Тест спецификациясы



бет2/4
Дата17.07.2023
өлшемі36,89 Kb.
#104460
1   2   3   4
Байланысты:
Farmatsevtikaly -khimiya-zh ne-farmakognoziya

Тапсырмалар саны:

20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Фармацевтикалық химия тапсырмаларына жалпы химия заңдары және дәрілік заттардың талдау әдістерін, химиялық құрамы мен фармакологиялық әсері арасындағы өзара байланысын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрамын, алу жолдарын зерттеу кіреді.
Бағдарлама сұрақтарына дәрілік заттардың сапасын реттейтін жалпы фармакопеялық талдау мен зерттеу әдістері, стандарттау, сонымен қатар физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді қолдану кіреді.
Фармакогнозия – дәрілік өсімдіктерді, дәрілік өсімдік шикізаттарын және өсімдік пен жануар тектес бастапқы қайта өңдеудің кейбір өнімдерін зерттейтін фармацевтикалық ғылым.
Фармацевтің фармакогностикалық дайындығына практикалық Фармацияның өспелі талаптарын ескере отырып, Бағдарламада таяу және алыс шет елдердің фармакопея талаптарына сәйкес дәрілік өсімдіктердің табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану негізінде дәрілік шикізатты дайындауға, талдауға және стандарттауға байланысты мәселелер шеңбері кеңейтілді.


5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тапсырмалар саны:
Жалпы саны – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет