Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


«МУХАББАТ-НАМЕ» ЕСКЕРТКІШІ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет65/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

2 «МУХАББАТ-НАМЕ» ЕСКЕРТКІШІ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 «Мухаббат-наме» сөздік құрамының лексикалық-тақырыптық топтары

«Мухаббат-наме» лексикасының генетикалық қабаты түркі, парсы, араб сөздерінен тұрады. Соның ішінде түркі қабаты өте күрделі. Араб, парсы элементтеріне қарағанда түркі сөздерінің қайталанып отыруы әлдеқайда жиірек екені анықталды.

Орта ғасырларда түркі халықтарының тіліне араб және парсы тілдері де белгілі дәрежеде ықпалдарын тигізген. Оның үстіне орта ғасырда араб тілінің үстемдік алған кезі. Сондықтан аталмыш ескерткіште араб-парсы сөзінің енуі мүмкін еді. Жазба ескерткіштердегі кірме сөздердің оларға енуінің негізгі лингвистикалық себептері мен экстралингвистикалық факторлары ретінде діни ұғымдар, ғылым мен мәдениетке, экономикаға байланысты терминдерді атауға болады. Ескерткіштегі адам, ажал, айна, ақшам, аман, арай, атлас, ғалам, ақыл, ғашық, бақыт, гүл, дәулет, дәурен, дәуір, дария, дидар, дұға, жахан, заман, зат, зындан, иман, кітап, құдырет, құрбан, құбыла, қиямет, мәжіліс, мехнат, надан, нышан, сабыр, сурет т.б. сөздер төл тілімізге сіңіп, қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне икемделген. Бұлардың басым көпшілігі қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасына еніп тұрақталған. Біз зерттеп отырған ескерткіштің түркі бөлігін ғана кешенді түрде қарастырамыз.

Көрнекті ғалым Р. Сыздық көне, ескі кезеңдердегі түркі ескерткіштерінің лексикалық құрамын зерттеуде объекті етіп алынған материалды мынадай қырларынан түп-тегіне қарай ажырату, қазіргі қазақ тілі үшін көне болып танылатын сөздерді көрсету, барлық сөздерді тақырыптық топтарға бөліп қарастыру, лексикалық бірліктердің ескерткіш тілінде қолданылған мағыналық ерекшеліктерін айқындау сияқты талдауларды ұсынады [66, 67 б.]. Біз «Мухаббат-наме» ескерткішінің лексикалық қазынасын зерделеу барысында жоғарыдағы пікірді басшылыққа алдық.

Түркі тілінде жазылған ескерткіштің лексикалық байлығын біз жоғарыда түп-тегіне қарай түркілік, арабтық, парсылық деп ажыратып, қазақ тілі үшін көне болып танылған сөздерді бөліп көрсеткен болатынбыз. Төменде ескерткіш тіліндегі сөздердің түркілік қабатын тақырыптық топтарға бөліп қарастыру арқылы жеке сөздердің қолданылу ерекшеліктері анықталды.

Баба тілінің сөздік қорын зерделеу арқылы олардың күнделікті тұрмысынан, ұстанған ділі мен тілінен, тіршілік ету үшін пайдаланған тұрмыстық заттарынан қандай да бір тілдік бірліктерді қолданылғанын білуге болады. «Когда говорят, что язык представляет собою кладовую истории народа – его носителя, прежде всего имеется в виду лексика, которая непосредственно реагаирует на все изменения в жизни народа. Ни фонетика, ни грамматика языка не может показать нам условия жизни народа так полно, как лексика» [67, 12 б.].

Академик Ә. Қайдардың «Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. Оның шын мәнісіндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін» [68, 34 б.] деген тұжырымының көне дәуір, орта ғасыр жазба ескерткіштері тілін зерттеуде маңызы зор.

Біздің дәуірімізге дейін келіп жеткен жазба ескерткіштер мынадай тақырыптық топтарға бөлініп талданды. А.К. Құрышжанов «Исследование по лексике тюркско-арабского словаря» атты еңбегінде түркіше-арабша сөздіктің лексикасын діни ұғым-түсінікке байланысты атаулар, аспан денелері мен құбылыстарының атаулары, қоршаған орта заттары мен географиялық атаулар, құрылыс нысандарының атаулары, үй жабдықтарының атаулары, жеміс ағаштарының атаулары, бақша өсімдіктерінің атаулары, құс үй жануарларының атаулары, бауырымен жорғалаушылар мен жәндіктердің атаулары, қару-жарақ атаулары, тағам атаулары, киім атаулары, мата атаулары, малшаруашылығы мен ауылшаруашылығына байланысты атаулар, малдардың түстерінің атаулары, әйелдерге арналған заттардың атаулары, адам және оның қызметіне байланысты атаулар, сан-мөлшер атаулары, адамның жас ерекшелігіне байланысты атаулар т.б. деп топ-топқа бөліп қарастырады [53, 51-61 бб.].

Сөздерді тақырыптық топтарға бөліп қарастырғанда сөздердің арасындағы семантикалық байланыстың әр қилы болатынын Э.В. Кузнецова былай көрсетеді: «Единство элементов тематических групп определяется прежде всего денотативным фактором, общностью самих явлений. Семантические связи между словами в рамках таких групп довольно разнообразны: часть и целое (щека-лицо), функциональные связи предметов (поезд - рельсы), а также родо-видовые отношения (скот - корова)» [69, 71 б.].

Көне, орта ғасырда жазылған түркі ескерткіштерінің лексикалық құрамын зерттеуге қойылатын талаптарға сәйкес түп-тегіне қарай ажырату, мысалы, түркілік, арабтық, парсылық деп, осы кезең үшін көне болып саналатын сөздерді көрсетуге байланысты зерттеу жұмыстары жоғарыда аталған біздің еңбегімізде көрсетілді [25]. Ал төменде Мн тілінің лексикасын талдау үшін ескерткіштің түркілік қабатындағы бүкіл сөздер тақырыптық топтарға бөлініп қарастырылды.

«Мухаббат-наме» – лирикалық поэма. Ескерткіштің басты тақырыбы – ғашықтық, сүйіспеншілік. Ғашық жігіттің сүйген қызына жазған 11 хаты дастанның жазылуына негіз болған. Сол себепті жазба ескерткіштің бойынан өмірдің барлық салаларына қатысты сөздер қамтылған деп айта алмаймыз. Дегенмен де жәдігер лексикасында өмірдің барлық салаларына қатысты сөз қоры қаншалықты қамтылған деген сұраққа мұрағат лексикасын топ-топқа бөліп салыстырып сөздік қорының жалпы мөлшерін анықтауға тырыстық.

Ескерткіште кездесетін түркі сөздерінің лексика-тақырыптық топтары мынадай:

1 Адамның дене мүшелеріне байланысты атаулар: баш (бас), ерин (ерін), ең (бет, өң), бағр (бауыр), айақ (аяқ), адақ (аяқ), тиш (тіс), көз (көз), йүз (жүз), бойун (мойын), ағыз (ауыз), бел (бел), бой (бой), сақақ (иек), сач (шаш), қаш (қас), йаңақ (бет), ичим-бағрым (іші-баурым), кирпүк (кірпік), йүрак (жүрек), дудағ (ерін), ел (қол), елгин (қол), мең (мең), қол (қол), тил (тіл), қарақ (қарақ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет