Йүз – йаңақ – ең. Адамның беті, өңі, түрі, түсі; ажар, көрік, шырай ұғымдарын береді. Қара мең ал йаңақыңда йарашур 191 (Қара меңің ал қызыл өңіңе жарасып тұр); Йүзүңда көрдим ей жан байрам айын 61 (Жүзіңнен көрдім, ей жаным, мейрам айын). Аның ким ал еңинда мең йаратты 11 (Оның ал қызыл өңінде мең жаратты). Қазақ тілінде бет, жүз, әлпет [87, 152 б.].
Таңри – йаратқан – уған. Бұл синонимдік қатар құраушы сөздер бір-бірінен стильдік жағынан ерекшелінеді. Таңри сөзі бізге орхон-енисей ескерткішінен таныс. Тәңри йалңуқ йаратты ДТС 544 (Тәңірі адамды жаратты).
Йаратқан қазақ тілінде й ~ ж сәйкестігімен өзгешеленсе, уған сөзінің түпкі түбірі у екені белгілі. Мысалы, Улығ таңриниң атын йад қылдым 1 (Ұлық тәңірінің атын жад қылдым); Уған Йүсүп жамалин сизга берди 581 (Құдай Жүсіп пайғамбардың жамалын сізге берді). Йаратқан ким тән ичра жан йаратты 81 (Жаратқан ием, тән ішінде жан жаратты).
Ескерткіште араб тілінен енген хақ та´ала – хақ – халиқ – йаздан сөздері өзара синонимдік қатар құрайды. Мысалы, Агар берса суйурғаб хақ та´ала 215 (Хақ тағала кеңшілігін берсе егер); Бу сөзда, хақ билүр, йалған йоқ, ей жан 326 (Бұ сөзде хақ білер жалған жоқ, ей жаным); Халайық севганин халиқ севар хам 366 (Халық сүйгенді құдай да сүйеді); Ошал күн ким сени йаздан йаратты 86 (Сол күні сені тәңірі жаратты). Қазақ тілінде бар әлемді жасаушы құдіретті күшті құдірет иесі құдай, тәңір, алла, алла тағала, жаратқан, жаратушы, жасаған, құдірет, ие, пір, жаппар, хақ, рахим сөздерімен беріледі [87, 380 б.].
Көне түркі жазба ескерткіштерінде «құдай» деген ұғым беретін байат, иди сөздері кездеседі. «Қутадғу билиг» пен «Һибат-ул хақайиқта»: Байат аты бирла сөзүг башладым ҚБ 12 (Жаратушы атымен сөзімді бастадым); Ай йер көк идиси ҚБ 4 (Ей, жер мен көктің иесі); Бу қудрат идиси улуғ бир байат ҺХ 19 (Бұл құдіреттің иесі ұлы бір құдай). Ал, орта ғасыр ескерткіші Мн-да Жаратушының әртүрлі сипаттарын танытатын атаулардың бұндай көне тұлғасы қолданылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |