Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет9/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79
2.4 Тұрақтылар
 
Программаны орындау барысында мәні программа мәтінінде 
көрсетілген қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп атайды. Ол бүтін, 
нақты, символдық және жолдық тұрақтылар болып бөлінеді. Олар келесі 
ереже бойынша жазылады: 

Нақты тұрақтыларды кәдімгі формада бүтін мен бөлшек бөлігін нүкте 
арқылы (0.53) немесе экспоненциалды формада (0.5Е1, -0.123Е+4, 
985Е-5) жазуға болады; 

Бүтін тұрақтыны ондық бүтін сандар (-27) немесе сегіздік (01, 020), он 
алтылық санау жүйелерінде (0хА, 0х1В8) жазуға болады; 

Символдық тұрақтылар «бір тырнақшаға» - апострофқа алынады ('10', 
‘A’, ‘\t’); 

Жолдық тұрақты кез келген символдар тізбегінен тұрады, тырнақшаға 
алынады («Shar»).
Тұрақтыларды төмендегі тәсілдердің біреуімен анықтауға болады


өрнектің ішінде жазу; 

const 
кілттік сөзінің көмегімен, мысалы, 
const 
B = 10. Бұл кезде 
өрнекте 10 тұрақтының орнына В идентификаторын көрсетіледі. Бұл 
тәсілдің артықшылығы, егер бір тұрақты программада бірнеше 
кездессе, онда оның мәнін жариялағанда, бір рет көрсету жеткілікті; 

#define 
препроцессорының директивасының көмегімен, мысалы, 
#define 
В 10;
 
Директива әрбір пайда болған В символын 10-ға 
ауыстырады.
 
 
Саналатын типті тұрақтылар бүтін санды тұрақтылар тізбегін 
анықтауға мүмкіндік береді. Саналатын типті сипаттау 
enum 
қызметші 
сөзінен басталады, ал келесі тұрақтылар тізімі фигуралық жақшаға алынады. 
Мысалы:
enum
{А, B, C, D}; 
Нәтижесінде А атына 0 тұрақтысы, B атына – 1 тұрақтысы, C – 2, D – 3 
сәйкес қойылады. Үнсіздік бойынша бірінші орында тұрған тұрақты мәні 
нольге тең болады. 
Кез келген тұрақтылар тізбегі үшін оның алғашқысының мәнін 
көрсетуге болады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет