Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет7/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
Типтер 
скалярлық 
арифметикалық 
нұсқауыштар 
бүтін 
жылжымалы 
құрама 
массивтер 
құрылымдар 
аралас 


14 
С/С++ тілінде char типті шамалар программада символ түрінде де, бүтін 
сан ретінде де қарастырылады. Барлығы контекстке, яғни осы шаманың 
пайдалану тәсіліне байланысты. char типті шама символ түрінде түсіндірілсе, 
оның сандық мәні ретінде ASCII-коды алынады. Мысалы: 
 
char
a = 65 ; 
printf("%c",a); /*экранда А символы пайда болады */
printf("%d",a); /* экранда 65 саны пайда болады*/ 
"%c" өрнегі символдық мәліметтерді, ал "%d" – бүтін сандарды
енгізу/шығару форматының спецификациялары болып табылады.
Си тілінің тағы да бір ерекшелігі: базалық типтер арасында логикалық 
типті мәліметтердің болмауы. Дегенмен, Си тілінде логикалық операциялар 
мен логикалық өрнектер қолданылады. С/С++ тілінде логикалық шама 
ретінде бүтін сандар қарастырылады. Олардың мәндерінің логикалық 
шамаларға ауысуы «нольге тең – жалған, нольге тең емес – ақиқат» ережесі 
бойынша жүзеге асырылады. С++ тілінің соңғы версияларында bool атты 
жеке логикалық тип қосылған. Оны мәліметтердің бүтін типіне жатқызады.
 
2.3 Айнымалылар 
Си тіліндегі айнымалы деп белгілі бір типті мәліметтер сақталатын 
жадының аймағын атаймыз. Айнымалының аты және мәні (сол аймақта 
сақталып тұрған шама) болады. Айнымалының аты оның мәні сақталатын 
жады аймағына жүгіну үшін қажет. Айнымалылар латын алфавитінің кез 
келген әрпімен, не латын әрпімен басталған әріптер мен цифрлар арқылы 
белгіленуі мүмкін. Мұндай белгілемені айнымалы атауы, немесе 
идентификатор
деп атайды. Айнымалының жәй және индекстелген түрі бар.
Әрбір ақпарат бірлігі белгілі адресі бар компьютердің жадысының 
ұяшығында сақталады. Тәжірибе жүзінде программаның жұмыс істеуі 
барысында жадының қандай ұяшығында оның мәліметтері жазылатыны 
көрсетіледі. Сондықтан да программалау тілдерінде айнымалы ұғымы 
енгізілген.
Кез келген айнымалыны қолданар алдында сипаттау қажет. 
Идентификатор көмегімен жадыға қарым-қатынас жасалынады. Мысалы: А1, 
Alma, H9 деп айнымылыларды атауға болады. Бұл айнымалының аты 
шынайы адресті және типіне байланысты сақтау әдістерін көрсетеді. 
Программаның 
орындалуы 
барысында, 
сәйкесінше, 
ұяшықтардағы 
мәліметтерді айнымалының аты арқылы қатынас жасап өзгертуге болады. 
Айнымалының атын айнымалының атқаратын қызметіне қарай 
белгілеген жөн – бұл программны құрғанда және оқығанда түсінуге ыңғайлы 
болады. Аты мен мәнінен басқа айнымалының типі болады, бұл берілген 
айнымалыда қандай ақпарат сақталатынын көрсетеді. Айнымалының 


15 
мәндерін сақтауға арналған жады көлемі белгілі бір аралыққа сиюы қажет. 
Мысалы, «байт» типінің мәні компьютердің жадында 0-ден 255-ке дейінгі 
диапазонды алады.
С/С++ программаларында айнымалыларды сипаттау төмендегідей 
болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет