Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет3/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
 
 



 
1. Программалу тілдеріне қысқаша шолу
 
Құрылымдық программалау – бұл белгілі бір ережелерді ұстанып, өңдеу 
уақытын және қателерді азайтуға, сонымен қатар программаларды 
түрлендіруді жеңілдетуге мүмкіндік беретін программаларды жасау 
технологиясы.
Есептеуіш машинада орындауға жарамды түрде алгоритмді көрсетудің 
құралдар мен ережелер жиынтығы программалау тілдері деп, ал осы тілде 
жазылған алгоритм программа деп аталады.
Алдымен әрқашан іс-әрекеттер алгоритмдері өңделеді, содан соң ол 
программалау тілдерінің бірінде жазылады. Программа мәтіні арнайы 
қызметші программалар – трансляторлармен өңделеді.
Тіл деп кез келген белгілер жүйесін айтамыз (белгі – бұл ақпаратты 
тасымалдау үшін арналған объект). Тілдермен қатар трансляция мәселесі 
пайда болды, яғни бір тілден екіншісіне ауысу. Компьютердің машиналық 
тілі адамға түсініксіз болғандықтан, оларды басқару қиынға соқты. 
Программалаушылар өз жұмысын жеңілдету мақсатында символдық аттарды 
машиналық кодтарға ауыстыратын программаларды жасады.
Программалау тілдері – бұл жасанды тілдер. Кәдімгі тілдерден 
айырмашылығы трансляторға түсінікті болатын шектелген сөздері мен 
командалары қатаң ережелермен жазылады. Мұндай талаптар жиынтығы 
программалау тілдерінің синтаксисін, ал әрбір командалар мен тілдің басқа 
конструкцияларының мағынасы – оның семантикасын құрайды. Егер 
программаның жазылу формасы өзгеретін болса, онда транслятор оператор 
қызметін түсінбей, синтаксистік қате деп хабар береді. Ал егер дұрыс 
жазылған, бірақ алгоритмге сәйкес емес командалар қолданылса, онда 
семантикалық қатеге келтіріледі. Программадағы қателерді іздеу процесі 
тестілеу деп, ал қателерді жөндеу процесі – бағдарламаны дұрыстау деп 
аталады.
Әртүрлі типті процессорлардың әртүрлі командалар жиыны бар. Егер 
программалау тілдері белгілі бір процессорге бағытталған болып, оның 
ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол 
төменгі деңгейдегі программалау 
тілдері
деп аталады. Мұндай тілдер берілген Компьютерлер класының 
құрылымын көрсетеді және машиналық-бағытталған тіл деп аталады. 
Компьютерге түсінікті командалар жүйесін пайдалана отырып, кез келген 
алгоритмді сипаттауға болады. Бірақ күрделі есептер үшін мұндай жазбалар 
қолайсыз болар еді, бұл тілдегі программа нольдер мен бірлер тізбегінен 
тұрады, сондықтан бұл тіл адамның пайдалануына бейімделмеген.
Төменгі деңгейлі программалау тілдерінің маңызды ерекшелігі оның 
белгілі бір аппаратура типіне қатаң бағыттылығы. Төменгі деңгейлі 
программалау тілін адамға бейімдеу үшін символдық кодтау тілі өңделді. 
Оған ассемблер тілі жатады. Осындай тілде жазылған программалар адамға 
түсінікті болады, себебі осы тіл операторлары – сол командалар, бірақ 



олардың мнемоникалық атаулары бар, ал операндтар ретінде жедел 
жадыдағы нақты адрестері емес олардық символдық аттары қолданылады.
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері адамға түсініктірек болады. Бұл 
тілдердің ерекшелігі компьютерлердің командалар жүйесіне емес, 
алгоримдердің белгілі бір класына тән операторларды жазу болып табылады. 
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдеріне: Fortran (Фортран), Cobol (Кобол), 
Algol (Алгол), Pascal (Паскаль), Basic (Бейсик), C (Си), C++ (Си++) жатады.
Фортран - 20 ғасырдың 50-ші жылдарында жасалған бірінші 
компиляцияланатын тіл. Мұнда программалаудың бірқатар маңызды 
түсініктері жүзеге асырылды. Бұл тіл үшін статистикалық кешендерден 
бастап, спутниктерді басқарумен аяқталатын құрылған орасан зор 
кітапханалар саны жасалған, сондықтан ол көптеген мекемелерде 
қолданылды. 
Кобол – 60-шы жылдардың басында өңделген экономикалық есептерлер 
мен бизнес-есептерді шығару үшін компиляцияланатын тіл. Кобол тілінде 
сыртқы тасымалдауыштарда сақталатын, үлкен көлемді мәліметтермен 
жұмыс істейтін қуатты құралдар болған. 
Паскаль – программалауды арнайы оқыту үшін 70-ші жылдың соңында 
швейцар математигі Никлаус Вирт ойлап тапқан. Ол алгоритмдік ойлауға 
тәрбиелеу, 
қысқаша 
және 
жақсы 
оқылатын 
программа 
құруға, 
алгоритмдеудің негізгі тәсілдерін көрсетуге, сондай-ақ ірі жобаларды іске 
асыруға мүмкіндік береді.
Бейсик – программалауды оқыту үшін 60-шы жылдарды жасалды. Оның 
компиляторлары мен интерпретаторлары бар, ол танымал программалау 
тілдердің бірі.
Си программалау тілі – бұл оператор жиынына бай және өрнектерді 
ықшамды әдіспен жазуға мүмкіндік беретін әмбебап тіл. Өзінің 
икемділігімен, мәнерлілігімен және ықшамдылығымен Си программалау тілі 
кәсіби программалаушылар арасында кең тараған. Сонымен қатар жүйелі 
және қолданбалы программаларды өңдеуде қолданылады. 
Си программалау тіліне ассемблер деңгейіндегі программалау 
құралдары енгізілген. Операторлардың үлкен жиынтығы ықшамды, әрі 
тиімді программаларды жазуға мүмкіндік береді. 
С ("Си" деп оқылады) тілі 70-ші жылдардың басында Bell Labs–тың Кен 
Томпсон және Дэннис Ритчи UNDC операциялық жүйесін өңдегенде пайда 
болды. Алдымен олар С компиляторының бір бөлігін жасады, содан кейін 
оны С компиляторының қалған бөлігін компиляциялау үшін пайдаланды, 
сонымен нәтижесінде UNIX-ті компиляциялау үшін компиляторды 
пайдаланды. UNIX операциялық жүйесі алғашқыда С тілінің бастапқы 
кодтарында университеттер мен зертханаларда таралды. 



