Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет37/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

-ҚУ, -ГҮ жұрнағы. Бұл жұрнақ ескерткіште үш сөздің құрамында ғана кездесті. Ескерткіш тілінде осы жұрнақ арқылы жасалған зат есімдер мынадай грамматикалық мағыналарды білдіреді:

1 Объектіні білдіреді: күзгү (айна).

Йүзүңүзда көрүнү[р] күзгү тек нур 399 (Жүзіңізден көрінер айнадай нұр). ХШ ескерткішінде бұл сөздің көзгү [46, 116 б.] және күзгү [46, 120 б.] тұлғалары, ал «Түркіше-арабша сөздікте» күзүгү [53, 150 б.] формасында кездеседі. Қай формада болмасын түбірі көз сөзі. Көз түбірлі сөз қазақ тілінде де бар.

2 Абстракт (дерексіз) ұғымды білдіретін зат есім жасайды: менгү (мәңгілік).

Айағың ким ки өпса менгү йашар 222 (Аяғыңды кім өпсе, мәңгі жасайды).

Ал егү (жақсы) заттанған сын есім мағынасында жұмсалған. Жеханны егү атың тутты мутлақ 179 (Жаһанға игі атың кетті тарап).

Махмуд Қашқари осы жұрнақтың жасалуын былай түсіндіреді: «Мезгіл есімдері, мекен есімдері және құрал атын білдіретін есімдер жуан қ дыбысына аяқталатын түбірге -ғу қосымшасын, жіңішке к дыбысына аяқталатын түбірге -гү қосымшасын қосу арқылы жасалады. Бұл ереже чығыл, яғма, тухси, арғу, ұйғыр, және чынға қарай орналасқан барлық тайпа тілдеріне тән» [33, 118 б.].

3 Қимылдың, процестің атын білдірген.

Ескерткіште -қу формасымен келетін бір-ақ уйқу сөзі кездесті. Ағыр уйқучы бахтим неча йатқай 277 (Бақытым қашанға дейін қалың ұйқыда жата береді). Орхон-енесей ескерткішінде у «ұйқы» дегенді білдірген болса, МҚ сөздігінде у – ұйқы, усыз – ұйқысыз мағынасында жұмсалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет