Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері


void *memset(const void *str, int c, size_t n)



Pdf көрінісі
бет63/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
Байланысты:
С,С тілінде программалау негіздері

void *memset(const void *str, int c, size_t n)
функциясы с параметрімен 
берілген символды str жолының алғашқы n байтына көшіреді. 
Бақылау сұрақтары 
 
1. Нұсқаушыға анықтама бер. 
2. Айнымалы аты мен адресі арасындағы қатынасты түсіндіріңіз. 
3. Айнымалы адресін анық түрде қалай алуға болады? 
4. Адресі бойынша айнымалыға қатынас операциясы басқаша қалай аталады? 
5. Нұсқаушыларға жүргізілетін операцияларды атаңыз. 
6. Типтерге келтіру механизмін сипаттаңыз.
7. Си тіліндегі символдар массиві және жол 
8. Жолдарды енгізу және шығару. 
9. Жолдарды өңдеудің қарапайым алгоритмдерін көрсет.
10. Жолдарды өңдеудің кітапханалық функцияларын атаңдар. 
 
Өз бетінше орындауға жаттығулар 
 
1. Кейбір фамилиялардың тізімі берілген. Екі фамилияны ұқсас дейміз, егер 
олардың біреуі екіншісінен төмендегідей етіп алынса: 
-
екі көрші әріптерді алмастыру арқылы; 
-
қандай да бір әріпті басқасымен ауыстыру; 
-
қандай да бір әріпті фамилияның басына немесе соңына қосу арқылы; 
-
қандай да бір әріпті өшіру арқылы. 
2. Сараптамаға кейбір фамилия келіп түседі. Берілген фамилиялар тізімінен 
ұқсас фамилияларды таңдайтын және экранға шығаратын программа 
құрыңыз. 
3. N санын аңғал сан деп атаймыз, егер N: 
-
қарапайым сан; 
-
қарапайым санның цифрларын ауыстырудан алынған кез келген сан. 
Осындай сандарды [a; b] кесіндісінен анықтайтын және экранға шығаратын 
программа жазыңыз. 


94 
4. N қарапайым сандардан тұратын тізбектерді құру программасын жазыңыз. 
N=3 болсын, онда нәтижесі төмендегідей болады: 



5. Цифрлар қосындысы санды 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-ға көбейткенде өзгермейтін 
барлық екі орынды сандарды іздеу мен экрнаға шығаруды ұйымдастыратын
программат құрыңыз. 
6. Арифметикалық өрнек болып табылатын кейбір жол берілген. Мысалы, 
String=”12+4*56+(12*2+5)*13”. Осы өрнектің постфикстік жазылуын экранға 
шығаратын программа құрыңыз. 
Өрнектің постфикстік формасы – бұл арифметикалық іс-әрекеттерді 
тізбектей орындалуы. Екі санды көбейту үшін осы сандарды білу қажет, 
бұл жағдайда – 4 және 56. Содан соң алынған нәтижеге 12-ні қосу керек. Іс-
әрекеттер барлық жол бір нәтижеге айналғанша жалғасады. 
Келтірілген өрнек үшін жауабы мынадай: 
12 4 56 * 12 2 * 5 + 13 * + 
7. Постфиксты формада жазылған өрнек мәндерін есептейтін программа 
құрыңыз. 
8. Римдік сандарды араб сандарына ауыстыруды жүзеге асыратын программа 
құрыңыз. 
9. S жолы берілген. S ұзындығы 2000000 символдан аспауы тиіс. S жолында 
ең көп кездесетін символды, яғни бастапқы жолда ең көп кездесетінсимволды 
тауып, экранға шығаратын программа құрыңыз.
10. Х және У символдарының екі бос емес жолдары берілген. Айнымалылар 
кіші әріптермен белгіленеді. Айнымалылар тек Х жолында бола алады. 
Айнымалының мәні тек кіші әріптері жоқ бос емес символдар жолы бола 
алады. Айнымалыларды Х жолына қойғанда ол У жолымен сәйкес келетіндей 
мәндерін анықтайтын программа құрыңыз. Мысалы, егер бастапқы 
мәліметтер мынадай болса: 
X=”tGqtt” 
Y=”RIGPORYRIRI” 
онда нәтижесі: 
t=”RI”, q=”PORY” 
11. Сөйлемнің ішінде берілген әріптің қанша рет енетінін анықтау қажет. 
12. Сөйлемдегі сөздер санын анықтау қажет. Бір сөзден екінші сөз пробел 
арқылы бөлінеді. 
13. Енгізілген сөз сан болатынын анықтайтын программа құрыңыз. 
14. Екі сан енгізу қажет. Сандарды екі жолға алмастырып, оларды бір жолға 
біріктіріп, нәтижесін экранға шығару қажет. 
15. Берілген сөйлемдегі пробелді жоятын программа құрыңыз. 
16. Пробел арқылы бөлінген сөйлемдегі үш сөздің ең қысқасының 
ұзындығын табатын программа құрыңыз. 


95 
17. Сөздегі «у» әріпінің қаншауы жұп орында тұрғанын анықтайтын 
программа құрыңыз. 
18. Берілген сөзде барлық «О» әрпін пробелмен алмастыратын программа 
құрыңыз. 
19. Пробел арқылы білімгердің фамилиясын, атын және тегін бөліп жазыңыз. 
Оның фамилиясын және инициалын баспаға шығарыңыз. 
20. Х сөзінің үшінші әріпін өшіретін программа құрыңыз. 


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет