Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


қ дыбысының қазіргі кезде де түркі тілдерінің ішінде өзбек, ұйғыр тілдерінде түсірілмей, кейбіреулерінде түсіріліп, тіпті түрікмен тілінде қ



бет32/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

қ дыбысының қазіргі кезде де түркі тілдерінің ішінде өзбек, ұйғыр тілдерінде түсірілмей, кейбіреулерінде түсіріліп, тіпті түрікмен тілінде қ дыбысы г дыбысымен қолданылатынын мына мысалдан аңғарамыз: түрк., katı; башқ., katı; қырғ., katū; өзб., kattık; тат., katı; түркм., gatı; ұйғ., kattik., қаз., қатты [43, 450-451 бб.]. Бұған қарағанда ескерткіште қатық қарлұқтар мен қыпшақтарға ортақ форма қолданылып, ол қазіргі өзбек, ұйғыр тілдерінде сақталынып қалған.

Сөздің соңғы позициясындағы ғ дыбысы түсіп қалған. Татлы. Тәтті. Шакардин татлы сөзли дилрубасын 305 (Шекерден сөзі тәтті сен жан – жүрексің). Біз зерттеп отырған ескерткіштің тұсында жазылған ХШ-да татлы, татлығ [46, 201 б.], Г ескерткіштерінде татлы [47, 102 б.], және көне түркі сөздігінде татлығ [48, 542 б.] тұлғасында ұшырасады. Бұған керісінше құбылыс ғ дыбысы ұлығ сөзінде ұшырасады. Улығ. Ұлы. Улығ таңриниң атын йад қылдым 1 (Ұлық тәңірінің атын жат қылдым). Қазақ тілінде ұлы тұлғасында қолданылады.

Мн-да чағ (шақ), улығ (ұлы) деген сөздерден басқа ғ дыбысына аяқталатын сөздер ұшырамайды. Яғни ескерткіште ғ дыбысы осы екі сөзде ғана сақталып қалған. Басқа сөздерде қазақ тіліндегідей түсіріліп айтылады.

Жазба ескерткіштің өз ішінде сөз ортасында г дыбысының түсіріліп те, түсірілмей де жұмсалғандығын байқаймыз: билүр (біліну), билгүр (біліну). Билгүр. Біліну. Йүзүңдин билгүрүр даулат нишаны 261 (Жүзіңнен білінер дәулет нышаны); Билүр. Біліну. Бу сөзда, хақ билүр, йалған жоқ, ей жан (Бұл сөзде хақ білер жалған жоқ, ей жаным).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет