14. Кәсіпорынның несиені өтеу қаблеттілігін талдаудың мақсаты: а) кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігін анықтау;
в) еңбек өнімділігін арттыру резервтерін айқындау;
с) қарыз алушыға сапалы баға беру;
д) кәсіпорын жұмысында жетіспеушіліктерді ашу және болашақта ұсыныс
беру;
е) кәсіполрынның қаржылық стратегиясын құрастыру.
15. Кезең шығындары өздеріне не қосады? а) өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы, сақтандыруға аударымдар,
болашақ кезең шығындар;
в) өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы, әлеуметтік сақтандыруға
аударымдар, материалдық шыындар;
с) жалпы және әкімшілік шығындар, өткізу шығындары, проценттер бойынша
шығындар;
д) іс-сапар шығындары, жабдықты қамтамасыз етуге және пайдалануға
шығындар, өндірістік өндірістік қорларды жалға алу төлемі;
е) өндірісті игеруге дайындық шығындары, өкілеттілік шығындар.
16. Ағымдағы активтердің рентабельділігі, табыстылығы қай қатынас арқылы анықталады? а) өнімді өткізуден түскен табыстың ағымдағы активтердің орташа шамасына;
в) негізгі қызметтен түскен табыстың ағымдағы активтердің орташа шамасына;
с) маржиналдық табыстың ағымдағы активтердің орташа шамасына;
д) таза табыстың агымдағы активтердің орташа шамасына;
е) жалпы табыстың ағымдағы активтердің орташа шамасына.
17. Қаржылық салымдардың табыстылығын қай көрсеткіштердің қатынасы анықтайды? а) өнімді өткізуден түскен табыс ұзақ мерзімді қаржылық салымдарға;
в) негізгі қызметтен түскен, табыс/ қысқа мерзімді инвестиция;
с) бағалы қағаздардан түскен табыс және біріккен кәсіпорынның іскерлік
қатысуынан түскен табыс ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық
салымдардың орташа жылдық құнына;
д) салық салуға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс /ұзақ мерзімді
қаржылық салымдарға;
е) таза табыс / қысқа мерзімді инвестиция.