Сурет 1. Программалау тілдерінің классификациясы 
Бастапқы кодтың таралуы UNIX операциялық жүйесін айырықша етті, 
программалаушы операциялық жүйені өзгерте алды, ал бастапқы код бір 
аппараттық платформадан екіншісіне ауыстырылуы мүмкін еді. Бүгінгі 
таңда POSIX стандарты С тіліне қолжетімді UNIX жүйелік шақырулардың 
стандартты жиынтығын анықтайды. Олар POSIX-пен үйлесімді болатын, 
UNIX версияларында жүзеге асырылуы тиіс. С тілі UNIX-ті жасау процесінде 
Томсон мен Ритчидің үшінші өңдеген тілі болатын, алғашқылары А және В 
болды. Жоғары деңгейлі программалау тілдерінен оның ерекшелігі жады 
адрестерімен нұсқауыштар мен сілтемелер көмегімен тікелей жұмыс істей 
алды. С тілін аппараттық жасақтамаға тікелей қатынас қабілеттілігін 
сақтағандықтан, орта деңгейлі немесе «ассемблердің мобильді тіліне» 
жатқызады.
Программалау тілдерінің көмегімен бұрынырақ құрылған алгоритмді 
сипаттайтын мәтін жасалады. Жұмыс істейтін программаны алу үшін осы 
мәтінді процессордың командалар тізбегіне аудару қажет, бұл трансляторлар 
деп аталатын арнайы программа көмегімен орындалады. Трансляторлар екі 
түрлі болады: компиляторлар және интерпретаторлар. Компилятор бастапқы 
модуль мәтінін машиналық кодқа аударады, ол бір үздіксіз процестің 
объектілі модулі деп аталады. Алдымен ол программаның бастапқы мәтінін 
синтаксистік қателерді іздеу үшін қарастырады. Ал интерпретатор 
программаның бастапқы модулін оператордан кейін оператор режимінде, 
яғни әрбір операторды машиналық тілге аудару режимінде қарастырады.
оператор 
Шамалар
Қарапайым 
аты және 
иденти 
фикаторы 
Айнымалылар 
Тұрақты 
Құрылымды 
Жоғарғы деңгейдегі 
тілдер 
Си 
Пролог 
Паскаль 
Бейсик 
Программалау 
әдістері 
Программалау 
тілдері 
Программалау тілдері 
Грамматика
Даму тарихы
Төменгі
деңгейдегі
тілдер 
Объектілі 
бағдарланған 
программалау 
Метатілдер 



Интерпретаторлар тез жүзеге асырады, яғни программа орындалғанда 
өзінің мәтінін өзгертеді, ал бірақ компиляторлар тиімді программаны береді. 
Интерпретаторлар транслятор қарапайымдылығы қажет болған кезде 
қолданылады, ал компиляторлар күрделі немесе мүмкін емес жағдайда 
қолданылады.
Қазіргі кезде Си тілінде әртүрлі компьютерлер үшін арналған 
программалаудың көп жүйелері бар. Си тіліндегі программалар ешқандай 
өзгеріссіз тасымалданады, трансляцияланады және әртүрлі типтегі 
машиналарда орындалады. Си тілі компиляцияланатын тіл. Ондағы 
программа мәтіні, мәтіндік редактор көмегімен дайындалған, объектілі 
модульді алу үшін компилятормен өңделеді, мұнда компиляция екі рет 
орындалады. 
1)
Бірінші рет # белгісінен басталатын директива - жолдар өңделеді. 
2)
Программа мәтіні трансляцияланады және объектілі (машиналық) код 
жасалады. Жүктелетін модуль алу үшін объектілі модульдің сыртқы 
байланыстарын өңдеу қажет – оған сәйкесінше кітапханалық 
модульдерді қосу керек. 
Java – Си++ негізінде 90-шы жылдардың басында Sun компаниясымен 
өңделген тіл. Ол СИ++ тілінде қосымшаларды өңдеуді одан төменгі деңгейлі 
мүмкіндіктерді алып тастау арқылы жеңілдетуге міндеттелген. Тілдің басты 
ерекшелігі – ол машиналық кодқа емес, платформалық-тәуелсіз байт-кодқа 
компиляцияланады (әрбір команда бір байт орын алады). Бұл код 
интерпретатор - виртуальды Java-машина (JVM) көмегімен орындала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет