Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


ғ/г дыбыстарының түсіп қалу сырын М. Рясянен олардың өте бәсең артикуляциямен айтылуында десе [49, 130 б.], М. Томанов сөз соңындағы г



бет33/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

ғ/г дыбыстарының түсіп қалу сырын М. Рясянен олардың өте бәсең артикуляциямен айтылуында десе [49, 130 б.], М. Томанов сөз соңындағы г-нің элизиясы көбіне оның алдында қысаң дауыстылардың іргелес айтылуына байланысты дейді [50, 61 б.].

Ескерткіште к дыбысы еллик (елу), тирик (тірі), кичик (кіші) сөздерінде түсірілмей айтылған. Тирик. Тірі. Тирик болсун, шаха, дауран барынча 475 (Тірі болсын, шаһым дәурен барында). Кичик. Кіші. Кичик йашдин улығларның улуғы 108 (Кішік жастан ұлықтардың ұлығы). Түркі тілдерінде: түрк., küçük; әзірб., küçük; башқ., kıskinä; қырғ., kiçine; өзб., kiçik; тат., kiçkinä; түркм., kiçi; ұйғ., kiçik., қаз., кіші [43, 526-527 бб.]. Қазіргі қазақ тілінде к дыбысы элизияға ұшырап, түсіріліп қолданылады: елу, тірі, кіші.

Ескерткіште бір сөздің бойынан к дыбысының түсіріліп те, түсірілмей де қолданылғаны байқалады. Әсіресе, бұндай құбылысты сан есімдердің берілуінен аңғаруға болады. Ики, икки, елли, еллик варианттары да жарыса қолданылған. Еллик. Елу. Бүгүндин соң йүз еллик йыл йашағыл 172 (Бүгіннен соң жүз елу жыл жасағыл). Елли. Елу. Йети йүз елли төрт ичра түганди 622 (Жеті жүз елу төртінші жылы жазылып бітті).

Сонымен мынадай сипаттары арқылы қазақ тілінен алшақтай түседі. Біз зерттеп отырған ескерткіштің тілінде көне ұйғыр жазба дәстүрінің сарқыншақтары бар, олар оғыздық элементтермен жарыса қолданылған. Сөз соңындағы ғ/қ дыбыстары түспей қолданылады: ачық (аш), қатық (қатты), ұлығ (ұлық), к дыбысы еллик (елу), тирик (тірі), кичик (кіші) сөздерінде түсірілмей айтылған. Кейбір сөздердің екі варианты да қатар қолданылған: ики, икки, елли, еллик. Сөз құрамында көбіне қ, к, ғ, г дыбыстарының элизияға ұшырағанын аңғаруға болады. Қазіргі кезде бірқатар түркі тілдері осы тұлғалардың екі формасын да қолданатындығы байқалады. Сөз ортасы мен сөз соңында ғ дыбысының сонар и, у дауыссыздарына айналған: ағыр ~ ауыр, ағыз ~ ауыз, бағр ~ бауыр, бағла ~ байла. Бұдан өзге дауысты дыбыс сәйкестіктері мен дауыссыз дыбыс сәйкестіктерінде де оғыздық, қарлұқтық белгілер бар.

Сөйтіп, дауысты және дауыссыз дыбыстардың сәйкестігі ескерткіштің өз ішінде де, ескерткіш тілі мен қазақ тілін салыстырғанда да, жалпы қазіргі тірі тілдерде де кездеседі. Кейбір сөздердің орта ғасырлық формасын оғыз және қарлұқ-ұйғыр тілдері көбірек сақтап қалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет