Бурун – ашуну – оза. Осыдан ілгергі кезде, ертеректе деген мағынада жұмсалған. Бұл синонимдік қатарындағы ашуну, оза сөздері қазақ тілі тұрғысынан архаизмге айналған. Мысалы, Бурун алқысса бек мадхин айайын 105 (Әлқисса, алдымен бек мадағын айтып алайын); Жехандин ашуну миң йыл қылды халиқ 481 (Жаһан жаралмастан мың жыл бұрын); Оза жансыз тан ерди мүлки сенсиз 111 (Сен жоқ кезде мемлекетіміз жаны жоқ тән сияқты еді).
Бұл синоним сөздердің соңғы екі сыңары қазіргі қазақ тілі тұрғысынан көне сөздер болып табылады. Дегенмен қазіргі тілде кейбір байырғы сөздердің іздері төл тілімізде сақталып қалған. Оза сөзінің оз түбірі уақыт ұғымын береді. Қазақ тілінде «мезгіл, мерзім» түсінігін «заман озды», «уақыт озды» тіркестерінен байқауға болады. Оз- етістігінің «қуып жетіп, алға шығу, ілгері кету», «асу, арту, өту» сияқты мағыналары кейіннен пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |