтандыру
резервтерінің сомасы 2001 жылмен салыстырғанда 8 есе ұлғайып, 61,3 млрд. теңге
болды.
18
Сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 2002 жылмен салыстырғанда
сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының өсімі
есебінен 5 есе артып, 76,1 млрд. теңгені құрады. Қазақстан Республикасының
сақтандыру ұйымдары қайта сақтандыруға 29,7 млрд. теңге сомаға сыйлықақы берді,
бұл 2002 жылғы осы көрсеткіштен 3 есе көп (9,8 млрд. теңге). Сақтандыру
төлемдерінің көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 5,4 есе ұлғайып, 7,3 млрд. теңгені
құрады.
2006 жылдың 8 айы үшін сақтандыру сыйлықақылары түсімдерінің жалпы
көлемінде міндетті сақтандыру түрлері бойынша түсімдердің үлесі 10,3% құрады.
Ерікті сақтандыру түрлері бойынша - 89,7%, оның ішінде жеке басты сақтандыру
бойынша - 9,9% жəне мүлікті сақтандыру бойынша – 79,8%.
Мүлікті ерікті сақтандыру санаты бойынша түсімдердің едəуір үлесін басқа
қаржы шығындарынан сақтандыру (36,5%), азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру (автомобиль, əуе жəне су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін қоспағанда) (30,0%), мүлікті сақтандыру (20,5%), автомобиль көлігін
сақтандыру (5,4%) бойынша түсімдер құрады. Міндетті сақтандыру санаты бойынша
сақтандыру сыйлықақылары түсімдерінің ең көп көлемі қызметкердің өміріне жəне
денсаулығына залал келгені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру (40,9%), көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру (35,7%) салаларында, экологиялық сақтандыру бойынша
(8,8%) байқалды.
Жеке басты ерікті сақтандыру құрылымында ең үлкен үлес салмағына (43,8%)
жазатайым жағдайлардан сақтандыру ие болып отыр, ауырған жағдайда сақтандыруға
25,8% тиесілі болды.
Алайда, қарастырылған оң үрдістерге қарамастан, сақтандыру нарығын
дамытудың кейбір проблемалары бар. Қазіргі сəтте сақтандыру нарығының өзекті
мəселелері сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз капиталдануы, қайта сақтандыру
арналары бойынша шет елге берілетін сақтандыру сыйлықақылары үлесінің
жоғары
болып қала беруі, өмірді ұзақ мерзімге сақтандырудың дамымауы болып табылады.
Қазақстандық сақтандырушылардың сақтандыру портфелі əр түрлілігімен
ерекшеленбейді. Бұл, негізінен, сақтандырудың жазатайым жағдайлардан
сақтандыру; жүкті сақтандыру; медициналық сақтандыру тəрізді дəстүрлі түрлері.
Міндетті сақтандыру түрлері: көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру, нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру. Бұл ретте, ерікті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру
компаниялары көрсететін қызмет бағаларында айтарлықтай алшақтықтар
орын алып
отырғанын атап өту керек.
Талдау Қазақстанның сақтандыру нарығында ерікті мүліктік сақтандыру
бойынша операциялар үлесінің ұлғаю үрдісі басым екенін
көрсетіп отыр. Міндетті
сақтандыру түрлері бойынша жоғары шығындылықтың жəне жеке басты
сақтандырудың (аннуитетті жəне өмірді сақтандыру) қымбат болуы салдарынан
ерікті мүліктік сақтандырудың өсуі байқалады. Сөз жоқ, бұл теріс үрдіс, бірақ ол
мынадай объективті факторлардан туындап отыр, оның ішінде:
- халықтың сақтандырудың жинақтау түрлеріне сенімсіздігі; сақтандыру
ұйымдарының жеткіліксіз капиталдануы;
- қайта сақтандыру арналары бойынша шет елге берілетін сақтандыру
сыйлықақыларының жиынтық сыйлықақылардағы жалғасып отырған жоғары үлесі
(01.09.06 – 34,2%);
19
- өмірді ұзақ мерзімге сақтандырудың дамымауы;
- азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жылдық сақтандыру
тарифтерінің төмен мөлшері;
- жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынып кеткен тұлғаның жол-көлік оқиғасын
жасауы салдарынан өміріне жəне денсаулығына залал келген зардап шеккендерді
қорғау жөнінде əлеуметтік шаралардың болмауы;
- сақтандыру сыйлықақыларын есептеудің икемді жүйесінің жоқтығы;
- сақтандыру жағдайын заңдық негізде дəл анықтай алмау;
- қор ұлғайған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын есептеу тəртібінің айқын
еместігі;
- еңбекақы төлеу; аннуитет шартын жасау рəсімінің қиындатылуы.
Мұнай бағасының жоғары болуының əсерінен Қазақстан экономикасы
жоғары қарқынмен өсууде. Бұл ретте, осы уақытқа дейін сақтандыру секторы
экономикамен бірге дамыды. Сақтандыру сыйлықақыларының жан басына
шаққандағы өсуі мен жан басына шаққандағы жалпы кірістің арасында өзара
тығыз байланыс бар. Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай кірістері 5 есе
өсті, жалақы 6 есе ұлғайды. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, экономика
дамуының қолайлы болжамдарының арқасында халықтың əл-ауқатының жоғары
өсу қарқыны күтіледі.
20
ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР
Достарыңызбен бөлісу: |