Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Байық. Айқын, анық. Bajïq söz ДТС 79 (Анық сөз). Қылур өз жаныға қасд өзи байық Мн 351 (Бишара өз жанына қылар өзі қастық). Дагүл



бет62/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Байық. Айқын, анық. Bajïq söz ДТС 79 (Анық сөз). Қылур өз жаныға қасд өзи байық Мн 351 (Бишара өз жанына қылар өзі қастық).

Дагүл. Емес. Висалиң қадрини билмас дагүлмин Мн 532 (Кездесу қадірін білмейтін топас емеспін). Қазіргі қазақ тілінде мүлдем қолданылмайды. Бұл қазіргі оғыз тілдерінде ұшырасады.

Йаңлығ. Сияқты. Кирар разм ичра тойға кирү йаңлық Мн 131 (Ұрысқа кіргенде тойға кіргендей кіреді). Е. ұйғ. МК, ҚБ осындай; қазіргі ұйғыр тілінде қытай тіліндегі толық формасында: йаңза түрінде кездеседі; ХШ-да осы сөздің түбіріне ұйғырдың -лығ жұрнағы жалғанған.

Бекин. Сияқты. Йаратты ай бикин зеба сени хақ Мн 515 (Айдай сұлу етіп жаратты сені хақ). Бұл сөз «Гүлстан бит-түрки» ескерткішінде осындай формада кездеседі. Тарихи ескерткіштерде ұшыраспайды.

Сан-. Ойлау, есептеу. Е.ұйғ., ен-орх. ҚБ, МК осындай; сана- түрік тілінде құрметтеу; санаалтай тілдерінде ойлау; ескерткіштегі сақын- деген сөз осы сөзбен түбірлес; сан- қазіргі түрік тілінде осы мағынада қолданылады.

Қамуғ. Барлық. Qamuγ tašlarïŋ kentü kentü ẹrdami bẹlgüsi bar ДТС 416 (Барлық тастардың белгісі бар). Қамуғын Сыр йақасында битидим Мн 616 (Барлығын Сыр жағасында жаздым). Е. ұйғ. МК, ҚБ осындай; е. ұйғ. әрі қос сөз: қамығ-барча.

Киш. Бұлғын. Kiš quδruqï ДТС 310 (Бұлғынның құйрығы). Сақақыңны йақаң киши өпар бас Мн 456 (Сағағыңды жағаңның ұшы ғана өбеді). Бұл сөз қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын-жырауларының тілінде кездеседі.

Йашын. Найзағай. Jašïn atïp jaśnadï ДТС 246 (Найзағай жарқылдады). Нечүк ким күйса хирманлар йашындин Мн 358 (Жай оғынан өртенген қырмандардай). Бұл сөз басқа түркі тілдерде мынадай фонетикалық өзгерістермен сақталған: башқ. йәшен; құм. яшмын; тат. яшен; өзб. яшин; қарм. йас, йашын; ноғ. ясын; құм. яшмын; қаз. жасыл.

Күзгү. Айна. Aχïlïq erür bil buχul közgüsi ДТС 321 (Жомарттық білсең айнадай болар). Йүзүңүзда көрүнү[р] күзгү тек нур Мн 399 (Жүзіңізден көрінер айнадай нұр). Бұл сөз екі қосындыдан тұрады: күз+гү. Көне -ғу, қазақ тілінде -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарына айналған. Бірақ бұл жұрнақтар қазақ тілінде көз сөзіне жалғанбайды. Көз Мн тілінде де, қазір де – көру мүшесі. Көне -гү жұрнағы қосылғанда «айна» туынды мағына пайда болған. Бұл мағына қазақ тілінде қолданылмайды. Яғни формасы мен мағына жағынан архаизмге айналып тұр. Ескерткіште қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген айна сөзінің парсы тілінен енген айина варианты да кездеседі. Ескерткіштегі күзгү варианты мына қазіргі түркі тілдерінде: башқ., közgö; қырғ., küzgü; тат., közgi; ал айина формасы қазіргі түрк., ayna; әзірб., ayna, güzgü; түркм., āyna; ұйғ., äynäk; өзбек тілінде áynä, közgü варианттары да әлі күнге дейін қолданылады [43, 38-39 бб.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет