Бекин – йаңлық. Бұл екі сөздің қазақ тіліндегі баламасы – сияқты. Қазіргі тілімізде мүлдем қолданылмайды. Йаратты ай бикин зеба сени хақ 515 (Айдай сұлу етіп жаратты сені хақ); Қуйаш йаңлық жеханны тутты атың 118 (Күн сияқты жаһанды тұтты атың).
Көп – өкүш – талим.Бұл сөздер өзара синонимдік қатар құрағанымен қазақ тілінде өкүш және талим сөздері қолданудан шығып қалған. Өкүш йыллар Йаратқан бақый тутсын 160 (Жаратушы ұзақ жылдар өмір берсін); Көңүл бахринда көп гаухарлариң бар 47 (Көңіл теңізінде көп гәуһарларың бар); Талим айуан үзра учқан хума мин 606 (Талай алтын сарайдың үстінен ұшқан құмаймын).